«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1247 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум мынадай мазмұндағы 5-1-бөліммен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі»
АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған Кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған Кеңестің құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірінші басшылары кіреді. Мамандандырылған Кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде қоғамдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуді бағалауды жүргізеді.
Мамандандырылған Кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және кемінде екі жылда бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған Кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған Кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың Компаниялардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негізделген олардың қызметіне араласуына жол берілмейді».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |