Қазақстанда АҚТҚ-жұқпасының алғашқы жағдайы 1987 жылы тіркелген. Анықталған жағдайларды тіркеуге негізделген статистикаға сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтарға АҚТҚ жұқтырғандардың жиынтық саны 5 657 адамды құрады, олардың 743-і қайтыс болған, оның ішінде ЖҚТБ-дан - 281. Елдегі тіркелген АҚТҚ бар адамдардың арасында 75,5%-ы тұрақты инъекциялық есірткіні тұтынушыларға (ИЕТ) келеді, 76 %-ын еркектер, 72%-ын - жұмыссыздар, 62%-ын - 15-29 жастағы адамдар құрайды. АҚТҚ-жұқпасы жүктілік, босану және емшек сүтімен қоректендіру кезеңінде анасынан жұқтырған 22 балада анықталды. Соңғы жылдары АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуінің тіркелуі үздіксіз өсіп келеді, оның үлесінде алғаш тіркелген жағдайлар арасында 2005 жылы 25% (2001 жылы 5%) болған, бір мезгілде жаңадан тіркелген жағдайлар құрылымында АҚТҚ жұқтырған әйелдердің үлесі ұлғайған (2001 жылы 19% болса, 2005 жылы 28%-ға жеткен).
2006 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан халқының арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуы медициналық ұйымдарға келу деректері бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 37,7-ні құрады. Жыныстық жолмен АҚТҚ жұқтырудың ұлғаю үрдісі байқалып отыр: 2001 жылы - 5,0%, 2002 жылы - 16,7%, 2003 жылы - 21,6 %, 2004 жылы - 29,3%, 2005 жылы - 25%.
Соңғы 5 жылда АҚТҚ жұқпасының жаңадан тіркелген жағдайларының қайта өсу үрдісі байқалып отыр: 2002 жылы - 735 жағдай, 2003 жылы - 746, 2004 жылы - 699 жағдай, 2005 жылы - 964 жағдай және 2006 жылдың 8 айында - 1112 жағдай.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның кумулятивтік тіркелген жағдайларының жыл сайын өсуі (2000 жылы - 100): 2001 жылы - 187-ні, 2002 жылы - 242-ні, 2003 жылы 297-ні, 2004 жылы - 349-ды, 2005 жылы - 420-ны құраған. Елімізде АҚТҚ-жұқпасы халықтың осал топтарының - инъекциялық есірткі тұтынушылардың арасында бұрынғыдай басымдықпен таралуда.
АҚТҚ-ның тіркелген жағдайларының саны елдің әр өңірінде кеңінен түрленген. 2006 жылдың басында АҚТҚ-жұқпасының ең көп таралуы Павлодар (100 мың тұрғынға 130, барлық тіркелген жағдай 968), Қарағанды облыстарында (100 мың тұрғынға 116, барлығы 1.547 жағдай) және Алматы қаласында (100 мың тұрғынға 75 барлығы 892 жағдай) байқалды. Қазақстанда АҚТҚ бар тіркелген адамдардың неғұрлым жоғары шоғырланған ошағы Қарағанды облысының Теміртау қаласы болып табылды (100 мың адамға 688, барлығы 1239 жағдай).
Қазақстанда 2006 жылы тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысының балалары арасында балалар медициналық ұйымдарында емдеуде болуымен байланысты індеттің бұрқ етуі тіркелді. 2006 жылғы қыркүйекке АҚТҚ-жұқпасы диагнозымен 55 бала тіркелді. АҚТҚ жұқпасы берілуінің негізгі факторлары донорлық қан мен оның компоненттерін құю, көп мәрте қолданылатын медициналық аспаптарды пайдалану дайындалатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігін және облыстық медициналық ұйымдарында дезинфекциялау-стерильдеу режимінің сақталуын бақылаудың нашарлауының салдары болып табылды.
АҚТҚ-жұқпасы өзінің дамуының алғашқы кезеңдерінде адамдарға денсаулық сақтау қызметтеріне жүгінуге уәждейтін клиникалық белгілерсіз өтетін болатындықтан, оның үстіне, жұқтырған адамдардың ішінде медициналық ұйымдармен байланысудан бас тартатын маргиналдық әлеуметтік топтардың саны орасан зор болғандықтан, АҚТҚ бар тіркелген адамдардың саны әлемде барлық жерде олардың нақты санынан едәуір төмен. АҚТҚ бар адамдардың дәл саны кейіннен нәтижелерін жалпы жиынтығына экстраполяциялай отырып, халықтың жекелеген топтарын репрезентативтік іріктеуде шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - ШЭҚ) жүргізуге көмектесу кезінде АҚТҚ-жұқпасының таралуын анықтау кезінде бағалау жолымен анықталады. Жүргізілген есептерге сәйкес 2005 жылы Қазақстанда АҚТҚ бар ересектер мен балалардың орташа бағалау саны 7800 инъекциялық есірткілерді тұтынушыларды (ИЕТ), 540 секс-қызметшілерді (СҚ), еркектермен жыныстық қатынастарда болатын 900 еркекті (ЕЖЕ) және 1200 сотталған адамды қосқанда 13600 адамды құрады.
АҚТҚ-жұқпасының кең таралуына ықпал ететін факторлар қауіпті инъекциялық және жыныстық мінез-құлық болып табылады. Қазақстанның жетекші ұлттық орталықтарының бірлескен бағалау деректеріне сәйкес елде есірткіні жүйелі тұтынатын адамдардың саны 200 мың адамға жеткен, олардың бесінші бөлігі ғана наркологиялық қызметте тіркелген. 150 мыңға жуық есірткі тұтынушы есірткіні, негізінен опиатты және ең алдымен героинді көктамырға енгізеді. 15-49 жастағы халық арасында ИЕТ-тің ең жоғары үлесі Алматы қаласында, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында (тиісінше 3,0%, 2,6% және 1,8%) анықталды.
Елдегі ИЕТ санының күрт көбеюі өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап байқалып келеді, бұл ел экономикасындағы дағдарысқа байланысты болды. Алайда, экономиканың тұрақтана бастағанына қарамастан, ИЕТ санының азаю үрдісі болған жоқ. ШЭҚ деректері бойынша ИЕТ көпшілігінің инъекциялық және жыныстық мінез-құлық АҚТҚ берілуі тұрғысынан қауіпті болып отыр. ИЕТ-тің 13,4%-ы ғана АҚТҚ берілуінен бара-бар қорғауды қамтамасыз ететін превентивті инъекциялық және жыныстық мінез-құлықты қабылдаған. ИЕТ арасында қауіпті инъекциялық мінез-құлықтың маркері болып табылатын С гепатиті қоздырғышына антидененің таралуы 2005 жылы 63%-ға, қауіпті жыныстық мінез-құлықтың маркері болып табылатын мерездің таралуы 9,3%-ға жетті. Бұл ретте АҚТҚ-теріс және АҚТҚ-оң ИЕТ арасында мерездің таралуында елеулі айырмашылықтар жоқ, бұл халықтың осы тобында белгіленген АҚТҚ жұқпасының таралу жағдайында жыныстық жолмен АҚТҚ берілуінің 3,4% жоғары әлеуетін айқындайды.
Қазақстанда СҚ саны ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың мамандары жүргізген ахуалды жедел бағалау (бұдан әрі - АЖБ) әдістемесі зерттеулерінің деректері бойынша 20 мың адамға жеткен. Бір жылдың ішінде олар жалпы алғанда шамамен 15 миллион жыныстық қатынасқа түседі, бұл елдегі жыныстық белсенді әр еркекке орташа 4 байланысты құрайды. Облыстық және қалалық ЖҚТБ орталықтары жүргізген ШЭҚ деректері СҚ қауіпті жыныстық мінез-құлқын айғақтайды, 2005 жылы олардың төрттен бірінің қанынан мерезге антидене табылған. СҚ-да АҚТҚ-жұқпасының таралуы 2005 жылы 2,1%-ды құраған, оның үстіне олардың есірткіні көктамырға жіберетін бесінші бөлігінде бұл көрсеткіш 8,3%-ды, ал есірткіні қолданбайтын СҚ-да - 1,3%-ды құраған. Жыныстық мінез-құлықтың жоғары қаупі еркектермен жыныстық қатынастарда болатын еркектер топтарында (ЕЖЕ) сипатталып отыр, сараптама бағаларына сәйкес Қазақстанда олардың саны 100 мыңға жуық адамды құрайды. Қауіпті инъекциялық және жыныстық практикалар қамаудағыларда сақталып отыр. Қарулы Күштердің жеке құрамы арасында мерездің таралуы жалпы жыныстық белсенді қауымдағы мерездің таралу санынан асып кетеді.
Соңғы жылдары Қазақстан, шамасы, ШЭҚ деректері бойынша 2005 жылы жүкті әйелдер арасында таралуы 2,4%-ды құраған мерез індетімен қайта ұшырасып отыр. Бұл келу деректері бойынша аталған жастағы қала халқында тіркелген мерездің таралуына қарағанда бір саты жоғары. Мерез індеті халық арасында қауіпті жыныстық мінез-құлықтың жоғары жиілігін дәйектеп қана қоймайды, сонымен бірге болуы АҚТҚ-ның берілу ықтималдығын 6-10 есе жоғарылататын жыныстық жолмен берілетін жұқпаларын (ЖЖБЖ) адамдардың жұқтыруының жоғары дәрежесімен байланысты АҚТҚ-жұқпасының берілу қаупін ұлғайтады. АҚТҚ бар адамдарда ЖҚТБ-ның өршуін шарттастыратын фактор туберкулез індеті (АҚТҚ-ны жұқтыру туберкулез өршуінің алдында болғанына немесе АҚТҚ-ны туберкулезбен ауыратын сырқат жұқтырғанына қарамастан) болып табылады.
Туберкулез өлім-жітімнің жетекші себебі болды және елде АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қайтыс болғандар санының 41%-ын (743 адамның 306-ы) құрады.
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында 2005 жылы есепте тұрған АҚТҚ бар адамдардың өлім-жітімі 1000 адамға шаққанда 50-ді құрады. Қазіргі кезде АҚТҚ-жұқпасы шоғырланып жатқан қауіпті инъекциялық және жыныстық мінез-құлқы бар адамдар топтары көбінесе халықтың неғұрлым әлеуметтік аз қорғалған жіктерінен толығып отыр. Олардың АҚТҚ-жұқпасына осалдығы ақпараттық-білім беру бағдарламаларына қол жеткізуінің жеткіліксіздігімен, ал мұндайлар болған кезде АҚТҚ-дан қорғану үшін өзінің білімдерін пайдалануының мүмкін болмауымен анықталады. АҚТҚ/ЖҚТБ індеті таралуының ішкі факторларымен қатар Қазақстан шектес мемлекеттердегі күрделі эпидемиологиялық ахуалға негізделген ішкі факторлардың өзіне қысымын бастан кешіп отыр. Өңірдің басқа елдерімен, атап айтқанда Ресей Федерациясымен және Қытайдың бірқатар шығыс провинцияларымен салыстырғанда Қазақстанда, АҚТҚ-жұқпасының таралуы әлі де жоғары емес. Алайда біздің елімізде бұл көрсеткіш Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары екені анық.
