кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жылдық сақтандыру
сыйлықақыларына көлiк құралының тiркелген жерiне қарай аумақтық
коэффициенттердiң мынадай мөлшерлерi қолданылады (көлiк құралы Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша енген жағдайларды қоспағанда):
ет N | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Аумақтық коэффициенттің мөлшерi (жылдық сақтандыру сыйлықақысы. ның мөлшерiне қатысты) |
облыс орталығы, облыстық маңызы бар қала | өзге қалалар және елдi мекендер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары | 0,80 | 0,70 |
2 | Ақтөбе, Солтүстiк Қазақстан облыстары | 0,85 | 0,75 |
3 | Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары | 0,90 | 0,80 |
4 | Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары | 0,95 | 0,85 |
5 | Астана қаласы | 1,0 | |
6 | Алматы қаласы | 1,1 | |
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын он екi айдан аз мерзiмге жасасқан кезде көлiк құралының әр бiрлiгiне арналған сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерi белгiленедi:
Рет N | Сақтандыру мерзiмi | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебiмен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 5 күн | 10 |
2 | 6 күннен - 15 күнге дейiн, қоса алғанда | 15 |
3 | 16 күннен - 1 айға дейiн, қоса алғанда | 20 |
4 | 1 айдан - 2 айға дейiн, қоса алғанда | 30 |
5 | 2 айдан - 3 айға дейiн, қоса алғанда | 40 |
6 | 3 айдан - 4 айға дейiн, қоса алғанда | 50 |
7 | 4 айдан - 5 айға дейiн, қоса алғанда | 60 |
8 | 5 айдан - 6 айға дейiн, қоса алғанда | 70 |
9 | 6 айдан - 7 айға дейiн, қоса алғанда | 75 |
10 | 7 айдан - 8 айға дейiн, қоса алғанда | 80 |
11 | 8 айдан 9 айға дейiн, қоса алғанда | 85 |
12 | 9 айдан - 10 айға дейiн, қоса алғанда | 90 |
13 | 10 айдан - 11 айға дейiн, қоса алғанда | 95 |
14 | 11 айдан жоғары | 100 |
4. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлiк құралының бiр бiрлiгi үшiн төленедi, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисінде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерлерiнiң iшiнен неғұрлым көп көлемiне тең болып айқындалады.
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту және көбейту
1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
2. Сақтандырушы осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, егер сақтандыру полисiнде аталған көлiк құралының иесi осының алдындағы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi iшiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға әкеп соққан зиян келтiрсе, елу процентке дейiн көбейте алады.
Бұл тармақтың күшi осы баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған көлiк құралдарының иелерiне қолданылмайды.
3. Сақтандырушының осы бапта көзделгеннен өзге негiздер бойынша төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе көбейтуге құқығы жоқ.
21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі
1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және
сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлiктiң зақымдалуы кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiнгi есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып айқындалады.
Зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны ескерiле отырып айқындалады.
Егер қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса мүлiк жойылған деп есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
5. Мүлiк зақымдалған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы бағалайды.
Бағалаудың нәтижелерi сақтанушы (сақтандырылушы) немесе өзгеше дәлелдеуге құқылы жәбiрленушi үшiн мiндеттi болып табылмайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1 тармақпен толықтырылды
5-1. Сақтандырушы мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалайды не аталған бағалауды өз есебінен тәуелсіз сарапшыны қатыстыра отырып ұйымдастырады. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау үшін жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
Сақтанушының тәуелсіз сарапшыны қатыстыруы мүмкін болмаған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудан бас тартуға құқылы емес.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-2 тармақпен толықтырылды
5-2. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші тәуелсіз сарапшының қызметін дербес пайдалануға құқылы. Бұл ретте мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалатын шығыстарды сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің өзі көтереді. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бастамасы бойынша жүргізілген бағалауды сақтандырушы мойындаса және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу кезінде пайдаланатын болса, онда сақтандырушы осы шығыстарды көтерген тұлғаға сараптамаға жұмсалған шығындарды өтейді.
Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бастамасы бойынша жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сақтандырушы дербес бағалауды жүргізуге құқылы. Пайда алушы сақтандырушы жүргізген бағалаумен келіскен кезде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің бағалауды жүргізуге жұмсаған шығыстарын сақтандырушы өтемейді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Мүлкіне зиян келтiрiлген жәбiрленушi өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы мүлiктi көлiк оқиғасынан кейiнгi күйiнде сақтауға және сақтандырушыға немесе тәуелсiз сарапшыға зақымдалған мүлікті қарау және келтірілген зиянды бағалау үшін мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6-1 тармақпен толықтырылды
6-1. Сақтандырушы зақымдалған мүлікті қараған және жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалаған не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің бастамасы бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған осындай бағалаудың нәтижелерін алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сақтандыру актісін жасап, оны және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін береді.
7. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың ерекше шарттары
1. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiне сақтандырушы немесе оның өтiнiшi бойынша тәуелсiз сарапшы жасаған бағалаудың нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi зиянның мөлшерiн бағалау үшiн басқа тәуелсiз сарапшыға жүгiнуге құқылы. Бұл ретте, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi шеккен шығындар, егер жүргiзiлген бағалаудың негiзділігi мен объективтілігiн сақтандырушы мойындаса немесе сот белгiлейтiн болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң жүзеге асырылғанына қарамастан өтеуге тиiс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Егер сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің өтініші негізінде сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды алған және зақымдалған мүлік қарауға берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды бағаламаса, сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалануға және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауға құқылы.
24-бап. Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау
1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуына - 600,
мүгедектiктiң:
I тобы белгiленуiне - 500,
II тобы белгiленуiне - 400,
III тобы белгiленуiне - 300,
"мүгедек балаға" - 300;
мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 1,5 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 ) және3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 400-ден көп емес;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 400-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 1000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
Аталған шығыстарды сақтандырушы тiкелей шығыстарды шеккен адамға өтейдi.
5. Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушіні жерлеген адамға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған қажетті шығыстарды нақты шығындар мөлшерінде, бірақ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде өтейді.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге адам жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) сақтандыру полисi (оның дубликаты);
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
3) жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі);
5) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар, олар болған кезде;
6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) сақтанушының (сақтандырылушының) немесе көлiк құралын жүргiзушi адамның жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы көлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi , соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып анықтама беруге мiндеттi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ толықтырылды
4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.