«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 369-378-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 23 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
369, 369-1, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
369-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілеттi
органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 325931 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 8, 18, 21-24-баптары; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдарының аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін радиосәуле шығаратын құралдардың деректерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; «Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға электроэнергия, жылу, ыстық пен суық су және тағы басқа коммуналдық қызметтерді қолданудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс саласының дамуын және жетілдіруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ұлттық ақпараттық инфрақұрылымы мен байланыс және ақпараттандыру саласының дамуын және жетілдіруін қамтамасыз ету;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;
өз құзыреті шегіндегі қызмет түрлерін лицензиялау;
байланыс және ақпараттандыру саласындағы және радиожиілік өрісін пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
радиожиілік өрісінің мониторингінің толық түрде қызмет ететін жүйесінің құрылуы;
мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік регистрін сүйемелдеу;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметін техникалық қолдау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Ақпарат- тандыру және байланыс саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 66 бірлік мөлшеріндегi штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің орталық аппаратын ұстау. Қатаң есептік бланктерін, лицензиялау және рұқсат бланктерін дайындау үшін қызметтер сатып алу. Автокөлікті ұстау және жалға алу. 2 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу. Деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелерін қамтамасыз ету. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппарат- тары | 113 бірлік мөлшеріндегі штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық органдарын ұстау. Автокөлікті ұстау және жалға алу. Компьютерлік және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету. Деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелерін қамтамасыз ету. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту қызметтерін сатып алу. | 2006 жылдың ақпан- жел- тоқсан айлары | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
5 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды материа- лдық- техни- калық жарақ- тандыру | Қостанай облысы үшін техникалық радиобақылаудың жылжымалы бекетін; Оңтүстік Қазақстан облысы үшін стационар- лық радиобақылау бекеттерін; қуаттылық өлшеуіште- рін; өріс анализаторларын; өріс анализаторларының антенналар жинақтарын, пеленгациялық антенналар жинағы бар портативтік тестілеу қабылдағыштарды; орталық аппарат және аумақтық органдар үшін жиһаздар мен ұйымдастыру техникасын сатып алу. Өткен жылдардың міндеттемелерін өтеу. | 2006 жылғы ақпан- жел- тоқсан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
6 | | 017 | Ақпа- раттық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамта- масыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамта- масыз ету | Компьютерлік есептеу техникасына техникалық қызмет көрсету. Интернет жүйесіне кіру қызметі. Шығын материалдарын сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру - 2 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу; мемлекеттік тілді оқыту - 38 адам; ағылшын тілді оқыту - 18 адам; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін ұйымдастыру - 100%-ға орындау;
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін жиһаздар, шкаф-сейфтерін және ұйымдастыру техникасын сатып алу;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өріс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу - 100%-ға орындау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің тиімді және кідіріссіз қызмет етуін қамтамасыз ету; Агенттіктің мамандарын мемлекеттік тілге оқыту қажеттіліктерін 21,2%-ға орындау;
Агенттіктің мамандарын ағылшын тілге оқыту қажеттіліктерін 10%-ға орындау;
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын жиһаздармен қамту пайызы - 60% (Қазіргі уақытта Агенттік ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жиһаздарын қолданады), шкаф-сейфтерімен - 50%, ұйымдастыру техникасымен - 44%.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
орталық аппаратының 1 штат бірлігіне кететін орташа шығыны 1359,9 мың теңге, аумақтық органның 1 штат бірлігіне - 831 мың теңге құрайды;
Агенттіктің 1 маманын мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын - 10 315 мың теңге;
Агенттіктің 1 маманын ағылшын тілге оқытуға кететін орташа шығын - 17111 мың теңге;
Радиобақылау жабдығының 1 бірлігіне - 5750 мың теңге.
Уақтылығы: жасасқан келісім-шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарларға сәйкес іс-шаралардың уақытылы орындалуы.
Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курстарын өткеннен кейін іс-жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізген мемлекеттік қызметкерлер үлесі 55%-ды құрайды;
ағылшын тілге оқыту курстарын өткеннен кейін іс жүргізуді ағылшын тілде жүргізген мемлекеттік қызметкерлер үлесі 27%-ды құрайды;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідіріссіз жұмыс істеуін ұйымдастыру - 100%-ды құрайды;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өріс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу деңгейі - 100%-ды құрайды;
жоспарланған нормативтік-құқықтық құжаттарды бекітуі - 100%-ды құрайды.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 369-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
369-1-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
002 «Электрондық үкіметті» қалыптастыру шеңберінде
мемлекеттік меншікке қатысу» деген республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1425000 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: KAZSAT спутнигі базасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы, Өскемен, Шығыс Қазақстан облысының 19 аудан орталықтары мен қалаларын қамтитын телекоммуникациялық инфрақұрылым құру. Алматы, Өскемен қалаларында қалалық талшықтық-оптикалық сақина құру. Ақпараттық құрылымның Астана қаласындағы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының пилоттық аймағымен ықпалдасуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | «Электрондық үкімет» қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік меншікке қатысу | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік органдардың біріңғай көлік ортасының спутниктік сегментін құру | «KazSatNet» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында деректер берудің орталық жер станциясының жерсеріктік желісін, Алматы қаласындағы, Өскемендегі, Павлодар облысының 4 аудандарындағы, 19 орталық аудандар мен Шығыс Қазақстан облысы қалаларындағы мемлекеттік органдардың ЕТС ГО-ға жердегі жерсеріктік станциялары мен желінің қолжетімділігін қосатын, ЕТС ГО жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын іске асыру үшін АО «KazSatNet» кәсіпорнын құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
370-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 29313 мың теңге (жиырма тоғыз миллион үш жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; "Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын құру мен іске асырудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның бәсекелестік экономикасын одан әрі құрудың негізгі жағдайларының бірі ретінде инфо-коммуникациялық сектордың озып дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және дамыту; саланың инновациялық-технологиялық базасының дамуын және техникалық базамен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы инфо-коммуникациялық саланың дамуын ғылыми және білім берумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылу тенденциясын және осы заманғы жағдайын талдау; радиожиілік спектрді бөлуді жетілдіру; Қазақстан Республикасында инфо-коммуникациялық технологиялардың даму тенденциясын және жағдайын және оның әлемдік қауымдастығына кіру жолдарын талдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Ақпарат- тандыру және байланыс сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | 1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы 6 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде: 1) байланыс операторлары мүмкіндіктерінің және ақпараттық қоғамның техникалық негіздерінің құрылуындағы қажеттіліктердi қамтамасыз ету есебімен жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілерінің цифрлеу деңгейінің жағдайын зерттеу және Тұжырымдамасын әзірлеу; 2) Қазақстан Республикасының инфо-коммуникациялық саласының озып дамуының ғылыми және білім берумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылу тенденциясы мен жағдайын зерттеу және Тұжырымдамасын әзірлеу; 3) ырықтандыру жағдайында телекоммуникация саласындағы мемлекеттік реттеудi жетілдірудің проблемалары мен жолдарын зерттеу; 4) республиканың радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарды өңдеумен бірге жан-жақты талдау жүргізу; 5) жаңа телекоммуникациялық технологияларды енгізу мақсатында жиіліктерді босату механизмін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу және ғылыми-негізделген ұсыныстар әзірлеу; 6) Қазақстан Республикасында ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың даму тенденциясы мен жағдайын және оның әлемдік қауымдастыққа кіру жолдарын бағалау. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қызметтеріне төлеу. | Жыл ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барлығы 6 ғылыми-зерттеу есеп беру әзірленеді, оның ішінде: байланыс саласында - 3, мемлекеттік қадағалау және лицензиялау саласында - 2, ақпараттандыру саласында - 1.
Соңғы нәтиже:
Байланыс саласында:
телекоммуникация және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік және нормативтік базасы жақсарады; республикада телекоммуникация желілерін цифрлеудің экономикалық және техникалық жағынан тиімді деңгейі, сонымен қатар инфо-коммуникациялық саланың ғылыми-білім потенциалының деңгейі анықталады;
мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласында:
Қазақстан Республикасында радиожиілік өрісін пайдалану тиімділігі жоғарылайды;
ақпараттандыру саласында:
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық салада алдыңғы қатарлы ақпараттандыру-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен даму перспективалары анықталады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: қолданбалы ғылыми зерттеулердің 1 тақырып бойынша орташа құны 3771 мың теңгені;
мемлекеттік бақылау және лицензиялау саласында - 5 500 мың теңгені, ақпараттандыру саласында - 7 000 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: телефондық қондырғылардың, берілетін рұқсат қағаздар мен лицензиялардың, сонымен қатар ақпараттық ресурстардың саны көбейеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
371-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамыту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1680000 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқаруда қатысатын жоғарғы білікті мамандарды тарту арқылы байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамытуды қолдау, байланыс және телехабарларын тарату инфрақұрылымын жедел дамыту, қатынау қиын аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс пен телехабарларын таратудың халықаралық спутниктік жүйелерімен үйлесімділік, Қазақстан Республикасының жер үсті байланыс инфрақұрылымымен келісуді, спутниктік байланыстың жаңа технологияларын енгізу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Бюджетті бағдарламаның міндеттері: жер үсті басқару кешені мамандары үшін тұрғын үй-тұрмыс жағдайларын жасау, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі бастапқы жұмыстарды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутник- тік жүйесін дамыту | Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің мамандары үшін және «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі жұмыстар жүргізу үшін тұрғын-үй кешенін құру мақсатында "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпа- раттан- дыру және бай- ланыс агент- тігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары білікті мамандар үшін 2,0 мың шаршы метр тұрғын-үй іске қосылады, «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шарт жасалады және нобайлық жобасын әзірлеу басталатын болады.
Соңғы нәтиже: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің мамандарын тұрғын-үймен қамтамасыз ету 50%-ды құрайды; байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктік жүйесін дамыту Қазақстанға ғарыштық байланыс қызметтерінің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кателко» АҚ, «Астел» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Жарық» ЖШС, «Нұрсат» АҚ, «TNS Plus» АҚ, «Sa-Telcom» ЖШС, «Арна» АҚ телекоммуникациялық байланыс арналарын қорғанысты күшейту үшін ақпаратты қорғау құралдарын енгізе отырып, ұлттық ғарыш аппараттарына көшіруге, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: тұрғын-үй кешенінің 1 шаршы метріне кететін шығын - 51,4 мың теңге; техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес хабар тарату байланыс спутнигін пайдаланудың барлық мерзімі ішінде жобаның бюджеттік тиімділігі 125 %-ды, экономикалық тиімділігі 129 %-ды құрауға тиіс.
Уақтылығы: жұмыстардың кестесіне сәйкес тұрғын-үй жайларын пайдалануға дайындығы 100% құрайды; Kazsat-2» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасауға және ұшыруға арналған келісім-шартта айқындалған жасау және ұшыру кезеңдеріне сәйкес.
Сапасы: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесін басқарудың жердегі кешенінің тұрғын-үй кешенінің сапасымен қанағаттандырылған мамандардың пайызы 100% құрайды Қазақстан Республикасының аумағын бірыңғай спутникпен қамту қабылдау нүктелерін барынша азайтуға байланысты кідіру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
372-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдардың
мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 168284 мың теңге (бір жүз алпыс сегіз миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы; «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.