«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қарашадағы № 1102 Қаулысы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2006 жылғы 1-5 қыркүйекте Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайының ашылуына байланысты өткізілген іс-шаралар ресми іс-шаралар болып танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.С.Әшімбаев 2006 жылғы 21 тамызда бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайының салтанатты ашылуы жөніндегі ресми іс-шараларды өткізуге «Сембол Иншаат Туризм Ятырым Ишлетмеджилик Санайы ве Тиджарет» акционерлік қоғамы филиалының жұмсаған шығындарының орнын толтыру үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 193359400 (бір жүз тоқсан үш миллион үш жүз елу тоғыз мың төрт жүз) теңге бөлінсін.
3. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында, 01»Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» ішкі функциясында, 694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» әкімшісі бойынша, 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайының салтанатты ашылуы жөніндегі ресми іс-шараларды өткізуге «Сембол Иншаат Туризм Ятырым Ишлетмеджилик Санайы ве Тиджарет» акционерлік қоғамы филиалының жұмсаған шығындарының орнын толтыру үшін 193359,4 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;
13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» ішкі функциясында, 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша, 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында шығындар 193359,4 мың теңге сомасына азайтылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |