Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 207 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы Министрінің орынбасары - Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрі,
төраға
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі,
төрағаның орынбасары
Әріпханов - Қазақстан Республикасының
Айдар Әбдіразақұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының
Дәулет Еділұлы Қаржы вице-министрi
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрi
Нүсіпова - Қазақстан Республикасының
Әсем Бекқызы Денсаулық сақтау вице-министрi
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi
Әбдішев - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Түйтеұлы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау
комитеті төрағасының орынбасары;
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Ақанов Айқан Ақанұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы, Үмбетәлиев Мади Тоқтарұлы, Мәмбеталин Әлихан Есенғосұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |