7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
магистратураға "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша қабылдау 60 адамды, "Юриспруденция" мамандығы бойынша қабылдау 50 адамды, "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша қабылдау 25 адамды құрайды.
Аспирантураға "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша қабылдау 30 адамды құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің жылдық орташа саны қайта даярлау бағдарламасы бойынша 500-ден кем емес адамды және біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 1500-2000 адамды құрайды.
Магистратура бағдарламасының 30 тыңдаушысы үшін 30 күндік Ольстор университетінде (Ұлыбритания) халықаралық стажировкаларды ұйымдастыру.
Семинарлар, дөңгелек үстелдер, 150 адамнан 3 секция бойынша 3 конференция өткізу;
Халықаралық сарапшыларды шақыру: Франция, Германиядан - 5 адам., Киевтен - 2 адам., Москвадан - 3 адам., Ташкенттен - 1 адам., Бішкектен -1 адам.
1 ғылыми монографияны, 2 ғылыми мақаланы, 12 ғылыми-талдау журналын басып шығару.
Негізгі құралдары және материалды емес активтерді сатып алу: 3-тен кем емес лингафонды құрал-жабдық; 2 бірліктен кем емес автокөлік; 90 бірліктен кем емес лицензиялы оқу бағдарламалар.
Түпкілікті нәтиже:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жалпы қажеттіліктің 45%-60% құрайды.
Мемлекеттік қызметшілерді магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша даярлау жалпы қажеттіліктің 35%-60% құрайды.
Компьютерлік құрал-жабдықтармен 60% және оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтарды 65% жеткізуді қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2006-2008 жылдарға жинақталған бір магистрант пен аспирантын орташа айлық стипендиясы 50 000 теңгені, бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру бойынша орташа шығындар 38,8 мың теңгені, бір мемлекеттік қызметшіні қайта даярлау бойынша орташа шығындар 27,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: оқуды бітірген мемлекеттік қызметшілердің саны - 90 магистрант.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілерге жүктелген қызметтерді сапалы орындауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жүктелетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды толық мөлшерде 100% сапалы орындау. Академияны бітірушілердің сапалы дайындығын жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
387-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік қызметшілердің шетелдерде біліктілігін арттыру"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 231161 мың теңге (екі жүз отыз бір миллион бір жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы "Мемлекеттік қызмет өткеру туралы Ережені бекіту туралы" № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" № 1457 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың мемлекеттік қызметін жетілдіру үшін перспективалы кадрларды даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) алдыңғы қатардағы тәжірибені үйрену және қосымша кәсіби білім алу үшін шетелдік ілгері университеттер мен ғылыми орталықтарға мемлекеттік қызметшілерді жіберу;
2) әлемдік тәжірибені үйрену және біліктілікті арттыру үшін өз қызметкерлерін жібере алатын мемлекеттік органдарға жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Мемле- кеттік қызмеші- лердің шетел- дерде білікті- лігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілерді алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру орталықтарында: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Сингапур, Ресей, Голландияда оқыту. Экономика, құқық, мемлекеттік әкімшілендіру салаларында білімдерін кеңейту, сонымен қатар еуропаның басқару органдарының қызметін ұйымдастырудың тәжірибесімен және мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әдістерімен танысу. | 2006 жылдың ішінде | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: шетелдік ілгері университеттер мен ғылыми орталықтарында 140-тан кем емес мемлекеттік қызметшінің білім алуы.
Түпкілікті нәтиже: шетелдік ілгері университеттер мен ғылыми орталықтарында білім алған 140-тан кем емес мемлекеттік қызметші республиканың мемлекеттік қызметін жетілдіруге өз үлесін қосады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні оқытуға жұмсалатан шығын 1651,1 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілері оқытылған 90% кем емес мемлекеттік органдар мамандарды даярлау сапасына қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
388-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік
органдар орталық аппараттарының жас мамандары үшін жатақхана салу"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің тұрмыс сапасын көтеру, олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарма қызметкерлерінің жұмысқа деген жігерін ынталандыратын жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметшілердің тұрмыс сапасын көтеру үшін инфрақұрылымды қалыптастыру жолымен өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Республи- калық бюджет есебінен ұсталатын мемле- кеттік органдар орталық аппарат- тарының, жас мамандары үшін жатақхана салу | Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдары орталық аппараттарының жас мамандары үшін жатақхана салу жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарын әзірлеу және олар бойынша мемлекеттік сараптама жүргізу. | 2006 жылдың 1, 2 тоқсан- дары | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өтіп бекітілген жобалау-сметалық құжаттамалар.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік органдардың орталық аппараттарының жас мамандарын әлеуметтік қорғау және олардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында объекттерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жасалған шарттарға, жұмыс жоспар-графигіне сәйкес.
Сапасы: ҚР СНжЕ, МС және ТШ сәйкес.