2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
429-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар
орталық аппараттарының жас мамандары үшін жатақхана салу»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1783674 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен үш миллион алты жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің тұрмыс сапасын көтеру, олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарма қызметкерлерінің жұмысқа деген жігерін ынталандыратын жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметшілердің тұрмыс сапасын көтеру үшін инфрақұрылымды қалыптастыру жолымен өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар орталық аппараттарының жас мамандары үшін жатақхана салу | 1000 орындық жатақхана құрылысының бірінші сатысының бастамасы. (01.09.2005 жылғы № 2-604/05 Техникалық экономикалық негіздеме бойынша Мемлекеттік экспертиза қорытындысы). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1000 орындық жатақхана құрылысының басталуы. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын дайындалуы және басталуы (Барлығы - инвестициялық жоба бойынша жоспарланған барлық жұмыстардың 76,2 пайызға).
Түпкі нәтиже: 1000 орындық жатақхана құрылысының бірінші сатысының басталуы.
Уақтылығы: жобаны жүзеге асыру тиімділігі анализі нәтижелері бойынша.
Сапасы: құрылыс нормалары мен тәртіптеріне сәйкес.