20. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат):
1) 10-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) 29-баптың 6-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.
1-баптың 21-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «аумақтық» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері «кәсіпкерді» деген сөзден кейін «(бірлескен дара кәсіпкерлікті)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекет алдындағы салықтың міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтінішті;»;
үшінші бөлік «дара кәсіпкерді» деген сөздерден кейін «(бірлескен дара кәсіпкерлікті)» деген сөздермен толықтырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруге арналған өтініште, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартта (жай серіктестік туралы шартта) көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) өзгерістер туралы тіркеуші органға осы орган белгілеген нысан бойынша хабарлауға міндетті. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер өзгерген жағдайда дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) қайта тіркеуді жүзеге асыруға және жаңа куәлік алуға міндетті.
7. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда, оның өтініші бойынша мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасы беріледі.
Мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін дара кәсіпкерден (бірлескен дара кәсіпкерліктен) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен алым алынады.»;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті тұлғаға» деген сөздер «бірлескен дара кәсіпкерлікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «(бірлескен дара кәсіпкерлік)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 38-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-19, 21-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 12-сі.
№ 224-III ҚРЗ