Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 17-баптың 1) тармақшасындағы «халықаралық шарттарға қосылу және оларды ратификациялау туралы» деген сөздер «ратификациялау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы ақпанның 28-і.
№ 236-III ҚРЗ