Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы»
1-бап. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23. 925-құжат; 2001 ж„ № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140-142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
22-1-бап мынадай мазмұндағы 1 -1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасынын судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы кірісінін он проценті мөлшерінде міндетті зейнетакы жарналары қосымша белгіленеді.
Судья келеңсіз себептер бойынша қызметінен босатылған кезде көрсетілген жарналар республикалық бюджетке алынады.»
2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы ақпанның 22-і.
№ 232-III ҚРЗ