«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1118 Қаулысы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысының ЖҚТБ-ға қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталығын жарақтандыруға Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне аудару үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы сомасы 100101400 (бір жүз миллион бір жүз бір мың төрт жүз) теңге нысаналы трансферттер бөлінсін.
2. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында, 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
«109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу»;
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында, 09 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» ішкі функциясында 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша «109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар Оңтүстік Қазақстан облысының ЖҚТБ-ға қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталығын жарақтандыруға 100101 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;
13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» ішкі функциясында, 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:
010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында, 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында шығындар 100101 мың теңге сомасына азайтылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |