3.8. Зейнетақы активтерінің кірістілігі және
оларды басқарудың тиімділігiн арттыру
Қазiргi уақытта, зейнетақы активтерін басқару нәтижесiн бағалау қатарынан кез-келген 12 ай үшін есептелген ЖЗҚ номиналды және нақты кiрiс коэффициенттерi негiзiнде жүргізілуде.
№ 1 кесте
№ 1 кесте барлық ЖЗҚ-ның орташа өлшемдi номиналды кiрiсiнiң және 1998 жылғы маусымнан бастап инфляция қарқынының өзгеруiн көрсетедi. Талдау базасы үшін әртүрлi уақыт кезеңдерi алынуы мүмкін болғандықтан, сондай-ақ осы немесе өзге де әдiстемелердi таңдап алынуы салдарынан зейнетақы жинақтарының тиімділігін бағалау деректерінің айырмашылығы болуы мүмкiн. ЖЗҚ портфелiнің кiрiстілігін объективтi түрде бағалау үшін есепке алу базасы ретiнде неғұрлым ұзақ кезеңдi белгiлеу керек, өйткенi зейнетақы активтерін басқару ерекшелігі алушылар алдындағы ЖЗҚ-ның ұзақ мерзiмдi міндеттемелерiмен айқындалады.
№ 2 кестеде ЖЗҚ құрылған сәттен бастап енгiзiлген зейнетақы жарнасы құнының орташа өсу қарқынындағы өзгерістер және 1998 жылғы 1 қаңтарға есептелген, яғни ЖЗЖ қызметінің бүкіл кезеңi базасындағы инфляция деңгейi келтiрілген. Осы кестеде ЖЗҚ-ның көпшiлiгінде тиiсті ЖЗҚ құрылған сәтте келiп түскен зейнетақы жарналарының құнының өсуi осындай кезеңдегі инфляция деңгейiнен асып отыр, бұл ЖЗҚ-да қолайлы кезеңдерде қалыптасқан кiрiстіліктiң кейбір қоры болатындығын куәландырады.
№ 2 кесте
Алайда 2004 жылдың басынан бастап № 3 кестеде көрсетiлген барлық ЖЗҚ-ның орташа өлшемдi кiрістілiгi инфляция деңгейiнен төмендеді, бұл қаралып отырған кезеңдегi зейнетақы активтерінің нақты терiс кiрiстілігін көрсетіп отыр. Осы жағдай инфляция қарқынының ұлғаюы және қаралып отырған кезеңдердегi қаржы құралдары бойынша кiрiстiлiктің кемуi нәтижесiнде қалыптасып отыр.
ЖЗЖ-ны мемлекеттік реттеудегi, оның iшiнде әлемдiк практикадағы негiзгі басымдық зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және салымшылар үшін шығындар тәуекелiн азайту, содан кейiн зейнетақы активтерінің кiрістілік деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте ЖЗЖ-ны дамытудың белгілі бiр кезеңдерінде кейiнгi жылдардың оң кiрістілігiмен жабылатын терiс кiрiстiк байқалып отырады.
№ 3 кесте
3.8.1. ЖЗҚ портфеліндегі ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының үлесiн ұлғайту
ЖЗҚ зейнетақы активтерiнің ай сайынғы кiрiстілігі өз кезегiнде портфельдiң қаржы құралдарын нарықтық бағалауға және осының алдындағы 12 күнтізбелiк айдағы инфляция қарқынына негiзделедi. Осы сәттегi ЖЗҚ портфелiнің қаржы құралдарын нарықтық бағалау алдында болған бағалау күнiнен кейiнгi отыз күн ішінде Қазақстан қор биржасында өткiзiлген сауда-саттықта жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер параметрлер негiзге алынып, есептеледi. Бағаны есепке алып отырған осындай қысқа кезең ЗАИБЖАҰ (ЖЗҚ) зейнетақы активтерi портфелiн қайта қарауына жәрдемдеседi, бұл, түптеп келгенде қысқа мерзiмдi құралдарға инвестициялауға ұмтылуына әкеп соғады. Сөйтіп, қазiргi реттеушілік талаптар мен қаржы құралдарының жетіспеуi жанама түрде қысқа мерзiмдi инвестициялау практикасын ынталандырады.
Зейнетақы активтерінің портфелiндегі қаржы құралдарының қысқа мерзімділік сипаты алынған активтердiң орнын толтыру үшін тұрақты қажеттiлiктiң болуын сипаттайды, яғни зейнетақы активтерiнің нарықтық тәуекелiн ұлғайтатын Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының инвестициялық баламасының шектеулi болуымен бiрге ЖЗҚ-ның қайта инвестициялау қажеттілігінің жоғары болуын сипаттайды.
Осы факторлар мынаны бiлдiредi, яғни ЖЗҚ портфелi құралдарының нарықтық бағаларын анықтау үшiн базалық кезең мейлiнше ұзақ болуы тиiс.
Сондай-ақ зейнетақы активтерінің орынды инвестициялық стратегиясы мынадай қағидаттарға қатаң негiзделуi тиiс:
Қысқа мерзiмдi инвестициялау.
Зейнетақы активтерінің мәндi инвестициялық стратегиясы мынадай принциптерге берiк негiзделуi тиiс:
активтердi әртараптандыру (активтердiң әртүрлi санаттары арасында) және активтердiң ыдыраңқылығы (санаттар iшіндегі);
мерзiм сәйкестігі (өтiмділiк қағидатын қосқанда); және
мейлiнше мүмкiндiгіне қарай валюталық құрылымның сәйкестігі немесе кемiнде түрлi валюталар бойынша әртараптандыру арқылы хеджирлеу.
Тұтас алғанда зейнетақы активтерін басқарушылардың инвестициялық саясаты инвестициялық тәуекелдердi мейлiнше азайту мақсатында барынша әртараптандыруды ескере отырып, оның ішінде шетелдiк нарықтарда неғұрлым ұзақ мерзімдi құралдарға инвестициялау қажеттілігіне негiзделуi тиiс.
3.8.2. Туынды қаржы құралдарын сатып алу
Теңге бағамының ауытқуына байланысты зейнетақы активтерiн валюталық қаржы құралдарына инвестициялау белгілi бiр тәуекелге баруға мәжбүр етедi. Осындай жағдайда зейнетақы активтерін шетел валютасында деноминирленген қаржы құралдарына инвестициялау кезiнде инвестицияның валюталық құрылымын әртараптандыру жолымен валюталық тәуекелдi хеджирлеу, сондай-ақ валюталық нарықтық және кредиттік тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында туынды қаржы құралдарын сатып алу қажет.
Осы шаралар зейнетақы активтерi инвестициялануы ықтимал қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейтуге жәрдемдесуi және тұрақсыз экономикалық конъюнктура жағдайында нарықтық тәуекелдi сақтандырудың тетігі ретiнде қызмет етуі мүмкін.
3.9. 2008 жылға дейінгi жинақтаушы зейнетақы
жүйесiнiң негізгі көрсеткiштерiнiң болжамы
Зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны 2008 жылы зейнетақы жинақтары 947 млрд. теңгеге жетедi деп болжауға мүмкiндiк бередi.
№ 8 кесте
(млн. теңге)
Күні | Зейнетақы жинақта- рының сомасы | Бір жыл ішіндегі өсім | Жарналардың орташа айлық түсімі | Жыл ішіндегі зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны (%) |
2004 | 480000 | 112000 | 10000 | 30 |
2005 | 618000 | 138000 | 11500 | 29 |
2006 | 773000 | 155000 | 12900 | 25 |
2007 | 947000 | 174000 | 14500 | 22 |
Қолданыстағы Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі ереженің нормаларын 2008 жылға болжанатын зейнетақы жинақтарының өсу қарқынын ескере отырып, зейнетақы активтерін ішкі және сыртқы қаржы құралдарына инвестициялаудың мынадай схемасын болжауға болады:
№ 9 кесте
Пессимистік болжам
Қаржы құралы | 01.09. 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
үлес | млрд. теңге | үлес | млрд. теңге | үлес | млрд. теңге | үлес | млрд. теңге |
ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары | 0,53 | 231 | 0,31 | 194 | 0,25 | 196 | 0,25 | 239 |
қазынашылық мін- деттемелер, оның ішінде: | 0,17 | 76 | 0,06 | 40 | 0,02 | 15 | 0,05 | 51 |
инфляция бойынша индекстелгендер | 0,00 | 1 | 0,01 | 4 | 0,01 | 4 | 0,01 | 10 |
ноттар | 0,36 | 155 | 0,25 | 154 | 0,23 | 181 | 0,20 | 188 |
жергілікті билік органдары | 0,00 | 0 | 0,00 | 0 | 0,00 | 0 | 0,00 | 0 |
ҚР мемлекеттік емес бағалы қағаздар | 0,31 | 136 | 0,32 | 198 | 0,34 | 263 | 0,34 | 321 |
облигациялар | 0,26 | 113 | 0,28 | 173 | 0,29 | 224 | 0,30 | 280 |
акциялар | 0,05 | 23 | 0,04 | 25 | 0,05 | 39 | 0,04 | 41 |
ЕДБ салымдары және сертификаттары | 0,07 | 31 | 0,09 | 56 | 0,17 | 132 | 0,20 | 189 |
салымдар | 0,07 | 31 | 0,09 | 56 | 0,10 | 77 | 0,10 | 95 |
депозиттік сертификаттар | 0 | 0 | 0,00 | 0 | 0,07 | 55 | 0,10 | 95 |
ФАА және шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары | 0,08 | 36 | 0,27 | 167 | 0,23 | 179 | 0,21 | 194 |
ФАА және шет мемлекеттердің бағалы қағаздары | 0,05 | 24 | 0,11 | 67 | 0,09 | 77 | 0,09 | 78 |
акциялар және пайлар | 0,02 | 8 | 0,08 | 50 | 0,07 | 51 | 0,06 | 58 |
облигациялар | 0,01 | 4 | 0,08 | 50 | 0,07 | 51 | 0,06 | 58 |
Өзге активтер және ақша | 0,01 | 2 | 0,00 | 3 | 0,00 | 3 | 0,00 | 4 |
Активтердің болжамды көлемі | 436 | 618 | 773 | 947 |
Орташа өлшемді кірістілік (номиналды/нақты) | | 5,4% | 0,4% | 5,1% | 0,1% | 4,9% | -0,1% |
Оптимистік болжам
ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары | 0,53 | 231 | 0,44 | 274 | 0,31 | 242 | 0,31 | 296 |
қазынашылық мін- деттемелер, оның ішінде: | 0,17 | 76 | 0,14 | 89 | 0,07 | 53 | 0,11 | 101 |
құнсыздану бойынша индекстелген | 0,00 | 1 | 0,09 | 53 | 0,07 | 53 | 0,06 | 61 |
ноттар | 0,36 | 155 | 0,30 | 185 | 0,24 | 189 | 0,20 | 195 |
жергілікті билік органдары | 0,00 | 0 | 0,00 | 0 | 0,00 | 0 | 0,00 | 0 |
ҚР мемлекеттік емес бағалы қағаздар | 0,31 | 198 | 0,32 | 198 | 0,34 | 263 | 0,34 | 321 |
облигациялар | 0,26 | 113 | 0,28 | 173 | 0,29 | 224 | 0,30 | 280 |
акциялар | 0,05 | 23 | 0,04 | 25 | 0,05 | 39 | 0,04 | 41 |
ЕДБ салымдары мен сертификаттары | 0,07 | 31 | 0,10 | 56 | 0,17 | 131 | 0,20 | 189 |
салымдар | 0,07 | 31 | 0,10 | 56 | 0,10 | 77 | 0,10 | 95 |
депозиттік сертификаттар | 0 | 0 | 0,00 | 0 | 0,07 | 54 | 0,10 | 95 |
ФАА және шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары | 0,08 | 36 | 0,15 | 87 | 0,18 | 134 | 0,15 | 136 |
ФАА және шет мемлекеттердің бағалы қағаздары | 0,05 | 24 | 0,07 | 41 | 0,08 | 62 | 0,07 | 64 |
акциялар және пайлар | 0,02 | 8 | 0,04 | 23 | 0,05 | 36 | 0,04 | 36 |
облигациялар | 0,01 | 4 | 0,04 | 23 | 0,05 | 36 | 0,04 | 36 |
Өзге активтер және ақша | 0,01 | 2 | 0,00 | 3 | 0,00 | 3 | 0,00 | 4 |
Активтердің болжамды көлемі | 436 | 618 | 773 | 947 |
Орташа өлшемді кірістілік (номиналды/нақты) | | 6,3% | 1,3% | 5,6% | 0,6% | 5,3% | 0,3% |
Ағымдағы жылдың 8 айында ішкі мемлекеттік борыш сомасы 34% өстi және 2004 жылғы 1 қыркүйекте 553 млрд. теңге құрады, оның ішінде ҚРҰБ ноттары - 323 млрд. теңге (өсім 448%), ҚР ҚМ бағалы қағаздары - 220 млрд. теңге болды (өсiм 25%). Сөйтiп, iшкi мемлекеттік борыш нарығы ЖЗҚ-ның және басқа да инвесторлардың сұранымын қанағаттандыру үшін 2008 жылы 1,2 трлн. теңгеден астамын құрауы тиiс.
Сонымен бірақ 2008 жылға дейiнгi мемлекеттік бюджеттің тапшылығының болжамы және сонымен байланысты ішкі мемлекеттік борыштың мөлшерi жоғарыда көрсетiлген мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сұраным көлемi қамтамасыз етілмейдi деп болжауға негiз беріп отыр.
Болжамға сәйкес Қазақстанның ұйымдастырылған нарығының ресми тiзімінің ішкі корпоративті облигацияларды капиталдандыруы 2007 жылы 375 млрд. теңгеге жуықты құрайды.
Сөйтіп, орташа мерзiмдi кезеңде қазiргi уақытта оның нарығы жылдам қарқынмен өсіп отырған зейнетақы активтерiн қазақстандық эмитенттердiң корпоративтi бағалы қағаздары мен ипотекалық облигацияларға салынуының қолданыстағы облигациялар шығарылымның көлемi 2004 жылғы 1 қыркүйекте 310 млрд. теңге құрады (2004 жылғы 8 ай iшiнде шығару көлемі 70%-ға өскен), сондай-ақ осы қаржы құралдарының кірістілігі негiзгі әлемдiк валюталар бойынша теңгенің ревальвациясы қарқынынан асып түсуi жағдайында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қаржы құралдарына салынуының серпіндi өсуiн күтуге болады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар көздерi ретіндегi зейнетақы активтерiн басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Осы Бағдарлама мақсаттарына қол жеткiзу үшін мынадай мiндеттердi шешу болжанады:
ЖЗЖ-мен халықтың қамтылуын кеңейту және зейнетақымен қамсыздандырудың ерiкті түрлерiн көтермелеу;
міндетті зейнетақы жарналарын төлеудiң тиімділігін және ЖЗҚ салымшыларының жасырындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша "бiр салымшы - бiр қор" қағидатын iске асыру;
мiндетті зейнетақы жарналары бойынша агенттер берешегiн азайту;
ЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақталуы жөнiнде берiлген кепілдiктi мемлекеттің орындау тәртібін алушының зейнетақы төлемін алу құқығын иелену сәтіндегі инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзілген міндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiн белгілеу;
ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-ның жауапкершілiктерін айқындау және салымшылар (алушылар) мүдделерін қорғау;
зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру;
зейнетақы активтерінің көлемiнде ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының үлесін ұлғайту;
зейнетақы активтерінің портфеліндегі қаржы құралдарының бағалық және валюталық тәуекелдерiн хеджирлеу;
ұзақ мерзiмдi индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;
жобалық инвестициялауды дамыту және акциялар нарығын жандандыру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесінiң субъектілерін қадағалауды дамыту әрi оның тиiмділігін арттыру және Халықаралық Зейнетақы Реттеуіштерi Қауымдастығының (INPRS) Жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарын енгізу.
5. Бағдарламаны іске асырудың негiзгi бағыттары мен тетіктері
5.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеудi жетiлдiру
5.1.1 ЖЗЖ-мен халықтың қамтылуын кеңейту және
зейнетақымен қамсыздандырудың ерiктi түрлерiн ынталандыру
Халықты ЖЗЖ-мен барынша қамту мақсатында мыналар қаралатын болады:
1) жеке кәсiпкерлер мен арнайы салықтық режимдi қолданатын тұлғалардың дамытылуын кеңейту жөнiнде оның ішінде қолданылып жүрген тәртiптi өзгерту әрi осы тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуiн салық органдарының бақылауын күшейту жолымен әкімшілік және экономикалық шаралар кешенiн қолдану;
2) нәрестенi күтім көрсету бойынша демалысқа шыққан адамдардың пайдасына мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен міндеттi зейнетақы жарналарын төлеу мүмкіндігі;
3) ЖЗҚ-на төленген ерiктi зейнетақы жарналары бойынша салық салынатын кiрiстердi айқындау кезiнде шегерімді ұлғайту мүмкіндігі;
4) трансфер-агенттер желiсін оның ішінде елдің барлық өңiрлеріндегi салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшiн "МЗТЖО" РМҚК және "Қазпочта" АҚ-ын тарту жолымен дамыту мәселелерi.
5.1.2 Міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің
тиімділiгiн қамтамасыз ету және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша
"бiр салымшы - бiр қор" қағидатын іске асыру
Осы проблемаларды шешу "ЗТЖМО" РМҚК базасында бiрыңғай есепке алу орталығын құру жолымен жүзеге асырылады. Сөйтiп, бүкіл ақпарат пен ақша ағындары (жарналар, қате есептелiп қайтарылған жарналар және жинақталған зейнетақы жинақтарының аударымдары) бірыңғай есепке алу орталығында жинақталады, ал жеке тұлғаның міндеттi зейнетақы жарналарының немесе зейнетақы жинақтарының сомалары мiндетті зейнетақы жарналарының немесе БСК дұрыстығын немесе белгілi бiр ЖЗҚ салымшысы ретiндегі оның сәйкестендiрілуiн тексергеннен кейiн осы қорға жiберіледi.
Бұдан басқа осы схеманың күмәнсiз артықшылығы ЖЗЖ-ның барлық салымшылары бойынша шынайы дерекқорының болуы болып табылады, бұл өз кезегінде "бiр салымшы - бiр қор" қағидатын сақтауға және бiр салымшының зейнетақы жинақтарының нақты сомасының көрсетілуiне, агенттердiң мiндеттi зейнетақы жарналарын бiр бенефициарға аудару жөніндегi төлем құжаттарын қалыптастыруына, сондай-ақ аударым операцияларының шығындарын азайтуға кепiлдiк бередi.
Осы міндетті шешу мақсатында:
1) өзара iс-қимыл жасау рәсімдерi, ЖЗЖ-дағы төлемдерге қатысушылардың ақпарат алмасу стандарттары әзiрленген және олардың құқықтары мен міндеттерi "Халықты зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және нормативтiк құқықтық актілерде белгіленген;
2) "ЗТЖМО" РМҚК функциялары мыналарды қамтиды:
"бiр салымшы - бiр қор" бақылауын қамтамасыз еткен зейнетақы шартын жасаған барлық жеке тұлғалардың тiзіміне әкiмшілiк жүргiзу, бұл ретте осы тiзiмдi - ЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) бойынша бiрыңғай дерекқор жасау кезеңiнде салымшыда (алушыда) бiрнеше ДЗШ болған жағдайда шоттарды бiрiктiру тәртібi әзiрленуi тиіс;
зейнетақы жарналарын жасырын төлеудi қамтамасыз ете отырып, ЖЗҚ салымшылары (алушылары) бойынша бiрыңғай дерекқорына сәйкес агенттердiң міндетті зейнетақы жарналарын аудару;
қате аударылған зейнетақы жарналарын қайтару, оның iшiнде деректемелерiнде қате табылған салымшылардың ғана зейнетақы жарналарын қайтаруды қамтамасыз ету;
ЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) бойынша бiрыңғай дерекқорына сәйкес зейнетақы жинақтарын аудару.
5.1.3 Міндеттi зейнетақы жарналары жөнiндегі агенттердiң берешегін азайту
Еңбек қатынастарында тұрған, бiрақ ӘЖК немесе ЖЗҚ-мен зейнетақы шарты болмаған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерi мен өсімпұлдарын агенттердің төлетуi жөніндегі мәселелердi шешу мақсатында осындай қызметкерлердi iздестiру жөніндегі агенттер жұмысының белсенділігін жандандыру.
Міндетті зейнетақы жарналарын аударым үшін "ЗТЖМО" РМҚК және ЖЗҚ-нан тiркелген ӘЖК туралы және жасалған зейнетақы шартының болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұрату жолымен алу қажетті деректемелердi мүмкіндігі.
Осы мiндетті шешу мақсатында "Халықты зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтiк құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледi.
5.1.4 Төлем жасау сәтінде инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізiлген зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдiк беру
Зейнетақы төлемiн алу құқығын иелену сәтіндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк берудi iске асыру тәртiбін және республикалық бюджетке енгiзiлуi қажет шығыстардың болжамды сомасын айқындау мақсатында мыналар:
1) "ЗТЖМО" РМҚК деректер базасында инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарна мөлшерінде жинақтың ең төменгі мөлшерінің мониторингi жүзеге асырылады;
2) "Халықты зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі және нақты енгізілген жарналар есебінің әдiстемесi бөлігінде инфляция деңгейін, мерзімін және алушы тарабынан қажеттi құжаттар тiзбесiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының тиiстi шығындарын өтеу жөніндегі мемлекеттік жауапкершілікті орындау рәсімдерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленеді.
5.2. Салымшылар (алушылар) құқықтарын қорғау
Зейнетақы активтерін дербес басқарушы ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-ның соттан тыс жауапкершілігі және барлық ЖЗҚ-ның орташа өлшемді оң номиналды кірiсінің белгiлi бiр ауытқуы шегіндегі инвестициялық кірістерін қамтамасыз ету тәртібі "Халықты зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да құқықтық нормативтік актілерде белгiленедi.
Жекелеген ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерi бойынша номиналды кірiсiнің мәнi орташа өлшемдi номиналды кірістің белгiленген ауытқуынан төмен болған кезде зейнетақы активтерін дербес басқаратын ЗАИБЖАҰ немесе ЖЗҚ инвестициялық кірiстерінің жетіспейтін сомасы меншіктi капиталдың есебiнен ең төмен шекке дейiн қалпына келтiрiлетiн болады.
Инвестициялық кipiстiң ең төменгi шектi деңгейi ЖЗҚ-ның орташа өлшемді кiрiсiнiң нақты мәніне сәйкес бір айдан екінші айға өзгеріп отыратын болады. Зейнетақы активтерінің орташа өлшемдi номиналды кірiстiлiгінен ауытқуының шектi мәндері нарықтағы жағдайға қарай айқындалатын болады, бұл экономикалық факторлардың өзгеруiне барабар ден қоюға мүмкiндiк бередi.
ЖЗҚ-ның орташа өлшемдi номиналды кiрiсiн есепке алу базасы ретінде зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімділiгін ескере отырып, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 36 айға тең бағалау кезеңi белгiленедi.
5.3. Зейнетақы активтерiн басқарудың тиімдiлiгiн арттыру
және қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту
5.3.1 ЖЗҚ портфелiнде ұзақ мерзiмді қаржы құралдарының үлесiн ұлғайту
ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-ын ұзақ мерзiмдi кiрiстілiкпен қамтамасыз етуге ынталандыру мақсатында ЖЗҚ зейнетақы портфеліндегі қаржы құралдарының құнын бағалау және есепке алу әдiстемесi "Халықты зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да құқықтық нормативтік актіде белгіленетін болады.
ЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелi 39 "Қаржы құралдары: тану және бағалау" халықаралық қаржылық есептілiк стандарттарына сәйкес 2 санатқа бөлінеді - "өтелгенге дейiн ұсталатын инвестициялар" және "сатуға арналған қолда бар қаржы активтерi".
Кесiмдi өтеу мерзімi бар, зейнетақы активтерi есебiнен инвестициялар "өтелгенге дейiн ұсталатын инвестициялар" санатына белгіленеді, олар сатып алу құны бойынша бастапқы танудан кейiн қаржы активi немесе қаржы міндеттемесінің ағымдағы таза теңгерімдiк құнының шамасына дейiн төлем мерзiмi немесе пайыз ставкасын кезектi қайта қарау күнi басталғанға дейін күтілетін, болашақтағы ақша төлемдерінің сомасын нақты дисконттау кезiнде қолданылатын, амортизацияланған шығындар бойынша көрсетілуi қажет тиiмдi пайыз ставкасының әдiсiмен анықталады.
