«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 470и Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 407-қосымшада:
1) 2-тармақ «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығы;» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 Жарлығы;» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4 және 5-тармақтарда «және мәслихаттар депутаттарын», «және мәслихаттар депутаттарының» деген сөздер тиісінше «, мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін», «, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 6-жолда «және мәслихаттар депутаттарын» деген сөздер «, мәслихаттар депутаттарын және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |