Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1283 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІІ «Шығындар» бөлімінде:
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
09 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» әкімшісі бойынша:
001 «Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «433308» деген сандар «448308» деген сандармен ауыстырылсын;
002 «Аумақтық органдардың аппараттары» кіші бағдарламасындағы «5066908» деген сандар «5051908» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Масімов |