4. Қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына байланысты не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына байланысты зиян үшiн тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiне тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Сақтанушы қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына байланысты қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
Сақтандыру төлемi сақтанушының келісімi бойынша өзi аннуитет шартын жасасқан өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымына аударылуы мүмкiн.
5. Қызметкердiң қаза табуына немесе оның денсаулығының зақымдануына байланысты зиян үшiн сақтандыру төлемi нақты зиян мөлшерiнде, бiрақ жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.
6. Сақтандыру төлемiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.
20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда ұсынады.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркеледi:
1) сақтандыру полисiнiң көшiрмесi;
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және қызметкерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттар;
3) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
4) қызметкер қайтыс болған жағдайда, қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және пайда алушының зиянды өтету құқығын растайтын құжат;
5) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша тiкелей денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға төленуi мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының мынадай жағдайларда:
1) сақтанушының жауапкершiлiгi, оның қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасаған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал еткен қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталғанда;
2) сақтанушы сақтандыру жағдайынан келетiн залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаған кезде төленген сома шегiнде сақтанушыға керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалға жауапты тұлғаға сақтанушы қоя алатын керi талап құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға оның төленген сомалары шегiнде ауысады.
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi
Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
23-бап. Аннуитет шартын жасасу
1. Қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуы белгiленген не ол қайтыс болған жағдайда жұмыс берушi қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
2. Аннуитет шарты жұмыс берушiнiң өзi келтiрген зиянды өтеу жөніндегі жауапкершiлiгi туындаған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт куәландырудың негiздемесi болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты белгiлеудiң тәртібін уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша бекiтедi.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
25-бап. Дауларды шешу
Осы Заңды орындау бойынша жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
26-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттік статистикалық есептiлiгi
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттік статистикалық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес статистика мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
27-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаев
Астана қ., 2005 жылғы ақпанның 7-сі.
№ 30-III ҚРЗ