9) тұқымның сандық-салалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 9-1)-9-3) тармақшалармен толықтырылды
9-1) астық қабылдау кәсіпорындарының:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
9-2) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
9-3) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуді және тасымалдауды (алып жүруді) бақылауды жүзеге асырады;
10) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге сатылған арзандатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
11) ветеринариялық препараттардың партияларын (серияларын), приборларды, аспаптарды, азықтарды және азықтық қоспаларды жарнамалау кезiнде олардың сапасын анықтауды, тiркеу сынақтарын, бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
12) жаңа ветеринариялық препараттарға, приборларға, аспаптарға, азықтар мен азықтық қоспаларға қорытындылар және тiркеу куәлiктерін бередi;
13) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтан өткiзудi және мемлекеттік тiркеудi ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн бередi;
15) өсiмдіктердi қорғау және олардың карантинi бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) мыналарды:
фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді және табыс етуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін;
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) әкелiнетiн және әкетілетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң өндiрілген аумағы мен орнын, сондай-ақ жiберiлетiн пунктін ескере отырып карантиндiк тексерiс, зертханалық сараптама және фитосанитариялық сертификаттау жүргізеді;
17) интродукциялық-карантиндік питомниктердегi импорттық карантинге жатқызылған өнiмдi карантиндік объектілермен және бөтен тектес түрлермен жасырын зақымданудың болуына тексеру ұйымдастырады;
18) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттарының негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп әзiрленген карантиндік шараларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
19) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық, карантиндiк сертификаттар мен импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 20)-22) тармақшалармен толықтырылды
20) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді бақылайды;
21) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салады;
22) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы сертификатын беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау.
13. Негізгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Министрлiктiң заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Министрлiкке жүктелген міндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
2) аграрлық азық-түлiк секторы үшiн салық, кеден-тариф және қаржы-кредит саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
3) мүдделі тұлғаларға реттелетiн саладағы нормативтік құқықтық кесімдер туралы ақпарат беруге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өзiнiң иелiгіндегі мемлекеттік мүлiкке иелік етудi және пайдалануды жүзеге асыруға;
5) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн сала мәселелерi жөніндегі заңнамаларын жеке және заңды тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен олардың бақылау объектiлерiне кедергiсiз кіруге;
6) орман, аңшылық, балық және су шаруашылығы салаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасын бұзудың анықталған фактілерін жою туралы жеке және заңды тұлғаларға нұсқамалар шығаруға;
7) ерекше жағдайларда соттың шешiмiнсiз көрсетiлген мерзiмде мiндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, жеке кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қызметін үш күннен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға немесе тыйым салуға;
8) карантинге жатқызылған жүктерге және объектiлерге тексеріс, фитосанитарлық сараптама жүргiзу кезеңiнде және зарарсыздандыру қажет болған кезде, сондай-aқ оларды фитосанитарлық (карантиндік) сертификатсыз тасымалдау немесе шетелдерден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен ұстауға;
9) ветеринарлық-санитарлық жағынан қолайлы, аумақтарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметiнiң бақылауындағы қолайсыз пункттерде жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн жүктер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды зиянсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органына көрсетілген фактілер туралы хабарлауға;
10) басқа мемлекеттерден әкелiнетiн фитосанитарлық жай-күйi туралы мәлiметтерi зерттелмеген карантинге жатқызылған өнiмге қатысты уақытша карантиндiк шаралар қолдануға (енгізуге);
11) зертханалық сараптама жүргiзу үшiн карантинге жатқызылған өнiмнiң үлгiлерiн таңдап алуға;
12) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерiнiң сынамаларын оларға зерттеу жүргiзудiң мерзiмдерi туралы мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, олардың диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасы үшiн таңдап алуды жүргізуге;
13) консультациялық-кеңесу органдарын, соның iшiнде комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға;
14) мемлекеттік органдарға реттелетін сала мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
15) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен оларды қарауға қатысуға;
16) ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға iшкi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның, субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарып алу туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуге.
3. Министрліктің мүлкі
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүліктің есебiнен қалыптасады және айналым қаражатының негiзгі қорларынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
15. Министрлiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Министрлiктiң бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Министрліктiң қызметiн ұйымдастыру
17. Министрлiкті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкіметі министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
19. Министр осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен Министрлiктiң аумақтық органдары басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларына тәртiптiк жаза қолданады және оларды көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
20. Министр болмаған кезде оның мiндеттерiн өзiне министрдiң бұйрығымен мiндеттер орындау жүктелген министрдiң орынбасары орындайды.
21. Министрлiктің министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
Ақмола облысы
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясы
10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы
14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы
15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы
16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясы
17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы
18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Щучье аудандық аумақтық инспекциясы
19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясы
20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Степногорск қалалық аумақтық инспекциясы
Ақтөбе облысы
21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы
23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы
24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы
25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы
26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы
27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы
28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы
29. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Темір аудандық аумақтық инспекциясы
30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы
31. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясы
32. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы
33. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы
34. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы
Алматы облысы
35. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы
36. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы
37. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы
38. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы
39. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясы
40. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы
41. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Іле аудандық аумақтық инспекциясы
42. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясы
43. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы
44. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы
45. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы
46. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Көксу аудандық аумақтық инспекциясы
47. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы
48. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы
49. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сарқанд аудандық аумақтың инспекциясы
50. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Талғар аудандық аумақтық инспекциясы
51. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы
52. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы
53. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы
54. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Текелі қалалық аумақтық инспекциясы
Атырау облысы
55. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы
56. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы
57. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы
58. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы
59. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы
60. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы
61. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы
62. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мақат аудандық аумақтық инспекциясы
63. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясы
Шығыс Қазақстан облысы
64. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы
65. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы
66. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы
67. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы
68. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы
69. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы
70. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы
71. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы
72. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зырян аудандық аумақтық инспекциясы
73. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы
74. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы
75. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы
76. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы
77. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы
78. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы
79. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы
80. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Риддер қалалық аумақтық инспекциясы
81. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы
82. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Курчатов қалалық аумақтық инспекциясы
83. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясы
Жамбыл облысы
84. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы
85. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы
86. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы
87. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы
88. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық инспекциясы
89. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы
90. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мерке аудандық аумақтық инспекциясы
91. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы
92. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы
93. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Талас аудандық аумақтық инспекциясы
94. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шу аудандық аумақтық инспекциясы
95. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тараз қалалық аумақтық инспекциясы
Батыс Қазақстан облысы
96. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы
97. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы
98. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы
99. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы
100. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
101. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы
102. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы
103. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы
104. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы
105. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы
106. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы
107. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орда аудандық аумақтық инспекциясы
108. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы
109. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орал қалалық аумақтық инспекциясы
Қарағанды облысы
110. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы
111. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы
112. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы
113. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы
114. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы
115. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы
116. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясы
117. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы
118. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы
119. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы
120. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы
121. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шахтинск қалалық аумақтық инспекциясы
122. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы
123. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Саран қалалық аумақтық инспекциясы
124. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы
125. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сәтпаев қалалық аумақтық инспекциясы
126. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаражал қалалық аумақтық инспекциясы
127. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы
128. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Приозерск қалалық аумақтық инспекциясы
Қостанай облысы
129. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы
130. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы