3) заң әдебиетi, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиет тапсырысшысы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары
Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;
7) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
9) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
21-бап. Әдiлет органдарының санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әдiлет органдары санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз ету;
3) санаткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау және пайдалану мәселелерi жөніндегі халықаралық ынтымақтастық;
4) туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу;
5) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың қызметiн бақылау;
6) ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты қараңыз
7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi әдiстерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттік тiркеу куәлiктерiн беру;
8) туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
9) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз ету;
10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
11) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметiн бақылау;
12) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз ету;
13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22-бап. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы
тексерулерді ұйымдастыру тәртібi
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында тексерулер жүргізуді ұйымдастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңымен реттеледі.
3. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін әділет органдары алдын-ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы өтініштер және өзге де ақпараттар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуымен байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықты жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында әділет органдары жүргізетін тексеру;
рейдтік - зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірмезгілде бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қамтитын тексеру;
қарсы - тексерілетін субъектінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында әділет органдары жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру.
Осы Заңда белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
4. Тексерулер жүргізуге:
1) әділет органдарының уәкілетті лауазымды адамының құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс жоспары негіз болып табылады.
5. Уәкілетті лауазымды адам бұзушылықты тікелей оны жасау кезінде анықтаған және дәлелдемелерді бекіту үшін шұғыл іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға келесі жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізу;
5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;
6) қылмыстық жазаны атқару органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету;
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыру.
2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне соларда ұсталатын күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде азық-түлік өнімдерін, алғашқы қажеттілік заттарын, киім-кешек, аяқ киім, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрі-дәрмектер және қосымша емдік-профилактикалық көмек көрсету үшін медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзімді кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушылар үшін қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтер жатады.
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмияттарда мемлекеттік тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
11) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының заң актілерiмен берiлген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 24-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi:
1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгізу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкімінде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактілерін анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды
24-2-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін
кейіннен жариялау саласында мемлекеттік бақылауды
жүзеге асырудың түрлері мен тәртібi
1. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді жүргізудің тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
3. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін әділет органдары алдын-ала жоспарлаған тексеру;
жоспардан тыс - нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық туралы өтініштер және өзге де ақпараттар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуымен байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында әділет органдары жүргізетін тексеру.
4. Тексерілетін бір субъектіге қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен аспайтындай етіп жүргізілуі тиіс.
Әділет органдарының жоспарлы тексерулер жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарларын Әділет министрі бекітеді. Жоспарда тексеру жүргізу көзделіп отырған нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі және тексеру жүргізудің кезеңі қамтылуға тиіс.
5. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда әділет органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары
және олардың құқықтық жағдайы
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер;
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-2 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылдау
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, білім деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға орта білімi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдеріндегі оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен шарт жасалады, онда білім беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және ата басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгерiлуi мүмкiн.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi білім беру ұйымдарының тыңдаушыларын қоса алғанда, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы есебiнде тұрады.
5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына {мекемелерiне) қызметке алғаш қабылданған адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан және тағлымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз, бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздемелер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-3 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелеріндегі) қызметтiң шектi жасы
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әскери қызметте болу жасының шегiне дейiн қызметте бола алады. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
2. Қызметтi ұзарту қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-4 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелеріндегі) қызметтен босату
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi мына негіздемелер бойынша:
1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;