«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 209-220-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
209, 210, 211, 212, 213 (құпия), 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
209-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік
жоспарлау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 960582 мың теңге (тоғыз жүз алпыс миллион бес жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы; «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 66 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ақша-кредит саясатының басымдықтармен өзара іс-қимылы үшін фискалдық, кеден және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру, экономиканың секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлікті және дағдыны жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру. Бюджеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлеу. Орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу. Республикалық бюджетті қалыптастыру. Мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларды оларды әзірлеу, жоспарлау және іске асыру кезінде келісу сатысында тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берілген қарыз алу мен қарыз, мемлекет кепілдігі бойынша қарызды жоспарлау мен талдауды жүзеге асыру. Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу. Мемлекеттік функциялар мен активтердің функционалдық талдауын жүргізу. Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер. ИСО халықаралық сапа стандарттарын енгізу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Үш бағыт бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) экономика және қаржы; 2) басқару; 3) гендерлік бюджеттеу. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Қызметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Уәкілетті органның ақпараттық жүйелері мен жергілікті міндеттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті есептеу, желілік, телекоммуникациялық және электр жабдықтарын, құрамдауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шығыс материалдар мен бағдарламалық өнімдер сатып алу, орнату, монтаждау және сүйемелдеу. Есептеу техникасы құралдары мен жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету. Интернет желісіне, VPDN және электрондық почтаға қолжетімділік қызметтері. жабдықтарды бөлшектеу және монтаждау. Негізгі құралдарды есепке алудың ақпараттық жүйелерін құру. Кадр қызметін автоматтандыру. Негізгі тауарлар нарығының статистикасы мен шолуын, жетекші елдер компаниялары мен салалардың рейтингтерін, сондай-ақ негізгі индустриялар мен әлем елдерінің ақпарат көздерін қамтитын онлайн дерекқорына қол жеткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерін, оның ішінде салық және бюджет жүйесі бойынша заңнамалық кесімдерді әзірлеуге қатысу.
Кәсіби деңгейін арттыру - 26 адам, мемлекеттік тілді оқытуға - 160 адам, ағылшын тілін оқытуға - 40 адам. Халықаралық іскерлік ақпаратқа тікелей қол жеткізу.
Түпкі нәтиже:
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді және экономикалық қызметтің түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін барынша салааралық және өңіраралық үйлестіру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру. Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 30,0 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға арналған орташа шығын - 13,12 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға арналған орташа шығын - 12,0 мың теңге. Халықаралық іскерлік ақпаратты (статистика, талдамалық есептер) іздеу, шолу, жүйелеу бойынша еңбек пен уақыт шығынын азайту.
Уақтылығы:
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын сапалы қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен өзара іс-қимыл үшін мемлекеттік фискалдық, кедендік және бюджеттік инвестициялық саясатты және ақша-кредит саясатын, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру.
Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс-жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, ағылшын тіліне оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%.
210-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
211-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені жаңғырту»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 413750 мың теңге (төрт жүз он үш миллион жеті жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: осы заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Министрліктің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін жаңарту және біріктіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені жаңғырту | Консалтингтік қызметтер, лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу. Стандартты қосымшаларды енгізу, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелерді кіріктіру үшін оларды модификациялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тиімді мемлекеттік жоспарлауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Түпкі нәтиже: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау процестерін автоматтандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы үшжылдық кезеңге арналған ресми трансферттердің көлемі туралы заңдардың;
тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Заңды іске асыру туралы және Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
жылдық қаржыландыру жоспарының жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ есептер дайындау және шешімдер қабылдау кезінде уақытты қысқарту;
2) әмбебап және икемді жоспарлау құралын құру жолымен шығындарды, теңгерімді көрсеткіштер жүйесін қысқарту;
3) бюджет процесіне мемлекеттік органдарды және мекемелерді тікелей тарту жолымен еңбек өнімділігін арттыру.
Уақтылығы: процестер мен операцияларды бақылау, мониторингін және талдау жүргізу жолымен жобалар әзірлеудің жеделдігін қамтамасыз ету.
Сапасы: жобаларды, есептерді әзірлеу және шешімдер қабылдау сапасын арттыру, олардың келісімсіздігін және қарама-қайшылығын жою.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
212-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың
(бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін
әзірлеу және сараптау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 700000 мың теңге (жеті жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 147, 148, 149 және 150-баптары; «Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды уақтылы дайындау, атап айтқанда:
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін заңнамада көзделген сараптамадан өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау | 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес жоспарланып отырған кезеңнің екінші немесе үшінші жылында іске асырылуы басталатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру үшін қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлу. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес жоспарланып отырған кезеңнің екінші немесе үшінші жылында іске асырылуы басталатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелеріне мемлекеттік және заңнамаларда көзделген басқа да сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін сараптамадан өткізу.
Түпкі нәтиже:
2009 жылы іске асырылуы басталатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) Басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне қосу.
Уақтылығы:
техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді қаржыландыру және оны 700 000 мың теңге сомаға сараптама жүргізу 2007 жыл ішінде жүзеге асырылады.
Сапасы:
100% әзірленген техника-экономикалық негіздемелер және жүргізілген сараптамалар белгіленген талаптарға сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
213-ҚОСЫМША (құпия)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
214-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 523296 мың теңге (бес жүз жиырма үш миллион екі жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 218-1, 218-2, 218-3, 218-4, 218-5, 218-6, 218-7, 218-8, 218-9-баптары; «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Концессияға берілуі мүмкін объектілер жөніндегі ұсыныстарды сараптамадан өткізу; мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларды бағалау және сараптамадан өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау | | | |
2 | | 100 | Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды сараптау | Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды сараптау | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
3 | | 101 | Концессиялық жобаларды бағалау мен сараптау | Мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларды бағалау және сараптау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға жүргізілген сараптама бойынша қорытынды;
Мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға жүргізілген бағалау мен сараптама бойынша қорытынды.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасында концессия институтын дамыту, концессияға берілуі мүмкін объектілер, концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама жүргізуге жұмсалатын шығындар.
Уақтылығы:
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
215-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 178 000 мың теңге (бір жүз жетпіс сегіз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы, «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті, ел экономикасының теңгерімділік деңгейін арттыруды іске асыруды қамтамасыз ету, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу;
жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар мен тетіктерді тұжырымдау, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша шараларды тұжырымдау;
әлемдік экономиканың даму үрдістерін, әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайды, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі мен дамуына әсер ететін елдердегі экономикалық ахуалды зерделеу, экономикаға сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуін бағалау және оның теріс салдарларын жұмсарту бойынша кешенді зерттеулер жүргізу;
экономикадағы инфляциялық процестерді талдау, экономика салаларында көлеңкелі экономикалық қызметті талдау;
елдің ішкі және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
экономиканың тиімді жұмыс істеуін талдау;
ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайын және даму болжамын талдау;
дамыған елдер тәжірибесін талдау негізінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын айқындау;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуын зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер | Экономикада болып жатқан инфляциялық процестердің талдамалық зерттеулері; көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық зерттеулер; әлемдік экономика, әлемдік тауар және қаржы нарықтары саласындағы жағдайдың талдамалық зерттеулері; елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжамы бойынша талдамалық зерттеулер; Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайын және даму болжамын талдамалық зерттеулер; экономиканың тиімді жұмыс істеуінің талдамалық зерттеулері; Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал қауіп-қатерлерін талдамалық зерттеулер; Қазақстанның аумақтық даму стратегиясы шеңберінде талдамалық зерттеулер; жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелер, экономиканы мемлекеттік басқару, нарықтарды моделдеу және реттеу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулердің басқа да бағыттары. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |