5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды
28-2-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек
1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
29-бап. Стационарлық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылауы бар білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарлық көмек денсаулық сақтау ұйымдарында, олардың лицензия бойынша айқындалатын қызметiнiң бағытына сәйкес көрсетiледi. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымы қызметiнiң тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық көмектiң көлемi мен түрлерiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтiм мен тамақтануды қамтамасыз етедi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі стационарлық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған санының (шектелген көлемдерінің) шегінде көрсетіледі.
30-бап. Стационарды алмастыратын көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Стационарды алмастыратын бөлiмшелердiң қызмет тәртібін, олардың бейiндерiн және оларда көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
31-бап. Санитарлық авиацияның қызметiн ұйымдастыру
1. Қатынасу қиын жерлердегi азаматтарға аса шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасында санитарлық авиация қызметi көзделедi.
2. Санитарлық авиация қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
32-бап. Санаторий-курорттық емдеу
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Санаторий-курорттық емдеу - табиғи-климаттық, физиотерапиялық және басқа да емдеу факторларын пайдалана отырып, профилактика және медициналық оңалту жөніндегі медициналық көмек көрсету нысаны.
2.Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган санаторий-курорттық емдеу көрсетiлген аурулар мен денсаулық бұзылуының тiзбесiн айқындайды.
3. Медициналық көмек көрсететiн санаторий-курорттық ұйымдар өз қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
4. Азаматтарға санаторий-курорттық емделу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жолдамалар берiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Салауатты өмір салтын насихаттау
Салауатты өмір салтын насихаттау медициналық қызмет көрсету түрі болып табылады және салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың профилактикасы және азаматтардың салауатты өмірімен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды қамтиды.
Салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның үйлестіруі және әдістемелік басшылығы аясында денсаулық сақтау субъектілері қамтамасыз етеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың профилактикасы және халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды басқа да мүдделі министрліктермен, халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
33-бап. Халықтық медицина (емшiлiк)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тиiстi лицензиясы болған кезде медициналық білімi бар адамдардың халықтық медицина (емшiлiк) әдiстерiмен емдеуге құқығы бар.
Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен медициналық білімi жоқ адамдарға халықтық медицина (емшiлiк) әдiстерiмен емдеуге лицензия берiлуi мүмкiн.
2. Жаппай емшiлiк сеанстарын, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Халықтық медицинамен (емшiлiкпен) шұғылдану құқығына арналған лицензияны беру және қайтарып алу шарттарын, тәртібін және осы қызметтi жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Халықтық медицина (емшiлiк) қызметтерiн көрсетуге денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бақылау жасайды.
5. Халықтық медицинамен (емшiлiкпен) заңсыз түрде шұғылданатын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
34-бап. Ақылы медициналық көмек алудың негiздерi мен тәртібі
1. Ақылы медициналық қызметтердi мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдары аурудың түрi мен медициналық және дәрiгерлiк қызметпен айналысуға арналған лицензияға сәйкес келгенде жеке медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке тұлғалар көрсетедi.
2. Ақылы қызметтiң түрлерi мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жекеше денсаулық сақтау ұйымдарындағы және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке адамдардағы көрнекi ақпарат арқылы азаматтардың назарына жеткiзiледi.
3. Ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң бағалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
4. Азаматтарға ақылы қызмет көрсеткен кездегi есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргiзу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырылады.
5. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтiнiш жасаған кезден бастап ақылы медициналық көмектi уақтылы және сапалы көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтен түскен қаражаттарды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік
мекемелердің ақылы қызметтер көрсету тәртібi
1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс, сондай-ақ медициналық емес сипаттағы ақылы қызметтерді санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелері, денсаулық сақтау жүйесінің сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер көрсетеді.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелері, денсаулық сақтау жүйесінің сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер ұсынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау.
Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру
34-2-бап. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру
1. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруды - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді-денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау субъектілері:
1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді;
2) диагностиканың, профилактика мен емдеудің әдістерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген дәрілік заттарды қолдануды;
3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа әзірлікті;
4) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың, сондай-ақ кәсіби аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөніндегі профилактикалық медициналық іс-шараларды жүргізуді;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және шынайы ақпарат ұсынуды;
6) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтауды;
7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен сабақтастықты;
8) салауатты өмір салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;
9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді, денсаулық сақтау және мемлекеттік статистика салаларындағы уәкілетті органдар белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша есептер тапсыруды;
10) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мінез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға, ал жаңа алған жарақаттар, жаралар, қылмыстық түсініктер бойынша көрінген адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.
6-тарау. Медициналық сараптама қызметі
35-бап. Медициналық сараптаманың түрлерi
1. Қазақстан Республикасында медициналық сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) медициналық қызметтер көрсету сапасының сараптамасы;
2) еңбекке уақытша қабiлетсiздiк сараптамасы;
3) 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) әскери-дәрiгерлiк сараптама;
5) сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары;
6) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
7) дәрiлiк заттардың сараптамасы;
8) ғылыми-медициналық сараптама.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен медициналық сараптаманың басқа да түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Медициналық сараптама азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Медициналық сараптаманы жүргiзетiн сарапшыларды аккредитациялауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама
1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.
2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік орган және (немесе) тәуелсіз медицина сарапшылары жүргізеді.
3. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптамаға:
1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін анықтау;
2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау;
3) медициналық қондырғылармен жабдықталудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау;
4) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау;
6) лицензиямен белгіленген медициналық көмек түрлерінің сәйкестігін анықтау;
7) сапасыз медициналық қызметтер көрсетудің себептерін анықтау, оларды жою және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөнінде шараларды қабылдау кіреді.
4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
37-бап. Еңбекке уақытша қабiлетсiздiк сараптамасы
1. Азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен медициналық ұйымдардың дәрiгерлерi немесе дәрiгерлiк комиссия жүргiзедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жекелеген жағдайларда облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының шешiмi бойынша мемлекеттік сектордың медициналық ұйымдарында азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiн сараптама жасау орта медициналық білімi бар қызметкерге тапсырылуы мүмкiн.
38-бап. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама
1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе әскери қызметке теңестiрiлген арнайы қызметке жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы қызметтi (әскери жиындарды) өткерiп жүргенде азаматтардың сырқаттануының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) және қайтыс болуының себептi байланыстарын анықтау үшiн жүргiзiледi.
2. Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық дәрежесi көрiнеу дұрыс белгiленбеген, азаматтың денсаулығының нашарлауына, мүгедектiкке немесе өлiмге әкеп соққан кезде, қабылданған шешiмге жауапты адам немесе адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
40-бап. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын мемлекеттік денсаулық сақтау секторының медицина ұйымдарында сот сараптамасы органдары жүргізеді.
2. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң сот-медицина, сот-психиатрия немесе сот-наркология сараптамаларын тағайындаған органның алдында сараптама комиссиясының құрамына тиiстi маманды оның келісімiмен енгізу жөнiнде өтiнiш жасауға құқығы бар.
3. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын ұйымдастыру мен жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
4. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
41-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi және ол:
1) қоршаған тiршiлiк ортасы объектiлерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына әсерiн кешендi бағалауды;
2) адамдардың сырқаттануы мен улануының туындау себептерi мен жағдайларын зерттеудi;
3) шаруашылық немесе өзге қызмет процесiнде қабылданатын шешiмдердiң санитарлық-гигиеналық ережелердiң, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн бағалауды қамтамасыз етедi.
42-бап. Дәрiлiк заттың сараптамасы
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Дәрiлiк заттың сараптамасы - дәрiлiк затты физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау арқылы оның қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi және сапасы тұрғысында зерттеу немесе сынау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен дәрiлiк затты тiркеуге ұсынған нормативтiк құжаттарды зерделеу.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалауды ұйымдар дәрiлiк затқа оның нормативтiк құжаттарына сәйкес жүргiзiлген сараптама негiзiнде, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Сараптаманы дәрілік затты әзірлеуге және өндіруге тікелей қатыспаған, уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді.
43-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектiлерi:
1) iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерi;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылған ғылыми жұмыстар;
5) денсаулық сақтау iс-тәжiрибесiне енгізу үшiн жоспарланған ғылыми-медициналық әзiрлемелер болып табылады.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманы өткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
7-тарау. Фармацевтикалық қызмет
44-бап. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеу
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеудi:
Қазақстан Республикасының Yкіметі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган;
облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары жүзеге асырады.;
2. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеу;
2) фармацевтикалық қызметтi лицензиялау;
3) дәрiлiк заттарды сертификаттау;
4) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) фармацевтикалық қызметке мемлекеттік бақылау жасау;
6) уәкiлеттi органның:
негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмiн;
аурулар түрлерiнiң және амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттар, арнайы емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайда берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту рәсімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
45-бап. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын
бақылаудың мемлекеттік жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және оның аумағына әкелiнетiн дәрiлiк заттар мемлекеттiң бақылау жасауына жатады.
2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесiне:
фармацевтикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
дәрiлiк заттарды әзiрлеуге, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын зерттеу мен сынауға арналған ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар, орталықтар, зертханалар;
дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалау жөніндегі сараптама комиссиялары;
дәрiлiк заттар туралы ақпарат жүйесi дәрiлiк заттарға сараптама жасау жөніндегі орталық кiредi.
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
46-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтiң субъектiлерi
1. Негiзгi мiндетi ретiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтi, ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрi - ғылыми ұйым) болып табылады.
2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдарына (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдарына және ғылыми-медициналық қызметпен шұғылданатын өзге де ұйымдарға бөлінедi.
3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық және білім беру қызметiмен шұғылдана алады.
Медицина ғылымы мен білім беру саласында ғылым кандидаты мен ғылым докторының ғылыми дәрежелері үшiн мына адамдарға:
1) медициналық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйкес;
2) ғылыми бағдарламаларды орындайтын медициналық ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдарына сәйкес қосымша ақы белгiленедi.
4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектiлерi қатысқан қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
47-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзiрлемелердiң басымдықтарын қалыптастыруды, азаматтардың денсаулығын сақтауды ғылыми қамтамасыз ету саласындағы республикалық бағдарламаларды үйлестiрудi, медицина ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзiрлеудi денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың кешендi сараптамасын жүзеге асырады.
9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру
48-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi
1. Денсаулық сақтау жүйесi үшiн кәсiби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметiнiң мiндеттерi болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиникалық базалар және мамандандырылған даярлықтың жоғары сапасын қамтамасыз ететiн қажеттi әлеуетi болған жағдайда жоғары, орта медициналық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медицина факультеттерiнде жүзеге асырылады. Білім беру қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшiн мемлекеттік үлгiдегi диплом, клиникалық мамандықтар бойынша - интернатураны бiтiргенiн растайтын мемлекеттік үлгiдегi куәлiк, маманның сертификаты олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуiне негiз болып табылады.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білім беру жоғары медициналық білім беру мен ғылыми ұйымдардағы клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада жүзеге асырылады. Клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау тәртібі туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган сұраныстарды ескере отырып орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандар даярлауды жоспарлау жүйесiн қамтамасыз етедi.
49-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктiлiк емтихандары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандары жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімi бар адамдардың кәсiби медициналық, дәрiгерлiк немесе фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткiзiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтиханы интернатурадағы, ординатурадағы, аспирантурадағы оқу аяқталғаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін колледждегі оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі. Біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіліп тұрады. Маман кезекті біліктілік емтиханына медициналық білім беру қызметіне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл ішінде біліктілігін арттырған жағдайда жіберіледі.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандарын өткізудiң нәтижелерi бойынша қолданылу мерзiмi бес жылға, біліктiлiк деңгейi туралы белгiленген үлгiдегi құжат (маманның сертификаты) берiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Маманның тиісті сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жеке тұлғаға дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
50-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты
1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектерi Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды.