«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1158 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы етіп Асан Ералханұлын Досаевты сайлауды қамтамасыз етсін.
2. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ:
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, төраға;
Дәнебеков Оңғарбай Жидебайұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік процестер мен фукционалдық талдау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары;
Хисамутдинов Ильдар Ибрагимұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі директорының орынбасары;
Тәшенов Бақытбек Хәкімұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;
Айтмағамбетов Алтай Зафарұлы - Алматы энергетикалық институты радиотехника кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық байланыс академиясының академигі;
Арынғазин Асқар Қанапияұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры;
Досаев Асан Ералханұлы - «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |