«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы
№ 557 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 наурыздағы
№ 187 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 226-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қалa құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
6-бағанда:
реттік нөмірі 12-жолда:
«83,86», «24,9» және «32,5» деген сандар тиісінше «67,70», «20,02» және «21,22*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолда:
«282,5», «94,1*» және «98,8*» деген сандар тиісінше «422,48», «160,81» және «172,07*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолда:
«309,3», «109,7*» және «114,2*» деген сандар тиісінше «299,16», «105,20» және «108,56*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«4,0
2008 ж.- 4,0*»;
реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағаны:
«675,66», «228,7*» және «245,5*» деген сандар тиісінше «793,34», «286,03» және «305,85*» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |