1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған конкурсқа шығарылатын лот (лоттар);
2) конкурстың өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат;
3) конкурстық өтінімдер берудің тәсілі, орны және түпкілікті мерзімі мен олардың қолданылу мерзімі;
4) пайдалану үшін учаске беру шарттары, оның нысаналы мақсаты;
5) жер учаскесінің ауданы көрсетіліп, учаске сызбасы қоса берілген таңдау актісі қамтылады.
44. Әлеуетті қатысушылардың конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылауы осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
45. Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруды орналастыру осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
46. Конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына ұлттық парктің, жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.
47. Конкурстық құжаттаманы алу үшін әлеуетті қатысушы ұлттық паркке лоттарды көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. Өтінішті осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберуге болады.
48. Ұлттық парк конкурстың әлеуетті қатысушыларын тіркегенге дейін конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
49. Конкурстың әлеуетті қатысушысы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес конкурстық өтінім дайындайды және жабық конвертте ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап конкурстық өтінім берген тұлға конкурсқа қатысушы мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
50. Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады:
1) лоттар көрсетілген конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін - жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін пайдалану және абаттандыру жоспары;
4) тендерге қатысушының уақытша объектілер орналастыруға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
51. Конкурсқа қатысуды шектейтін және орынсыз қиындататын басқа талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
52. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
53. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер конкурсқа қатысушыларға беріледі.
54. Конкурстық өтінімдерді бағалауды комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
55. Басқа үміткерлер болмаған кезде конкурстың жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 50-тармағында көзделген талаптарды сақтаса, конкурс жеңімпазы болып танылады.
56. Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін комиссия конкурстық құжаттаманың шарттарына сай келмейді деп таныса, конкурс өткізілмеді деп есептеледі.
57. Конкурсқа қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылдады деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі - конкурс қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
58. Әрбір лот бойынша конкурс қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат қамтылады.
59. Конкурс қорытындылары хаттамасының негізінде ұлттық парк жеті жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес конкурс нәтижелері және қысқа мерзімді шарт (бұдан әрі - шарт) жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) болып танылады.
60. Конкурс жеңімпазының шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Бұл жағдайда комиссия жеңімпазды ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған конкурсқа қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі конкурсқа шығарылады.
61. Конкурс нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын ұлттық парк конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
62. Конкурсқа қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурс нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
63. Учаскені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.