Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1231 Қаулысы
Хатлон облысы Құмсаңғыр ауданында 2006 жылғы шілдеде болған жер сілкінісінің салдарын жою үшін Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты Тәжікстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсін.
3. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 88 мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында 204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» әкімшісі бойынша 100 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша шығындар Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомаға ұлғайтылсын;
13 «Басқалар» функционалдық тобында 09 «Басқалар» ішкі функциясында 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында 100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві» кіші бағдарламасында шығындар 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомаға азайтылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |