«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 және
2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 508 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттік нөмірі 31-10-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-9-жолмен толықтырылсын:
«36-9 «Қазақстан ТСМ 2006 жылғы 2006 жылғы 2006 жылғы
Республикасындағы 4-тоқсан 4-тоқсан 4-тоқсан
туристік қызмет
туралы» Қазақстан
Республикасының
Заңына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы »;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ТСМ - Туризм және спорт министрлігі»;
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 42-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58-жолмен толықтырылсын:
«58. «Қазақстан ТСМ қазан қараша желтоқсан Қ.М. Әйтекенов
Республикасындағы
туристік қызмет
туралы» Қазақстан
Республикасының
Заңына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы »;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«МАМ - Мәдениет және ақпарат министрлігі;»;
«ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ТСМ - Туризм және спорт министрлігі;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |