жарамсыз адамдар
1. Егер мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болса, осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болған, бірақ мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлердің тобына кірмейтін азаматтар заң бойынша осы кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
2. Заң бойынша осы Кодекстің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.
Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетілген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде өз бетінше мұра алады.»;
17) 1072-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1072-бап. Мұраны қабылдау
1. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.
Иесіз қалған мүлікті алу үшін (1083-бап) мұраны қабылдау талап етілмейді.
2. Мұрагердің мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді.
Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негіздердің бірі бойынша, оның бірнешеуі бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілі мұраны қабылдай алады.
Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.
3. Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді.
4. Қабылданған мұра, оны іс жүзінде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердің мұраға қалдырған мүлікке құқығы мемлекеттік тіркелуге тиісті болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттік тіркелген кезіне қарамастан, мұраның ашылған күнінен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады.»;
18) мынадай мазмұндағы 1072-1, 1072-2, 1072-3, 1072-4-баптармен толықтырылсын:
«1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсілдерi
1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мұрагердің өтінішін нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жіберілсе, өтініштегі мұрагердің қолын нотариус, нотариат әрекеттерін жасауға уәкілетті лауазымды адам (ocы Кодекстің 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстің 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенімхатты куәландыруға уәкілетті адам куәландыруға тиіс.
Егер сенімхатта мұраны алуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұраны өкіл арқылы қабылдау мүмкін болады. Заңды өкілдің мұраны қабылдауы үшін сенімхат талап етілмейді.
2. Егер мұрагер мұрагерлікті іс жүзінде қабылдағанын куәландыратын іс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер:
мұраға алынған мүлікті иеленуге немесе басқаруға кіріссе;
мұраға алынған мүлікті сақтау, оны қол сұғудан немесе үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнінде шаралар қабылдаса;
мұраға алынған мүлікті ұстау шығыстарын өз есебінен жүргізсе;
өз есебінен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесілі ақшаны үшінші тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейін мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзімi
1. Мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (осы Кодекстің 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешімінде өзге күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкін.
2. Егер мұрагерлік құқығы басқа адамдар үшін мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе мұрагерді осы Кодекстің 1045-бабында белгіленген негіздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың ішінде мұраны қабылдай алады.
1072-3-бап. Белгіленген мерзімнің аяқталуына қарай мұраны
қабылдау
Егер мұрагер мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді (осы Кодекстің 1072-2-бабы) дәлелді себептер бойынша өткізіп алған болса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер бұл мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінген жағдайда осы мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша сот бұл мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.
Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердің мұрагерлік мүліктегі үлестерін анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердің мұрадан өзіне тиесілі үлесін алу құқығын қорғау жөнінде шаралар белгілейді. Бұған дейін берілген мұраға құқық туралы куәліктерді сот жарамсыз деп таниды.
1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлік
трансмиссия)
Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстің 1072-2-бабында белгіленген мерзімде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейін қайтыс болса, онда мұраның оған тиесілі үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады.
Қайтыс болған мұрагердің осы құқығын оның мұрагерлері мұраны қабылдауға арналған мерзімнің қалған бөлігі ішінде жалпы негіздерде жүзеге асыра алады.
Егер мерзімнің қалған бөлігі үш айдан аз болса, ол үш айға дейін ұзартылады.
Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, егер сот қайтыс болған мұрагердің мұрагерлерінің осы мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, онда сот оларды осы Кодекстің 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкін.
Мұрагердің осы Кодекстің 1069-бабына сәйкес міндетті үлес ретінде мұраның бір бөлігін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауыспайды.»;
19) 1074-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі «пайдасына» деген сөзден кейін «, оның ішінде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 1082-бапта:
тақырыбындағы «Шаруа» деген сөзден кейін «немесе фермер» деген сөздермен толықтырылсын;
мәтіндегі «Шаруа (фермер)» деген сөздер «Шаруа немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 1095-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабілеттілігін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 225-III ҚРЗ