«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 972 Қаулысы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен сериялық нөмірі 2592, А319-115/CJ әуе кемесін сатып алу және ұстау үшін «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға 3825236 (үш миллиард сегіз жүз жиырма бес миллион екі жүз отыз алты мың) теңге бөлінсін.
2. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
«109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу 3825236 мың теңге»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында 01 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» ішкі функциясында 694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» әкімшісі бойынша А319-115/CJ әуе кемесін сатып алу және ұстау үшін «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін шығындар 3825236 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;
13 «Басқалар» функционалдық тобында 09 «Басқалар ішкі функциясында 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында шығындар 3825236 мың теңге сомасына азайтылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |