Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235
қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 1190 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
09 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» ішкі функциясында:
205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» әкімшісі бойынша:
001 «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «230843» деген сандар «225143» деген сандармен ауыстырылсын;
017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «3110» деген сандар «8810» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 72-1-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 4-жолда:
«өнімдерге ілесу» деген сөздер «өнімдерді құру және сүйемелдеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жергілікті жүйені монтаждау және дәлдеп келтіру, спутниктік байланыс жүйесі арқылы ақпараттық және мультимедиялық контентті беру жөніндегі қызметтер.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |