«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 971 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«II. Шығындар» деген бөлімде:
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:
010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында:
100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві» кіші бағдарламасында «7422214» деген сандар «3596978» деген сандармен ауыстырылсын;
101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында «10957578» деген сандар «14782814» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |