Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 946 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 51500000 (елу бір миллион бес жүз мың) теңге бөлсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсін;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп:
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттың есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамды мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің тyрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-79 жолмен толықтырылсын:
«21-79. «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 226-6 жолмен толықтырылсын:
«226-6. «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ»;
3) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |