7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 21,8 мың адам;
- Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар - 27,0 мың адам болады.
Соңғы нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған біржолғы ақшалай өтемақылар бойынша өткен жылдар міндеттемелерін орындауы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін - 21775 теңге;
- жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін - 16485 теңге болады.
Уақтылығы: өтініштер түсуіне байланысты жыл бойы.
Сапа: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған біржолғы ақшалай өтемақыларды 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
137-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3600000 мың теңге (үш миллиард алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 маусымдағы Заңының 4, 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне аз қам- тылған жанұя- лардан 18 жасқа дейінгі балалар- ға мем- лекеттік жәрдем- ақы төлеуге ағымда- ғы ны- саналы транс- ферттер | Аз қамтылған отбасы- лардың 18 жасқа дейін- гі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер- ді аудару. Аз қамтылған отбасы- лардың 18 жасқа дейін- гі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін уақтылы ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. Облыс әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер: жылына 367 910 балаларға жәрдемақы, оның ішінде: Ақмола - 13490, Ақтөбе - 18191, Алматы - 51099, Атырау - 40879, Шығыс-Қазақстан - 30657, Жамбыл -15984, Батыс-Қазақстан - 15330, Қарағанды - 34808, Қостанай - 38324, Қызылорда - 14103, Павлодар - 12264, Солтүстік-Қазақстан - 30659, Оңтүстік-Қазақстан - 15122 облыстарына төлеу.
Соңғы нәтижелер: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айына 1030 теңге құрайды.
Уақтылығы: кестеге сәйкес әр айдың 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларды мемлекеттің қолдауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
138-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін
құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 684864 мың теңге (алты жүз сексен төрт миллион сегіз жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қуғын-сүргін құрбандары ретінде танылған азаматтардың моралдық зияндарын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген көлемде жаппай қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Ақталған азамат- тарға - жаппай саяси қуғын- сүргін құрбан- дарына біржолғы ақшалай өтемақы | Ақталған азаматтар - жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ақталған азаматтар - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны 10300 адам.
Соңғы нәтиже: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моралдық зияндарын өтеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері 66452 теңгені құрайды.
Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.
Сапа: ақталған азаматтар - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
139-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1030 мың теңге (бір миллион отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығының 1, 2-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына материалдық көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шақыру бойынша әскери қызметін атқару кезінде немесе босатылғаннан кейін әскери қызметін өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауыру салдарынан қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін әлеуметтік көмекті уақытында қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қаза болған, қайтыс болған әскери қызмет- шілердің ата-ана- ларына, асырап алушы- ларына, қамқор- шыларына біржолғы төлемдер | Қаражатты облыстық, Астана, Алматы қала- ларының жұмыспен қам- туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарла- малар департаменттері (басқармалары) ұсын- ған қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата- аналарына, асырап алушыларына, қамқор- шыларына біржолғы жәрдемақы төлеміне қажеттіліктер туралы өтінімге сәйкес аударуды ұйымдастыру. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақыларды төлеу. Алушылардың жылдық болжамды орташа саны - 10 адам.
Соңғы нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарын, асырап алушыларын, қамқоршыларын материалдық қолдау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына:
- әскери қызметін өткеру кезеңінде немесе жарақат, контузия, ауру себебінен әскери қызметтен босатылғаннан кейін (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 87750 теңге көлемінде;
- әскери қимылдар кезінде (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 117000 теңге көлемінде берілетін біржолғы төлемдерді уақытында жүзеге асыру.
Уақтылылығы: жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктеріне сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдерді уақытында беру.
Сапа: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер түрінде мемлекеттік қолдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
140-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60541 мың теңге (алпыс миллион бес жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Еңбекті қорғау сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерттеу- лер | I. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында: 1. Өндірістік фактор- лардың бала туатын (фертильдік) жастағы әйелдердің денсаулығы- на әсер етуі. 2. Еңбек жағдайларының Қазақстан Республикасы экономикасының жетекші салаларындағы жарақат- танушылыққа әсер етуі. 3. Еңбек жағдайлары зиянды өндіріс қызмет- керлеріне емдеу-алдын алу тағамдары мен дәрумендік препараттар беруді қолдану негі- зінде режимге және еңбек жағдайларына бейімделуді қалпына келтіру тетіктерінің тиімділігін зерттеу. 4. Өзгермелі еңбек жағдайларына қызметкер ағзасы бейімделуінің бұзылуы диагностикасы мен түзеу критерийле- рін әзірлеу. 5. Өндіріс процесін- дегі қызметкерлердің функционалдық күш жұм- сауының психофизиоло- гиялық диагностикасы жүйесін әзірлеу. 6. Еңбекті қорғаудың және Алматы қаласы кәсіпорындары үлгісі- мен шағын және орта бизнес өнеркәсіптік кәсіпорындары қызмет- керлерінің денсаулық жай-күйін жақсартудың өзекті проблемалары. 7. Республиканың өнер- кәсіп кәсіпорындарын- дағы өндірістік жара- қаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу. 8. Өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйе- леріне арналған қауіп- сіздік критерийлерін әзірлеу. 9. Өндірістік жарақат- тану мен кәсіптік ау- рулар бойынша деректер базасын құру. 10. Өнеркәсіп кәсіпо- рындарына арналған ең- бекті қорғау қызметте- рі санының нормативте- рін есептеу әдістеме- сін әзірлеу. II. Активтер сатып алуға арналған күрделі трансферттерді Қазақ- стан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми- нистрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақтан Рес- публикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөнін- дегі ғылыми-зерттеу институтына аудару бағыттары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 2 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигиеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 бағытта, еңбекті қорғау бойынша 5 бағытта қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін 0,5%, санитария-гигеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 1%, жұмыс уақытын жоғалтуды 0,8% төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 4731,6 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
141-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7183044 мың теңге (жеті миллиард бір жүз сексен үш миллион қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету, зейнетақылық жарналар есебін қамтамасыз ету, тиімді зейнетақы және жәрдемақы жүйесін және тиісті деректер базасын қалыптастыру және қызмет етуін қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы және жәрдемақы, сонымен қатар басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру;
- зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу;
- зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған ортақ базасын жүргізу;
- әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Зейне- тақылар мен жәрде- мақылар төлеуді қамтама- сыз ету | Зейнетақылардың; мем- лекеттік базалық зей- нетақы төлемдерінің; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; арнаулы мемлекеттік жәрдема- қы; жерлеуге арналған жәрдемақылардың; жер- асты, ашық кен жұмыс- тарында, еңбек жағдай- лары ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың; зей- неткерлерге, мемлекет- тік әлеуметтік жәрде- мақы алушыларға, Семей ядролық сынақ полиго- нындағы ядролық сынақ- тардан зардап шеккен азаматтарға берілетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылардың; бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы- лардың; бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың; ақталған азаматтар - саяси қуғын сүргін құрбандарына берілетін ақшалай өтемақы төлем- дерінің төленуін қамтамасыз ету; өткен жылдардың міндеттеме- лерін орындау; Зейнет- ақы және жәрдемақы тағайындау үшін алушы- лардың іс-қағаздар макетін қалыптастыру. Қазақстан Республика- сының барлық азаматта- рына әлеуметтік жеке кодтар беру. Міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізу және аудару. Әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар мен төлемдердің дербестен- дірілген есебін жүргізу. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлер туралы ақпарат беру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына қате ауда- рылған төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпа- ратпен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми- нистрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметтер шеңберінде тұрмыстық, кеңсе және есептеу техникасын, жиһаз, басқада шығыс материалдарын сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі, "Зейнета- қы төлеу жөніндегі мемле- кеттік орталық" РМҚК. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- ЗТМО-ның облыстық, қалалық аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын 12% автоматтандыру;
- зейнетақы және жәрдемақы деректер қорының тиімді қызмет етуі.
Соңғы нәтиже:
- Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақы мен жәрдемақылардың толық, нақты және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
- зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы аударымын және толық есепке алуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: "ЗТМО" РМҚК шоттары арқылы өтетін қаржылық ағымдарға әкімшілік жасау шығындарының үлесі "ЗТМО" РМҚК төлейтін әлеуметтік төлемдердің жалпы шығынына қатысты 1,39%-дан 1,32% төмендейді.
Уақтылығы: күнделікті жыл бойында.
Сапа: зейнетақы және жәрдемақылардың уақтылы және толық төленуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
142-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша
ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 51356 мың теңге (елу бір миллион үш жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек рыногы, жұмыспен қамту жөнінде мониторингті, республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жұмыспен қамту және халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жұмыспен қамту және ке- дейшілік базасы бойынша ақпарат- тық-тал- дамалық қамтама- сыз ету | Жұмыспен қамту базасы бойынша бағдарламалы- қолданбалы шағын жүйеге ілесу: - өңірлердің ақпарат базалары негізінде жұ- мыспен қамту дерекқор- ларын өзектендіру; - республикадағы еңбек нарығының жай-күйі бойынша ақпараттық- талдау материалдарын дайындау. Шетелдік жұмыс күшін әкелу мониторингін жүргізу: - өңірлер, қызмет түрлері бойынша басқа елдердің мамандарын тартатын жұмыс беруші- лердің дерекқорларын қолдау; - өтініштер мен олар бойынша берілген рұқсаттар дерекқоры; - шетелдік мамандардың дербес есебінің базасы; - шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар- да қайта оқытылған Қазақстан Республика- сының азаматтарының санының ішінде ашылған қосымша жұмыс орындары туралы деректер қоры. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша бағдарламалық- қолданбалы шағын жүйеге ілесу, қолдау: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың өңірлік базасына ілесу; - республикадағы кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөнінде ақпарат дайындау. Қазақстан Республика- сы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми- нистрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілген қызметтер шеңберінде лицензиялық бағдарла- малық қамтамасыз ету, шығыс материалдарын және жинақтау артық бөлшектерін сатып алу. | Ай сайын | Қазақстан Республи- касының Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Атаулы әлеуметтік көмек", "Жұмыспен қамту" бағдарламалық өнімдеріне ілесу. Қолданыстағы деректер базасын ұлғайту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. "Соцкарта" АЖ жер-жерде енгізілуін ескере отырып "АӘК" АЖ дамыту. "18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар" ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу.
Соңғы нәтиже: орталық және өңірлік атқарушы органдарды ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету. www.e№ bек.kz сайтына елдің еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жағдайы туралы халықты ақпараттандыру жүйесін орналастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені енгізу еңбек өнімділігін орта есеппен 10% арттырады.
Уақтылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.