Сөйтіп, Қазақстанда 15-49 жастағы халық арасында АҚТҚ-жұқпасының шын мәнінде таралуы 0,2%-ға бағаланып отыр, бұл тіркелген жағдайлардың саны бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуынан шамамен 2,4 есе жоғары. Инъекциялық есірткілерді тұтыну Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің қозғаушы күші болып отыр. ИЕТ-те АҚТҚ-жұқпасының табылу ықтималдығы өзіне есірткі енгізбейтіндерге қарағанда екі есе дерлік жоғары. Алайда жыл өткен сайын АҚТҚ-жұқпасының жыныстық жолмен берілуі басымдық алып бара жатқаны әбден анық. Өзіне есірткі енгізбейтін СҚ-да АҚТҚ-жұқпасының табылу қаупі 2005 жылы ИЕТ-ке де, СҚ-ға да жатпайтын көпшілікке қарағанда бір саты жоғары болды. Осылайша АҚТҚ-жұқпасының ИЕТ-тен жыныстық жолмен бірте-бірте жалпы халыққа көшу үрдісі туралы айтуға болады. Елімізде адамдардың АҚТҚ-ны жұқтыруының салдары қайталап ауырудың тез өршуі және ЖҚТБ-дан өте жоғары өлім-жітім болып табылады.
Қазақстан Республикасында АҚТҚ/ЖҚТБ проблемаларының жай-күйін шешу үшін АҚТҚ/ЖҚТБ болған кезде көмек ұсыну және емдеу, нысаналық топтарда эпидемиологиялық ахуалды бағалау, індетке қарсы іс-қимыл шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар мониторингін жүргізу yшін ақпарат жинау тәртібі бойынша шетелдік оң тәжірибе зерделенді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстанның жағдайына бейімделе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ кезінде көмек ұсыну мен емдеу жөніндегі хаттамалар, АҚТҚ жұқпасын шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралардың мониторингі мен бағалау жөніндегі нұсқаулық әзірленді және енгізілді.
3.2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына қарсы іс-қимыл
жөніндегі іс-шараларға шолу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындауды Қазақстан аяқтады. Індеттің шоғырланған сатысында АҚТҚ-жұқпасының таралуын тұрақтандырудан және оның бас сатыға көшуін болдырмаудан тұратын Бағдарламаның мақсатына тұтастай алғанда қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен азаматтық қоғам Бағдарламаның басым міндеттерін шешті, онда мыналар қамтылды:
1) халықтың айрықша осал топтарының, ең алдымен ИЕТ, CҚ мен бас бостандығынан айырылған адамдардың арасында алдын алу шараларын іске асыру;
2) жастар арасында алдын алу іс-шараларын іске асыру;
3) АҚТҚ бар адамдарды емдеу және әлеуметтік қолдау.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде IIМ ішкі әскерлері, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт, Білім және ғылым, Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет министрліктері АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі егжей-тегжейлі бағдарламалар, сондай-ақ әрбір сектордың айқын міндеттемелері бар Қазақстанның облыстары мен қалалары деңгейінде АҚБҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.
Бағдарламаны орындау нәтижесінде есірткілер инъекцияларының зиянын азайту стратегиясы және СҚ мен бас бостандығынан айырылған адамдарға алдын алу қызметтерін ұсыну оқу жоспарларының вариативтік бөлігіне ықпалдастырылған жастарды оқыту бағдарламаларын іске асырумен қатар мемлекеттік саясаттың құрауыштары болды. Үкіметтің және донор ұйымдардың қолдауымен бүкіл ел бойынша осы контингентті ақпараттық-білім беру бағдарламаларымен, коммуникациялармен, кеңес берумен, шприцтер мен инелерді алмастырумен, презервативтермен және дезжұқпалау құралдарымен қамтамасыз ететін ИЕТ-ке арналған 134 сенім пункті жұмыс істейді. Сырқаттарды емдеуге халықаралық деңгейде танылған тәсілдерді пайдаланатын ЖЖБЖ емдеу жөніндегі 24 достық кабинеті ашылды. Әртүрлі медициналық ұйымдардың базасында 557 психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеті жұмыс істейді. Ретровирусқа қарсы терапия енгізілуде. Қосымша ресурстардың, ең алдымен ЖТБЖҚ қаражатын жұмылдырудың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, екі жақты және халықаралық донор ұйымдардың тарапынан қаржы бөлуді жыл сайын ұлғайтудың арқасында Бағдарламаны қаржыландыру оны іске асырудың басындағы 2%-дан 25%-ға дейін өсті.
Үкіметтік сектор мен азаматтық қоғамды жұмылдырудың, оларды үйлестіру мен серіктес болуының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Сонымен бірге Бағдарламада қойылған міндеттер толық көлемде шешілмеді, ал індеттің одан әрі өршуі қосымша қатер факторларының пайда болуына жағдай жасады. Бағдарламаны іске асырудың түпкі қорытындылары 2005 жыл аяқталысымен жасалған болатын. Нысаналы топтардың мінез-құлқы мен хабардарлығына жататын көптеген күткен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік болмады:
№ р/с | Негізгі индикатор | 2005 жылдың соңына жоспарланған ахуал | 2005 жылдағы ахуал | Жоспарланған ахуалға қол жеткізу болжамы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | АҚТҚ-ның: ИЕТ СҚ 15-49 жастағы халық арасында таралуы | <5 % <5 % <1 % | 3,4 % 2,1 % 0,2 % | Қол жетті Қол жетті Қол жетті |
2 | СҚ арасында мерездің серопреваленттілігі | <1 % | 25,7 % | Жоқ |
3 | Жүкті әйелдер арасында мерездің Серопреваленттілігі | <0,05 % | 2,4 % | Жоқ |
4 | ИЕТ-ті алдын алу бағдарламаларымен қамту | >50 % | 23,3 % | Жоқ |
5 | АҚТҚ/ЖҚТБ және оның алдын алу жолдары туралы хабардар болу: ИЕТ СҚ | >99 % >99 % | 38 % 41 % | Жоқ Жоқ |
6 | ИЕТ-тің басқа адамның шприцтері мен инелерін пайдалануы | <5 % | 10,5 % | Жоқ |
7 | Тұрақты емес серіктестермен презервативтерді пайдалану: ИЕТ СҚ | >95 % >95 % | 61,2 % 69,6 % | Жоқ Жоқ |
8 | АҚТҚ/ЖҚТБ және оның алдын алу жолдары туралы жастардың хабардар болуы | >95 % | 63,2 % | Жоқ |
9 | Жастардың тұрақты емес серіктеспен қатынас жасау кезінде презервативтерді пайдалануы | >95 % | 85,3 % | Жоқ |
10 | АҚТҚ-ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдардың емдеумен қамтылуы | >80 % | 37 % | Жоқ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасына сәйкес АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы тұру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қолдау және халықтың басым топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды күшейту;
2) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алуға бағытталған әлеуметтік және медициналық сипаттағы араласулар үшін олардың айқындығы дәрежесін ұлғайту мақсатында халықтың мінез-құлқы қауіпті топтарына қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру;
3) АҚТҚ/ЖҚТБ проблемаларын шешуде қоғамдық бірлестіктерді тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру;
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бағдарламалардың тиімділігін күшейту мақсатында ақпарат беруді және оқытуды жетілдіру;
5) халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің, ең алдымен нашақорлықты, жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды емдеудің, ретровирусқа қарсы терапия ұсынудың жоғары сапасымен қамтамасыз ету, халықтың басым топтарының жеке қорғаныш құралдарын пайдалану практикасын кеңейту;
6) АҚТҚ/ЖҚТБ жөніндегі бағдарламаларды басқаруды, үйлестіруді және орындауды жетілдіру.
Бұл бағыттардың әрқайсысын іске асыруда елеулі кемшіліктер байқалады.
3.2.1 Азаматтардың конституцияда кепілдік берілген
құқықтар мен бостандықтарын қолдау және халықтың басым
топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды күшейту
АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты қолданыстағы заңнаманың әлі де едәуір қайшылығы болып отыр. АҚТҚ бар адамдарды бір жағынан қорғай отырып, ол сол адамдар үшін шектеулерді белгілейді, екінші жағынан, АҚТҚ-жұқпасының таралуына қарсы іс-қимылға қатысы жоқ және қоғамдық денсаулық сақтаудың көзқарасымен мүлде негізделмеген. Бұған қоса, АҚТҚ бар адамдарға қатысты шектеу практикаларын іске асыру стигманы күшейтеді және АҚТҚ-жұқпасының таралуына ықпал етеді, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі - ҚАК) АҚТҚ бар адамдарды неғұрлым ауыр қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылатын түзету мекемелерінде ұстаудың бірқатар нормаларын белгілейді, мысалы, әдеттегі сотталғандардан өзгеше, АҚТҚ бар адамдарға айрықша жағдайларға (сырқаттың өміріне қатер төндіретін жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқасы; сотталған адамға немесе оның отбасына елеулі материалдық шығын келтіретін табиғи апат) байланысты, сондай-ақ ҚАК-тің 93-бабының 1, 2-баптарында көзделген өзге негіздер бойынша шығу берілмейді. Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасында сотталған ЖҚТБ-мен ауыратындарға және АҚТҚ жұқтырғандарға шығулар берілмейтін бөліктегі көрсетілген шектеулер алынып тасталатын ҚАК-ке өзгерістер енгізу көзделген. Бұдан басқа, заң жобасында сотталған ЖҚТБ-мен ауыратындардың және АҚТҚ жұқтырғандардың құқықтарына нұқсан келтіруді болдырмау мақсатында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын, жекелеп олардың орындарын ауыстыруды және күзетсіз қозғауға тыйым салуды немесе күзетілетін аумақтан тысқары жерлерге алып баруды өзгерту көзделген.
Қолданыстағы АҚТҚ-ға медициналық куәландыру ережесінде белгіленген мәжбүрлі (уәкілетті құқық қорғау органының қаулысы бойынша) және міндетті (донорлардан басқа) тестілеуді жүргізуге тыйым салынғанына қарамастан, заңнамада жұмыс берушілерге өз жұмыскерлерінен АҚТҚ-мәртебесі туралы сертификаттарды талап етуге тыйым салатын норма жоқ, бұл АҚТҚ бар адамдардың АҚТҚ-мәртебесімен байланысты емес формалды негіздемелер бойынша жалдаудан бас тартылатын олардың жұмысқа орналасуға қол жеткізуін қиындатады. Бұған қоса, «Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575 бұйрығы елдің бірқатар өңірлерінде халықтың аса осал топтары да, басқа топтары, атап айтқанда тамақ өндірісі жұмыскерлері мен басқалар да орындамайды.
Сөйтіп, Қазақстан азаматтары өзінің АҚТҚ-жұқпасы туралы хабардар болудан бұрын ол туралы білмейтінін дәлелдейтін жағдайда қалады, бұл кезде әлемдік практика жеке АҚТҚ-мәртебесі туралы ерікті және саналы хабардар болу АҚТҚ-жұқпасының алдын алудың маңызды шарасы болып табылатынын айғақтайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылы заңсыз сақтауда немесе айналымда табылған есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды аз, ірі және аса ірі мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық кестеге өзгерістер енгізді. Опиын тобы есірткі құралдарының аз мөлшерлерінің төменгі шектері сату мақсатсыз оларды сатып алумен, сақтаумен және тасымалдаумен байланысты әрекеттердің көпшілігі қылмыстыққа емес, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатқызылуы тиіс болуы үшін оларды көбейту жағынан қайта қаралды.
Медициналық есірткілерге қол жеткізе алмай, тәуелділіктен арыла алмайтын инъекциялық есірткілерді тұтынушылар заңсыз айналымда есірткі сатып алуға және әрине, оларды сақтауға, яғни қылмыстық жауапкершілікке бастайтын әрекеттер жасауға мәжбүр. Нәтижесінде ИЕТ мұндай бағдарламаларды ұсынатын қандай да бір ресми құрылымдармен байланысқа түскенше, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бағдарламаларына қатыспауға, ал демек, ИЕТ ретінде өзін сәйкестендірген және сонымен өзін құқық қорғау органдарының тарабынан санкциялар қатеріне қоюға уәжделген.
Елде коммерциялық секс пен еркектер арасындағы жыныстық қатынасты қоса алғанда ересек адамдардың арасында олардың өзара келісімі бойынша жыныстық өмірдің белгіленген түрлеріне тыйым салатын бұрын қолданылған қылмыстық заңдар күшін жойды, бұл халықтың қол жетуі қиын топтарына қол жеткізу жағдайын жақсартты. Алайда қолданыстағы АҚТҚ/ЖҚТБ жөніндегі заңнама әлі де халықтың осал топтары өкілдерін, атап айтқанда СҚ мен ЕЖЕ-ні кемсітуден қорғауды көздемейді. Заңнама сондай-ақ медицина қызметкерлерінің, БАҚ, халықтың осал топтарына қатысты жұмыс берушілердің және АҚТҚ бар адамдардың мінез-құлық кодекстерін белгілемейді.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына қарсы іс-қимылда, оңың ішінде халықтың аса осал топтарына қол жеткізуді қамтамасыз етуде YEҰ-ның айқын рөліне қарамастан, олардың қызметінің нормалары белгіленбеген, бұл халықтың нысаналы топтарымен YEҰ өз қызметін жүзеге асыруда да, үкіметтік сектормен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылында да қиындық келтіреді. Елде YEҰ қызметінің құқықтық жағын қамтамасыз ететін заңдар осы кезге дейін жоқ, бұл АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін YEҰ-ғa да қатысты.
3.2.2 Халықтың мінез-құлқы қауіпті топтарына
қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру
Барынша ашықтықты, демек, халықтың осал топтарын АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен мейлінше көбірек қамтуды қамтамасыз ету үшін олардың білім беру бағдарламаларына, медициналық сервиске бара-бар қол жеткізуін қамтамасыз ету және көмек ұсынатын осы топтар мен ұйымдардың арасындағы диалогты қолдау қажет.
Алайда ахуалды бағалау көрсеткендей, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдар көп жағдайда өзінің АҚТҚ мәртебесін ашу қызметтерді жеткізу тарапынан да, қоғамның тарабынан да кемсітуге әкеп соғатындықтан, оны ашпауға тырысады.
Халықтың осал топтары өздері алуға дайын жағдайларда тауарлар мен және қызметтермен әлі де қамтамасыз етілмеген:
1) ИЕТ-ке арналған сенім пункттері негізінен медициналық ұйымдарда құрылған және тек 15 сенім пункті ғана (14 %) бұл ұйымдардан тыс жұмыс істейді. Ахуалды жедел бағалау көрсеткендей, медициналық ұйымдармен байланыс нысаналы топқа әркез қолайлы бола бермейді. Бұған қоса, сенім пункттерінің көпшілігінің не жеке үй-жайы, не барлық жұмыс күні ішінде кабинеттің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін бөлінген қызметкерлер штаты, ИЕТ-тің қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс кестесі жоқ;
2) елдің көптеген қалаларында, оның ішінде Алматы мен Шымкентте ИЕТ өздерінің жеке бастарын сәйкестендіру және кейіннен полиция тарабынан өздеріне қатысты санкциялардың ықтималдығынан сенім пункттерінің қызметін пайдаланудан қауіптенеді;
3) СҚ арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша оларды оқытуға, кеңес беруге, ЖЖБЖ-ны емдеуге бағытталған араласулармен қатар, бірқатар қалаларда бірлескен медициналық-полициялық рейдтер әлі де жүргізіледі, олардың барысында СҚ мәжбүрлеу шараларына тартылады, бұл олардың көпшілігінің денсаулық сақтау қызметтерімен байланысудан және алдын алу бағдарламаларын алудан бас тартуына әкеледі;