Алдағы кезеңде банкоматтардың өз тораптары және POS-терминалдар негізінде почталық төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету сияқты жаңа жоғары технологиялық қызметтерді жеделдетуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін бағалы қағаздар бойынша мәмілелер жасауды тіркеу пункттерін құру жолымен трансфер-агенттік қызмет көрсетуді дамытуға назар аударылатын болады.
"Электрондық үкімет" құру жөніндегі мемлекеттік жобаны іске асыру үшін осы заманғы телекоммуникациялық және Интернет-технологияларды енгізу жолымен Қоғамның өңірлік тораптарын жетілдіру жоспарланып отыр.
Белгіленген мақсаттар мен қойылған міндеттерді орындау еліміздің барлық аумағында халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілетін почта-жинақтау қызметіне еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті дамыған өңірлік инфрақұрылым жасауға мүмкіндік береді.
Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жақсарту және осы заманғы технологияларды енгізу почта-жинақтау қызметін жоғары сапалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді: облыстық ішкі бағыттар бойынша почта тасымалының жиілігі аптасына 5 ретке дейін, ішкі аудандық бағыттар бойынша - аптасына 3 ретке дейін, еліміздің бүкіл аумағында почталық ақша аударымдары бір күн ішінде жүзеге асырылатын болады.
Почта-жинақтау қызметін көрсету түрлерінің қатарында және ауыл мен қала арасындағы қызмет көрсету сапасының арасындағы алшақтықты қысқарту ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Почта бөлімдері арқылы қаржы қызметінің кеңейтілген түр-түрі ұсынылатын болады, смарт-карт технологиялары және терминалдар тораптары негізінде тиімді және өзін-өзі ақтайтын алдыңғы қатарлы өнімдер енгізілетін болады. Почта жинақтау жүйесінің дамуы арқасында қалада тәрізді ауылдық жерде тұратын адамдарға қаржылық қызмет көрсетулер қол жетімді болады.
«Электрондық үкіметтің» дамуы
Қазақстанның ақпараттық қоғам құруды қалыптастыру жолындағы жылдамырақ ілгерілеуі үшін, әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
«Электрондық үкіметтің» алдағы кезеңдегі негізгі мақсаты халық пен бизнестің мемлекеттік органдардың қызметіне жылдам және сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін "электрондық үкіметті" қалыптастыру және тиістілікті, оның ішінде халықтың ақпараттық қоғамға даярлық деңгейін арттыруға бағытталған пилоттық жобаларды қалыптастыру және енгізуді жеделдету жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады.
Интернеттің бүкілдүниежүзілік торабының қазақстан сегментінің контентін дамыту және халық үшін компьютерлік техниканың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
2007-2009 жылдары Интернет тарифтерін төмендету және PR науқандарын жүргізіп, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мектептер, ЖОО-лар, қоғамның қол жетімді пункттері жанында ИТ-оқуларын ұйымдастыру көзделіп отыр. Осыған байланысты «е-әкімдіктерді» құру жөнінде пилоттық жобалар іске асырылатын болады.
"Электрондық үкіметтің" табысты жұмыс істеуі мақсатында халықтың компьютерлік сауаттылығының әр түрлі деңгейімен және қазіргі инфокоммуникациялық технологияларға қолжетімділігі мүмкіндіктерінің теңсіздігімен сипатталатын Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша салалық бағдарлама қабылданатын болады. Осы бағдарламаның іс-шаралары Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейіне 20%-ға және Интернет пайдаланушылар 20% деңгейіне жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының өмірінде ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығының артуына бағдарланған.
§ 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Мемлекеттік саясаттың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы алдағы кезеңдегі негізгі мақсаты оның салаларының табыстылығын және өнімділігін арттыру негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту болып табылады.
Қойған мақсатқа қол жеткізу үшін 2005 жылы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңда агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) мен ауылдық аумақтардың басым дамуының құқықтық негіздері қаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, аграрлық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ауыл халқының өмір сүруінің стандартты сапасын арттыруға бағытталған негізгі ережелер, мемлекеттік реттеудің қағидаттары мен тетіктері белгіленді.
Қабылданған Агроөнеркәсіптік кешен орнықты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Іс-шаралар жоспары және 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі бағдарлама шеңберінде оны іске асыру жөнінде мынадай негізгі міндеттерді шешу көзделіп отыр:
агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру;
агроөнеркәсіптік кешеннің инфрақұрылымын дамыту;
агроөнеркәсіптік кешеннің ұлттық бәсекелі басымдықтарын дамыту;
агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Индустрияландыру АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңарту; егіс алқаптарының құрамында рентабелділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру, мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, инновациялық әзірлемелердің ғылыми қамтамасыз етілуін күшейту және нығайту, нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Орта мерзімді перспективада азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйені жасау, өнімнің сапасын бақылау және қауіпсіздік тәуекелін бағалау жүйесін жаңарту, қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуді жақсарту жүйесін жасау жоспарланып отыр.
Алдағы үш жылда тауарлардың өндірушіден тұтынушыға жылжуының арнайы жабдықталған даярлау-сатып алу кооперативтерінің тармақталған желісін жасау арқылы айқын жүйесі құрылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін және өнімнің сапасын арттыру, технологияны жетілдіру және жабдықтарды жаңарту орта мерзімді кезеңде кластерлік өзара қатынастардың дамуымен қамтамасыз етілетін болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдерін өндіруді және өткізу нарықтарын дамытудың теңгерімдігін қамтамасыз ету мақсатында 2007-2009 жылдары мыналар көзделіп отыр:
сатып алу және баға интервенциясын жүргізу;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымдары бар коммуналдық көтерме базарларын құру;
биржалық сауданы дамыту.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестік артықшылықтарын
дамыту
Республиканың аграрлық секторы бәсекелестік күресте табысты пайдаланылуы мүмкін бір қатар артықшылықтарға ие болып отыр.
Пайдалы жерлердің орасан зор ауданының, біліктілігі жоғары кадрлардың болуы, өнімнің экологиялық тазалығы, шикізат өндірісі орындарында қайта өңдеу қуаттарының шоғырлануы өндіріс көлемін арттыруға және салыстырмалы түрдегі өзіндік құны төмен өнім алу үшін экстенсивті факторларды және климаттық жағдайларды барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Осы артықшылықтарды іске асыру үшін шикізатты сапалы қайта өңдеу жүйесін тәртіпке келтіру, ел ішінде және транзиттік мемлекеттердің аумақтары бойынша өнімді тасымалдау үшін жеңілдік жағдай жасау, импортқа алушы елдерде жарнамалауды ұйымдастыру, тарифтік реттеу мен отандық өнімнің экспортын субсидиялау болжамдалып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестік артықшылықтарын одан әрі дамыту үшін мыналар қажет:
АӨК мемлекеттік қолдауын арттырудың бар резервтерін қажетті тауар-материалдық ресурстарды арзандату бағдарламаларына жіберу, агробизнестің ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту;
материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін кредиттеу кезінде пайыздық ставкаларды субсидиялау;
Қазақстанның азық-түліктің әлемдік нарықтарына отандық өнімді маңызды жеткізуші ретіндегі ұстанымдылығын тікелей қолдау шараларын бағыттау;
агроөнеркәсіптік кешен саласында техникалық реттеу саласында халықаралық талаптарға сәйкес нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және құру;
агроөнеркәсіптік кешеннің өніміне халықаралық стандарттардың талаптарына сай жаңаларын әзірлеу және қолданыстағы стандарттарды үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының ISO және HASSP (дағдарысты тәуекелдерді нүктелерін талдау) талаптарына сәйкес сапаның халықаралық стандарттарына жедел өтуі бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында ISO және HASSP халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізу;
ISO және HASSP базасында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау шығындарын субсидиялау;
халықаралық нормаларға сәйкес және ЖЗТ (жақсы зертханалық тәжірибе) мен HASSP қағидаттарын ескере отырып, АӨК-тің қайта өңдеу салаларына өнімдер мен мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу қауіпсіздігін бақылаудың технологиялық тізбегін енгізу;
ТМД-ның қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарын (мемлекеттік стандарттарды) және халықаралық баламалармен бірге сынақтардың әдістерін көкейкесті ету және үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарында сапаның осы заманғы жүйелерін енгізу жөніндегі техникалық регламенттер мен стандарттарды, ұсынымдар мен нұсқаулықтарды әзірлеуді қаржыландыру;
ауыл шаруашылығы шикізатын және оны терең қайта өңдеу өнімдерін экспорттаушы кәсіпорындардың салалық бірлестіктерін (қауымдастықтарын) құруға жәрдемдесу;
«Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және оның негізінде азық-түліктің жеке түрлеріне техникалық регламенттерді қабылдау.
Техникалық және технологиялық жаңғырту
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі мақсаты қолданыстағы машиналар паркінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу және жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамыту, оңтайлы мерзімдерде негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқаруды қамтамасыз ететін жабдық пен қосалқы бөлшектер арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыру деңгейінің артуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін сақтау мен қайта өңдеу болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру;
ішкі және сыртқы нарықтарда әлеуетті сұраныстың қажеттіліктері мен перспективаларын есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы өндірісі дамуының перспективалық бағыттарын айқындау;
машина жасау кәсіпорындары мүмкіндіктерінің мониторингі және ауыл шаруашылық машинасын жасау өніміне АӨК қажеттілігінің маркетингі;
олардың техникалық, технологиялық және өндірістік қуаты мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа ауыл шаруашылығы машинасы мен жабдығын игеру жөнінде ауыл шаруашылық машинасын жасау кәсіпорындарының іс-қимылын үйлестіру;
бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған инновациялық жобаларды қалыптастыру;
негізгі өндірістік қорларды жаңарту және жаңа технологияларды енгізу үшін инвестицияларды тарту, өндірісті әртараптандыру, өнімнің сапасын жақсарту;
ауыл шаруашылық техникасы лизингінің нарығын кеңейту және лизингтің әр түрлілігін арттыру;
сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын өндіріске енгізу;
ТМД және алыс шетелдердің кәсіпорындарымен отандық ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарының кооперациялық байланыстарын қалыптастыру;
машина жасау кәсіпорындарында сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
басты жобалық-конструкторлық бюроларды құру;
ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның қазіргі заманғы элементтерін дамыту - салааралық технологиялық парктерді құру;
республиканың негізгі топырақты-климаттық аймақтарында климатында машина-сынау станцияларын құру және олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
машина-трактор станцияларын дамыту (сервис-орталықтарды);
ауыл шаруашылығы машинасын жасау үшін жоғары, орта техникалық және кәсіптік білімі бар білікті кадрлар даярлау.
Ауыл кооперациясын және ірі фермерлік шаруашылықтарды
құру және дамыту
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді орта және ірі құрылымдарға біріктіруді ынталандыру болып табылады.
Осы бағытта мынадай іс-шаралар көзделіп отыр:
көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар май материалдарының, минералды тыңайытқыштардың және суару суын жеткізудің құнын субсидиялау;
арнайы технологиялық жабдықты (сауатын және тоңазытатын жабдық, азықтандыруға және жем-шөп беруге арналған жабдық), көлік құралдарын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын алғашқы қайта өңдейтін шағын цехтарды сатып алуға кредиттер беру арқылы ұсақ тауар өндірушілерді кооперативке біріктіруге ықпал ету;
құрама жемнің құнын субсидиялау, техникалық және технологиялық жарақтандыру үшін лизингтік бағдарламаға мал шаруашылығы саласын тарту.
Ауыл шаруашылығы өнімін жасау жүйесінде мыналар көзделеді:
ауыл шаруашылығының өнімін дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі, сондай-ақ арнайы техникамен, тоңазытқыш және арнайы жабдықпен жарақталған басқа да қызметтер көрсету жөніндегі кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру жолымен ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру;
өнімдісұрыптау және тауарлық партиялар құру тиімді жағдаймен, өнімді шығару және сату, маркетингтік ақпарат беру мәселелері бойынша кооператив мүшелеріне консультация беруді қамтамасыз ету;
коммерциялық емес негізде сату, сақтау және қайта өңдеудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілер мүддесін ортақтастыру;
мал сою, дайындау, мал шаруашылығы өнімін алғашқы қайта өңдеу және сақтау үшін арнайы жабдығы бар өндірістік базалар желісін дамыту;
жеміс-көкөніс өнімін өндіретін аудандарда қолдағы жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және базаларын барынша іске қосу және оларды салу.
Қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажеттіліктеріне бағдарланған қаржы құралдарының көпсалалық жүйесі қалыптасты және қызмет етеді: көктемгі және жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікпен кредит беру, қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы техникасы және жабдығының лизингі, ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесі, дәнді дақылдарды форвардтық сатып алу, астық қолхаттары және кепіл ретінде оларды пайдалану, ауыл тұрғындарына шағын кредиттер беру.
AӨК қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту саласында орта мерзімді перспективада ауылдық кредиттік серіктестіктердің қазіргі жүйесін, көрсетілетін қаржы қызметінің тізбесін кеңейту және кредит беру көлемін ұлғайту болжануда. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына шағын кредит берудің көлемі, астық қолхаттарына кепілдік беру жүйесін қолдаудың, ауыл шаруашылығында міндетті сақтандыруды ұлғаятын болады.
Осы бағыттарды іске асыруда мынадай шараларды өткізу көзделіп отыр:
Ауылдық кредиттік серіктестіктердің тораптарын кеңейтуге және оларға кредит беруге "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамының кредиттік ресурстарын арттыру;
ауыл шаруашылығы ұсақ құрылымдарын орта және ірі кәсіпорындарға бірігуін және жеңілдікті кредит ресурстарын берумен ынталандыру арқылы өндірістің тиімділігін арттыру;
ауылдық кредиттік серіктестіктердің қаржы жағдайын жедел және тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік ипотекалық және тұтынушылық кредит беруді енгізу;
ауылдық кредиттік серіктестіктердің кредит саясатын және бacқару қызметін жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу;
кредиттеу арқылы ауыл шаруашылығы емес бизнесті дамытуды ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын, астық қолхаттары бойынша кепілдік көлемдерін ұлғайту және осы сызбаны ауыл шаруашылығы өнімінің басқа да түрлеріне қолдану;
астық қолхаттарын «он-лайн» режимінде есепке алудың электронды жүйесін енгізу;
ауыл тұрғындарына шағын кредитті беруді ұйымдастыруға мемлекеттік қаражат бөлу;
ауылда шағын кредиттік ұйымдардың торабын дамыту;
экономикалық белсенді ауыл тұрғындарының қаржы-кредит ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету;
ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін үйрету семинарларын өткізу;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру.
Ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз
етуді кеңейту
Ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсетулерге қол жетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнес қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін мыналар көзделіп отыр:
ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар базасында агробизнесті жүргізу негіздері бойынша оқыту семинарларын үнемі жүргізуді қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне өтеусіз негізде, агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді мемлекеттік қолдау шеңберінде ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтардың торабы арқылы ақпарат пен қызмет тізбесін кеңейту;
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде "Е-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін жасау, "он-лайн" режимінде ауыл шаруашылығы өнімдері электрондық коммерциясының жүйесін қалыптастыру;
ақпараттық-маркетингтік жүйені пилоттық жобалар шеңберінде ауылдық округтар деңгейіне дейін дамыту;
өңірлік көрме-жәрмеңке іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Күтілетін нәтижелер
Алдағы жылдарда орындалуы жоспарланып отырған іс-шаралардың нәтижесінде, 2009 жылға қарай республикада астық өндіру болжамдық деректер бойынша 15 млн. тоннаны, оның ішінде бидай 11,7 миллион тоннаны құрайды. Дәнді дақылдар сапасының арттырылуы күтілуде, соның нәтижесінде бидай дәнін экспорттау 6 млн. тоннаға дейін артады.
2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда мал өнімдерін өндіру: мал және құс еті (сойыс салмағымен) - 15,8 %, сүт - 17,4 %, жұмыртқа - 19,2 %, жүн - 14,4 % артады.
2009 жылы ауыл шаруашылығы шикізатын ұқсату өнімдерін өндіру 2006 жылмен салыстырғанда: қоюлатылған сүт өндіру - 14 %, қант - 6,1 %, жармалар - 12,5 %, ет және ет-өсімдік консервілері - 15,8 %, шұжық өнімдері - 7,2 %, ұн - 9 %, сары май - 15 %, ірімшік пен сүзбе - 9 % артады.
2009 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық және технологиялық жарақтандырылуы елеулі түрде артады.
Осы жылдар ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйесі қалыптасатын болады.
Институционалдық инфрақұрылым аграрлық нарықтың қажеттеріне бейімделетін болады.
Ішкі азық-түлік нарығын реттеудің тиімді тетігі қалыптастырылатын болады.
Орта мерзімді кезеңде қабылданған кешенді шаралар ірі және орта шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін 60 %-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
§ 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты
2007-2009 жылдары сауда саясаты саласында мыналар бойынша кешенді шаралар әзірленеді:
тұтынушылардың құқығын қорғау;
сауда қызметі саласында қолданыстағы заңнаманы сақтау жөніндегі, әсіресе ішкі нарықта сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына бақылау мен жауапкершілікті күшейтуді қамтамасыз ету;
электронды сауданы одан әрі дамыту жолымен саудаға инновациялар енгізу, оның ішінде сауда торабы мен қызмет көрсету саласына қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу;
осы заманғы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қызмет көрсету және сервис деңгейін көтеру мақсатымен сауда және қоғамдық тамақтандыру саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесін қайта қарау және енгізу;
сауда инфрақұрылымын дамыту.
Сыртқы сауда саясатында орта мерзімді перспективада мынадай міндеттерді шешу негізгі назарда болады:
экспортты әртараптандыру және экспорттың жалпы көлемінде қосымша құны жоғары өнімнің үлесін арттыру;
қазақстандық тауарларға қатысты шетелдік мемлекеттер бастамашылық жасаған демпингке қарсы талқылауды реттеу жөнінде уәкілетті органдармен және мүдделі кәсіпорындармен консультациялар жүргізу жолымен іс-шаралар өткізу;
ойластырылған тариф саясаты мен қорғаныстық, демпингке қарсы және өтем шараларын жүргізу жолымен отандық өндірушілердің арта түсіп отырған тауар импортынан мүдделерін қорғауға бағытталған қажетті жұмыс жүргізу;
сыртқы, шекара маңындағы және ішкі сауда саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
сауданың әр түрінің дамуын ынталандыру (биржалық, көтерме);
тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, отандық өндірісті дамытуға және қолдауға бағытталған икемді кеден-тариф саясатын жүргізу;
қосылған құны жоғары өнімдер экспортының кредиттеу және сақтандыру тетіктерін әзірлеу;
ТМД елдеріне экспорттық шығаруларды молайту.
5. 2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуін
қамтамасыз ету үшін экономиканы мемлекеттік басқаруды
жетілдіру
§ l. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ету
Тұрақты экономикалық өсу
2007-2009 жылдары экономиканың серпінді дамуын жалғастыру мақсатында ІЖӨ жылдық орташа нақты өсімінің 8,8 % болуына қол жеткізіледі. Экономиканың үш жылдағы жалпы өсімі 28,7 % құрайды. Бұл ІЖӨ-ні 2008 жылы 2000 жылға қарағанда екі есе өсіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Экономикалық жедел дамуға еңбек өнімділігінің жыл сайын 8,8 % өсуі есебінен қол жеткізіледі. 2009 жылға қарай еңбек өнімділігінің өсуі нақты еңбек ақының өсу қарқынының алдына шығады.
2007-2009 жылдары қызмет көрсету өндірісінің тауар өндірісінің өсуімен салыстырғанда өсу қарқынының алда болу үрдісі сақталады. Тауар өндірісі жыл сайын орташа алғанда 10,3 %, ал қызмет көрсету өндірісі 8,5 % өседі.
Қазақстан халқының тіршілік сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатымен жан басына шаққандағы ЖІӨ 2009 жылы 8962 АҚШ долларына жеткізіледі.
Мұнай бағасының күтпеген жерден өзгеруі түрінде көрініс беруі мүмкін орнықсыздық факторларының әсерін ескеріп, мұнайдың әлемдік бағасы 1 баррель үшін 60 доллар аралығында болады деп болжанып отыр. Мұнайдың экспорттық бағасы бір баррель үшін 50,4 АҚШ доллары аралығында болады.
Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы 2007-2009 жылдары орташа алғанда жыл сайын 7 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.
Инвестициялық сұраныстың кеңеюі ең бірінші кезекте кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен алынатын инвестицияларды қаржыландырудың ішкі көздерімен байланысты болады. Жоспарланып отырған кезеңде негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің өсу қарқыны 118,7 % құрайтын болады.
Ақша-кредит саясаты
2007-2009 жылдардағы ақша-кредит саясаты бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағдарланатын болады. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына ауысу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Бұл ақша-кредит саясатының негізгі параметрлерін инфляция бойынша мақсатты бағдарлардан туындайтын болжамдарға құруды ескереді.
Ақша-кредит саясаты саласында Ұлттық Банк 2007-2009 жылдары ақша-кредит операцияларының пайдалану тиімділігін арттыру және қолданылатын шаралардың ақша нарығының жағдайына әсерін күшейте беру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Ұлттық Банк ставкаларды қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша реттейтін болады.
Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі депозиттері және қысқа мерзімді ноттар шығару қаржы нарығында сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерилизациялаудың негізгі тетіктері болып қала береді.