Бұдан басқа, амортизацияланған шығындар бойынша көрсетiлген, өтелгенге дейiн ұсталатын инвестициялар шетел валюталарының бағамдарының өзгеруiне байланысты тәуекелдердi хеджирлеудiң тиiмдi құралдары болып табылады.
ЖЗҚ портфеліндегi үлестік және туынды қаржы құралдары "сатуға арналған қолда бар қаржы активтерi" санатында белгіленедi және сатып алу құны бойынша бастапқы танудан кейiн осы құралдардың нарықтық бағамының өзгеруi ескеріле отырып, көрсетілуi тиiс.
5.3.2 Туынды қаржы құралдарын сатып алу
Зейнетақы активтерi портфеліндегі қаржы құралдарының баға және валюталық тәуекелдерiн хеджирлеу мақсатында "Халықты зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында сатып алынатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебінен сатып алуға шарттар жасасу мүмкiндiктерiн көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгiзілетін болады.
Сондай-ақ зейнетақы активтерінің мақсаттан тыс пайдаланылуын болдырмау мақсатында тәуекелдердi басқару стратегиясында операциялар жасаудың тәртібi және ЖЗҚ зейнетақы активтерiн хеджирлеудiң тиiмдiлігін бағалау рәсімдерi реттеледi.
5.3.3 Ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару
Мемлекеттік ішкі қарыз алу аясында жүргiзіліп отырған саясат шеңберiнде мынадай мiндеттер шешiледi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі олардың болжамды көлемi мен мерзiмділігін көрсете отырып, орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының кестесiн жасайды;
шығарылымның жалпы санын қысқарту және сыйақы төлемдерiнің кезеңдiлігін азайту кезiнде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемiн және олардың айналыс мерзiмiн ұлғайту жолымен iшкi қарыз алу құнын төмендету;
нарықтағы жағдайға қарай индекстелген және купонды мемлекеттік бағалы қағаздар арасындағы қарыз алудың жалпы көлемінде оңтайлы ара қатынас белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi барынша төмендету.
Қазақстан қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру зейнетақы активтерiн дербес басқарушы ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-ға қол жеткiзудi ұсыну мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерiн инвестициялауға арналған, инфляция мәнiне индекстелген сыйақы ставкасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру сауда-саттықты өткiзудiң жеке тетiгi пайдаланылып жүзеге асырылатын болады.
5.3.4 Жобалық инвестициялауды дамыту және акциялар нарығын жандандыру
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың баламалы нысандарын дамыту осы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша мемлекеттік кепілдiктердi бере отырып, осындай жобалардың тiзiмiн заң жүзiнде белгілеу жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттің кепiлдiктер бойынша міндеттемелердi орындау жағдайы туындаған кезде, оларды кейiн мемлекеттiң меншiгiне бере отырып, облигациялар эмитентінің акцияларын мәжбүрлеп шығару тетігі көзделуi мүмкiн.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылған облигацияларды шығару және зейнетақы активтерінiң есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының тiзбесiне енгізу үшін мемлекеттік кепiлдiк беру және "Қазақстанның Даму Банкі туралы" Заңға сәйкес "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ-тың кепiлдiгiн беру мүмкiндiгi көзделедi.
Үлестiк бағалы қағаздарды дамытудың маңызды жолы кәсiпорындар мен ұйымдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату немесе мемлекеттің, даму институттарының қатысуымен акцияларды қосымша шығару және зейнетақы қорларының арасында орналастыру жолымен оларды әрi капиталдандыру болып табылады. Акцияларды қосымша шығарған жағдайда мемлекет олардың капиталындағы бақылау пакетін сақтай алады. Осы шара iшкi институционалдық инвесторлар әлуетін тиiмдi пайдалануға жәрдемдесетiн болады. Инвесторлардың арасындағы шешушi роль зейнетақы қорларына тиесілi болғандықтан, мынадай: нақты сектордың стратегиялық жобаларын қаржыландыру үшiн зейнетақы активтерiн тарту, зейнетақы активтерінiң сақталуын және барабар кiрістілiгін қамтамасыз ету сияқты экономикалық мiндеттер iске асырылатын болады. Екiншi жағынан осы шара мемлекеттік кәсіпорындар мен даму институттары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, олар қаржыландыратын жобалар мен қызметінің нәтижелерi туралы ақпаратты ашып, жария етуге жәрдемдесетiн болады.