Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 1238 Қаулысы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» ішкі функциясында, 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві»
бағдарламасында, 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында шығындар 100882600 (бір жүз миллион сегіз жүз сексен екі мың алты жүз) теңге сомасына ұлғайтылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу салтанатты рәсімін (инаугурациясын) өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 4 қаулысында:
2-тармақтағы «160000000 (бір жүз алпыс миллион)» деген сөздер «81277300 (сексен бір миллион екі жүз жетпіс жеті мың үш жүз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 305 қаулысында:
1-тармақтағы «31750000 (отыз бір миллион жеті жүз елу мың)» деген сөздер «9590100 (тоғыз миллион бес жүз тоқсан мың бір жүз)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |