Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қаңтардағы № 5 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
23-бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
« | | | |
| | 23.3 | Ядролық материалдар өндірісi |
| | 23.30 | Ядролық материалдар өндірісi |
| | | »; |
2) көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғары көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзімінде:
«Кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндіру» деген бөлім мынадай мазмұндағы үшінші жолмен толықтырылсын:
« | | | | |
Ядролық материалдар өндірісi | | | | |
| | | | »; |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа eнгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Мәсімов |