“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 408 Қаулысы
(2007.02.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын;
3) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде:
реттік нөмiрi 50-жолда:
2-бағанда:
"О.И. Жұмабеков" деген сөздер "З.Я. Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;
3-бағанда "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |