166. Осы тарауда аталған лауазымды адамдардың шет мемлекетке сапарын ұйымдастыру үшін мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылған жұмыс тобы жіберіледі.
Мүдделі мемлекеттік органдар болжанатын шығу күніне дейін кемінде он жұмыс күні бұрын Сыртқы істер министрлігіне өз өкілдерін жұмыс тобының құрамына енгізу жөнінде ұсыныстар жібереді.
Жұмыс тобының түпкілікті құрамын өкілдері межелі пунктке іссапарға жіберілетін мемлекеттік органдармен келісу бойынша Сыртқы істер министрлігі айқындайды.
18-тарау. Конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік орындардың басшылары, мемлекет басшыларына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, министрлер, орталық атқарушы органдардың басшылары, үкіметтің құрамына кірмейтін ведомстволардың басшылары қатысатын іс-шараларды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық мәселелері
167. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттердің конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік органдары басшыларының, шет мемлекеттер басшыларына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының, шет мемлекеттер министрлерінің, шет мемлекеттердің орталық атқарушы органдарының басшылары мен үкіметтерінің құрамына кірмейтін ведомстволары басшыларының Қазақстан Республикасына сапары шақырған мемлекеттік орган пысықтаған, Сыртқы істер министрлігімен келісілген бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
168. Бағдарламада тараптардың келісуі бойынша кездесулер мен келіссөздер, қабылдау және басқа да іс-шаралар көзделеді.
169. Сапардың іс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының құрамын қабылдаушы мемлекеттік орган Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша айқындайды.
170. Шетелдік делегацияны қабылдау және оған қызмет көрсету деңгейі екіжақты қатынастар деңгейімен, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескеріле отырып айқындалады.
171. Қарсы алуға (шығарып салуға) тараптардың болу бағдарламасында айқындалған лауазымды адамдары қатысады.
172. Шақырушы мемлекеттік органның ұсынысы бойынша мейманның қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін.
173. Шетелге (шетелден) шыққан (келген) кезде конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік органдардың басшыларын, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын, министрлерді, республикалық ведомстволардың басшыларын әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) тиісті мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
174. Конституциялық мәртебесі бар мемлекеттік органдардың басшылары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, министрлер қатысатын іс-шараларды, оның ішінде шет мемлекеттердің өкілдерімен кездесулер мен келіссөздерді олардың аппараттары (хатшылықтары) Сыртқы істер министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп жоспарлайды, келіседі және өткізеді.
19-тарау. Шет мемлекеттер басшыларының және шетелдік үкіметтер басшыларының арнаулы өкілдері қатысатын іс-шараларды протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету
175. Шет мемлекеттер басшыларының арнаулы өкілдері Президенттің меймандары, ал шетелдік үкіметтер басшыларының арнаулы өкілдері Үкіметтің меймандары ретінде қабылданады.
Сапардың форматы, осы санаттағы адамдарды қарсы алу (шығарып салу), орналастыру, тамақтандыру, оларға көліктік қызмет көрсету мәселелері Премьер-Министрдің өкімімен айқындалады.
Президенттің және Премьер-Министрдің арнаулы өкілдерін әуежайда шетелге (шетелден) шығарып салуға (қарсы алуға) шетелдік сапарды ұйымдастыруға жауапты адамдар қатысады.
Арнаулы өкілдің шет елде болу бағдарламасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жасалады.
20-тарау. Халықаралық ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының Қазақстан Республикасына сапарын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету
176. Халықаралық ұйымдардың басшылары (олардың орынбасарлары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің меймандары ретінде қабылданады.
Әуежайда мейманды Сыртқы істер министрінің орынбасары (Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы) және халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы қарсы алады (шығарып салады).
Мейманның автомобиліне халықаралық ұйымның туы орнатылады.
177. Тараптардың келісуі бойынша халықаралық ұйым басшысының болу бағдарламасында Президентпен, Премьер-Министрмен, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының төрағаларымен және басқа да лауазымды адамдарымен кездесу көзделеді.
178. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін.
21-тарау. Шет мемлекеттердің бұрынғы мемлекет басшыларының, үкімет басшыларының және сыртқы саясат ведомстволары басшыларының сапары
179. Шет мемлекеттердің бұрынғы мемлекет басшыларының, үкімет басшыларының және сыртқы саясат ведомстволары басшыларының сапарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру мәселелерін шешуді Қазақстан Республикасының шақырушы мемлекеттік органы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша жүзеге асырады.
22-тарау. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысатын іс-шараларды протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету
1-параграф. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер басшыларының келуі және кетуі
180. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі Қазақстан тарапының тиісті келісімін (агреманын) алғаннан кейін жаңадан тағайындалған шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі басшысының (бұдан әрі - жаңадан тағайындалған Елші) Қазақстан Республикасына келетін күні мен уақыты туралы Сыртқы істер министрлігіне хабарлайды.
181. Астана қаласына келген кезде жаңадан тағайындалған Елшіні Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкері қарсы алады.
Жаңадан тағайындалған Елші мен оның отбасы мүшелері үшін әуежай VIP-залының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету төлемақысыз жүзеге асырылады.
182. Дипломатиялық өкілдік Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясын аяқтайтын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі басшысының (бұдан әрі - кететін Елші) миссиясы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кететін күні мен уақыты туралы Сыртқы істер министрлігін алдын ала хабардар етеді.
Тараптардың келісуі бойынша кететін Елшінің мемлекет, Сыртқы істер министрлігі басшылығымен және Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды адамдарымен кездесуі көзделеді.
2-параграф. Сенім грамоталарын тапсыру
183. Дипломатиялық өкілдік жаңадан тағайындалған Елшінің сенім грамоталарын тапсыруға әзір екендігі туралы Сыртқы істер министрлігіне нота тәртібімен хабарлайды, сондай-ақ сенім грамоталарының көшірмесін тапсыру және сенім грамоталарын тапсыру рәсімімен танысу үшін Сыртқы істер министрлігінде кездесуге сұрау салады.
184. Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі Президент Әкімшілігімен келісу бойынша Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен өткізіледі.
185. Жаңадан тағайындалған елшілердің келу кезектілігі Қазақстан Республикасына келген күні мен уақытына сәйкес айқындалады.
186. Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Президент Әкімшілігінің Басшысы, Сыртқы істер министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қатысады.
3-параграф. Шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне орай олардың дипломатиялық өкілдіктеріндегі іс-шаралар
187. Шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне орай олардың дипломатиялық өкілдіктері ұйымдастыратын қабылдаудағы бас мейманды шет мемлекетпен қарым-қатынас деңгейі мен өзара сыйластық қағидатын ескере отырып, Сыртқы істер министрлігі айқындайды. Тиісті мемлекеттік органдар бас мейманның сөйлейтін сөзінің жобасын дайындайды және оны Сыртқы істер министрлігіне келісуге жібереді.
Шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне орай олардың дипломатиялық өкілдіктері ұйымдастыратын қабылдауларда екі елдің мемлекеттік гимндерін орындау (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бірінші болып орындалады) және мемлекеттік туларды орнату (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бірінші болып немесе тулардың тақ саны орнатылатын болса, ортада орналастырылады) көзделеді.
4-параграф. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері басшыларының Қазақстан Республикасының басшылығына протоколдық баруы
188. Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін, Қазақстан Республикасы басшылығының тиісті шет мемлекеттерге шетелдік сапарының алдында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай олардың Қазақстан Республикасының басшылығына протоколдық баруын ұйымдастырады.
5-параграф. Президенттің дипломатиялық миссиялар басшыларымен жыл сайынғы кездесуі
189. Сыртқы істер министрлігі Президент Әкімшілігімен бірлесіп Президенттің шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты резиденциялары бар дипломатиялық өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен жыл сайынғы кездесуін ұйымдастырады.
Кездесу аяқталғаннан кейін қабылдау өткізу көзделеді.
23-тарау. Шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне орай құттықтау хаттары
190. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне орай осы мемлекеттердің басшыларына Президенттің атынан құттықтау хаттары жолданады.
191. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шет мемлекеттердің мемлекет, үкімет және сыртқы саясат ведомствосы басшыларының лауазымына кірісуіне орай тиісінше Президент, Премьер-Министр және Сыртқы істер министрі қол қоятын құттықтау хаттары жолданады.
192. Құттықтау хаттары шарттар жасасқан күндерге жыл толуына орай, екіжақты қатынастарға қатысты мерейтойлық күндер мен жыл толу күндеріне байланысты жіберілуі мүмкін.
Құттықтау хаттарының жобаларын Сыртқы істер министрлігі дайындайды, белгіленген тәртіппен бекітеді және тиісті елдердегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері арқылы жібереді.
193. Ұлттық мереке болып табылмайтын мерекелерге орай құттықтау хаттары бастама түрінде жіберіледі.
24-тарау. Шет мемлекеттердегі аза тұту оқиғаларына байланысты хаттар
194. Көңіл айту хаттарының (жеделхаттарының) жобаларын Сыртқы істер министрлігі дайындайды, белгіленген тәртіппен бекітеді және тиісті елдердегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы жібереді.
25-тарау. Естелік сыйлықтар
195. Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасына сапары кезінде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының атынан естелік сыйлықтар беру көзделеді.
196. Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының шетелге сапары кезінде шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдарына естелік сыйлықтар беру көзделеді.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
1-ҚОСЫМША
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. | Президент |
2. | Премьер-Министр |
3. | Парламент Сенатының Төрағасы |
4. | Парламент Мәжілісінің Төрағасы |
5. | Мемлекеттік кеңесші |
6. | Президент Әкімшілігінің Басшысы |
7. | Экс-Президенттер |
8. | Конституциялық Сот Төрағасы |
9. | Жоғарғы Сот Төрағасы |
10. | Ұлттық Банк Төрағасы |
11. | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
12. | Бас Прокурор |
13. | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
14. | Орталық сайлау комиссиясының төрағасы |
15. | Президенттің Іс басқарушысы |
16. | Премьер-Министрдің орынбасарлары (тағайындалған күні бойынша) |
17. | Президенттің көмекшілері (тағайындалған күні бойынша) |
18. | Президент Кеңсесінің бастығы |
19. | Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы |
20. | Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы |
21. | Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары |
22. | Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары |
23. | Ішкі істер министрі |
24. | Қорғаныс министрі |
25. | Сыртқы істер министрі |
26. | Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы |
27. | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
28. | Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күні бойынша) |
29. | Үкімет Аппаратының Басшысы |
30. | Министрлер (тағайындалған күні бойынша) |
31. | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері (тағайындалған күні бойынша) |
32. | Президенттің кеңесшілері |
33. | Президенттің арнаулы өкілдері |
34. | Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы |
35. | Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары |
36. | Президенттің Протокол қызметінің бастығы |
37. | Президенттің Баспасөз хатшысы |
38. | Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары |
39. | Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен) |
40. | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
41. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
42. | «Алтын Қыран» орденінің иегерлері мен «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған адамдар |
43. | Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күні бойынша) |
44. | Конституциялық Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша) |
45. | Жоғарғы Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша) |
46. | Төтенше және Өкілетті елшілер (тағайындалған күні бойынша) |
47. | Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл |
48. | Сот әкімшілігінің басшысы |
49. | Ұлттық компаниялардың басшылары |
50. | Өзге де мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер |
51. | Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары |
Ескертпе: жекелеген жағдайларда лауазымды адамдардың үлкендігі іс-шараның күн тәртібіне орай айқындалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
2-ҚОСЫМША
Халықаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. | Президент |
2. | Премьер-Министр |
3. | Парламент Сенатының Төрағасы |
4. | Парламент Мәжілісінің Төрағасы |
5. | Мемлекеттік кеңесші |
6. | Президент Әкімшілігінің Басшысы |
7. | Экс-Президенттер |
8. | Сыртқы істер министрі |
9. | Конституциялық Сот Төрағасы |
10. | Жоғарғы Сот Төрағасы |
11. | Ұлттық Банк Төрағасы |
12. | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
13. | Бас Прокурор |
14. | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
15. | Орталық сайлау комиссиясының төрағасы |
16. | Президенттің Іс басқарушысы |
17. | Премьер-Министрдің орынбасарлары (тағайындалған күні бойынша) |
18. | Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі |
19. | Президенттің көмекшілері (тағайындалған күні бойынша) |
20. | Президент Кеңсесінің бастығы |
21. | Төтенше және Өкілетті елшілер (тағайындалған күні бойынша) |
22. | Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы |
23. | Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы |
24. | Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары |
25. | Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары |
26. | Қорғаныс министрі |
27. | Ішкі істер министрі |
28. | Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы |
29. | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
30. | Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күні бойынша) |
31. | Үкімет Аппаратының Басшысы |
32. | Министрлер (тағайындалған күні бойынша) |
33. | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері (тағайындалған күні бойынша) |
34. | Президенттің кеңесшілері |
35. | Президенттің арнаулы өкілдері |
36. | Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы |
37. | Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары |
38. | Президенттің Протокол қызметінің бастығы |
39. | Президенттің Баспасөз хатшысы |
40. | Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі |
41. | Сыртқы істер министрінің орынбасарлары |
42. | Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы |
43. | Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары |
44. | Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен) |
45. | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
46. | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
47. | «Алтын Қыран» орденінің иегерлері мен «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған адамдар |
48. | Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күні бойынша) |
49. | Конституциялық Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша) |
50. | Жоғарғы Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша) |
51. | Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл |
52. | Сот әкімшілігінің басшысы |
53. | Ұлттық компаниялардың басшылары |
54. | Өзге де мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер |
55. | Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары |
Ескертпе: жекелеген жағдайларда лауазымды адамдардың үлкендігі іс-шараның күн тәртібіне орай айқындалуы мүмкін.
ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2015.18.06. № 40 Жарлығымен; 2017.05.05. № 471 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 76 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.05.04. № 545 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 615 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 927 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.11. № 5 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 12 қазандағы
№ 201 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
1-ҚОСЫМША
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі
Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
6-1. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің Басшысы
7. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
8. Жоғарғы Сот Төрағасы
8-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
9. Ұлттық Банк Төрағасы
10. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
11. Премьер-Министрдің орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
12. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма Төрағасы
13. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
14-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
14-2. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
14-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
15. Президент Кеңсесінің бастығы
16. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
17. Бас прокурор
18. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
19. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
20. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
21. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
22. Президенттің Іс басқарушысы
22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі
23. Президенттің көмекшілері
23-1. Тұңғыш Президент - Елбасының көмекшілері
24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
24-1. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
25. Президенттің кеңесшілері
25-1. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-2. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-3. Тұңғыш Президент - Елбасының кеңесшілері
26. Президенттің Протокол қызметінің бастығы
27. Президенттің Баспасөз хатшысы
28. Президентке бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары (мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
29. Сыртқы істер министрі
30. Қорғаныс министрі
31. Ішкі істер министрі
32. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33. Министрлер (министрліктердің мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен).
34. ҚР Президентінің 2019.18.09. № 163 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35. ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері (облыстардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
37. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
38. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
39. Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
40. Төтенше және өкілетті елшілер (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
41. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
42. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
42-1. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
42-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
43. Конституциялық Кеңестің мүшелері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
44. Жоғарғы Соттың судьялары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
45. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас муфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
46. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
47. Ұлттық компаниялардың басшылары
48. Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
49. ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50. Министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері
51. Парламент палаталары аппараттарының басшылары
52. Өзге де мемлекеттік саяси қызметшілер
52-1. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары
53. Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
54. Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары
55. Іскер топтардың көрнекті өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
Зайыбы (жұбайы) өз жұбайының (зайыбының) үлкендігін иеленеді
ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2015.18.06. № 40 Жарлығымен; 2017.05.05. № 471 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 76 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.18.01. № 495 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.05.04. № 545 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 615 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 927 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.11. № 5 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 12 қазандағы
№ 201 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
2-ҚОСЫМША
Халықаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан
Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
6-1. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің Басшысы
7. Сыртқы істер министрі
8. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
9. Жоғарғы Сот Төрағасы
9-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
10. Ұлттық Банк Төрағасы
11. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
12. Премьер-Министрдің орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
13. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма Төрағасы
14. Президент Әкімшілігі Басшысының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары
15. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
16-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкiлi
16-2. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
16-3. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
16-4. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
17. Президент Кеңсесінің бастығы
18. Төтенше және өкілетті елшілер (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
19. Лауазымды адам - тиісті үкіметаралық комиссияның тең төрағасы (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
20. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
21. Бас прокурор
22. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
23. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы