Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі
деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 21 наурыздағы № 246 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 9.07.99 ж. № 951; 29.03.00 ж. № 456; 28.10.01 ж. № 1369;
28.05.02 ж. № 580 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік меншiктi есепке алуды жетiлдiру, сондай-ақ оның пайдаланылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік кәсiпорындарға, мемлекеттік мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi және өзге де мемлекеттік органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5."Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 21 наурыздағы
№ 246 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң,
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын
заңды тұлғаның тiзiлiмi туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен мәтіндегі сөздер өзгертілді
Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттік кәсiпорындар, мемлекеттік мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi.
Осы Ереже Тiзiлiмдi жүргiзудi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен технологиясын, сондай-ақ Тiзiлiмнiң деректерiн пайдаланудың тәртібін белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Тiзiлiм мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы жиынтық деректердi қамтиды. Осы Ереже көрсетiлген заңды тұлғаларға кiрмейтiн мемлекеттік мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртібін белгiлемейдi.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Тiзiлiм Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) белгiлеген талаптарға сәйкес есептелетiн объектiлердi құрылымдауға мүмкiндiк беруi тиiс.
3. Тiзiлiм екi кiшi бөлiмнен (негiзгi және қосымша) тұрады.
Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмi 1-қосымшада көрсетiлген, объектiнi бiрдейлендiруге және объектi туралы негiзгi статистикалық деректердi ұстауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi қамтиды. Қосымша кiшi бөлiм мемлекеттік мiндеттердi шешу үшiн қажеттi, түрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтиды.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Комитет Тiзiлiмнiң тапсырысшысы және менеджерi болып табылады.
Тапсырысшының функциялары:
Тiзiлiмнiң қосымша көрсеткiштерiнiң құрамын айқындайды;
негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдердiң ақпараттарын дайындаудың және енгізудiң тәртібін айқындайды;
Тiзiлiмдi жүргiзу жөніндегі бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
Тiзiлiмдi ұстаушыны белгiлейдi.
Менеджердiң функциялары:
Тiзiлiмдi әзiрлеуге және оның бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын құруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражаттың шектерiнде қаржыландырады;
Тiзiлiмге тiкелей басшылықты жүзеге асырады, Тiзiлiмнiң деректерiнiң жинақталуына, түзетуге, ақпараттарды пайдаланушыларды және Тiзiлiмнiң деректерiн ұсынудың тәртібін айқындауға байланысты өкiмдер бередi;
оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға тоқсан сайын бередi;
Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiне қолдау көрсетудiң ұйымдастыру мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды атқарады.
ҚР Үкіметінің 09.07.99 ж. № 951 қаулысымен 5-тармақ алып тасталды
5. алын тасталды
ҚР Үкіметінің 29.03.00 ж. № 456 қаулысымен ереже 5-1-тармақпен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 5-1-тармақ алын тасталды
5-1. алын тасталды
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Тiзiлiмдi ұстаушының функцияларына:
мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды атаулы ұстау;
бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгізу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiмдi жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтарды iрiктеу және сатып алу;
Тiзiлiмдi жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
Тiзiлiм деректерi базаларына қол жеткiзудi Тiзiлiм менеджерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте әкiмшiлiктендiру;
Тiзiлiмге тiкелей өзгерістер мен толықтырулар енгізу жатады.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен II-бөлім алынып тасталды
III. Тiзiлiмге өзгерістер мен толықтырулар
енгізудiң тәртібі
12. Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердi, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құруға, қайта ұйымдастыруға, таратуға, қайта тiркеуге, сондай-ақ жарғылық капиталын ұлғайтуға, жүктеуге (кепiл операциялары, басқаруға беру) және мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгертуге байланысты iс-әрекеттер осы Ережеде белгiленген тәртiппен Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен ереже 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Комитет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi Тiзiлiмнiң негiзгi кiшi бөлiмiн дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi 2-қосымшада көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес тiзiлiм ұстаушыға ұсынуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен ереже 12-2-тармақпен толықтырылды
12-2. Министрлiктер, ведомстволар, басқа да уәкiлеттi органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмдерiн айқындау құқығы бар заңды тұлғалар тапсырысшы белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi ұсынуы тиiс.
13. Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелерге, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты мынадай iс-әрекеттер:
1) құру;
2) тарату;
3) қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қоса, бөлу, бөлiп шығару);
4) қайта тiркеу (атауын, заңды мекен-жайын өзгерту, негiзгi қорларды қайта бағалау, жарғылық капиталды өзгерту және т.б.);
5) жарғылық капиталды өзгерту;
6) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу);
7) мемлекеттік үлестермен жасалған мәмiлелер (сатып алу, сату, кепiлге беру, кепiлден қайтару, басқаруға беру, басқарудан керi қайтарып алу) Тiзiлiмде тiркелуге жатады.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
14. Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердi, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару), тарату, қайта тiркеу үшiн:
өтiнiм берушi тiзiлiмдi ұстаушыға мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) белгiлеген нысан бойынша толтырылған және уәкiлеттi адам қол қойған өтiнiштiң бланкiсiн жолдайды;
тiзiлiмдi ұстаушы өтiнiштi алған сәттен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде аталған кәсiпорын бойынша Тiзiлiмдегi ақпаратты тексередi, Тiзiлiмге қажеттi өзгерістер мен толықтыруларды енгiзедi және өтiнiштiң бланкiсiне тиiстi белгi қояды;
өтiнiм жасаушы тiркеушi органға тiзiлiмдiк ұстаушының белгiсi бар өтiнiштi бередi.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда
15. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жарғылық капиталының мөлшерi өзгерген кезде тiркеушi органға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен тiзiлiм ұстаушы растаған өтiнiш берiледi.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Тiркеушi орган 5 жұмыс күнiнiң iшiнде тiзiлiмдi ұстаушыға Тiзiлiмге өзгерістер енгізу үшiн жүргiзiлген мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы не тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды.
17. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiле жасау және оны орындау, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмде тiркеу тiзiлiмдi ұстаушы растаған, уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн бұйрықтардың негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздармен мәмiлелердi атқаруды және жасасуды, сондай-ақ оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнде тiркеудi жүзеге асыратын тұлғалар 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Тiзiлiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшiн бұйрықтың орындалуының не орындалмауының нәтижелерi туралы тiзiлiмдi ұстаушыға хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді
19. Шаруашылық серiктестiктеріндегі мемлекеттік үлестi, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарды кепiлге немесе басқаруға беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, меншiк иесiнiң функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік басқару органы, шарт жасасқанға дейiн тiзiлiмдi ұстаушының растауын алуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Шаруашылық серiктестiктеріндегі мемлекеттік үлестi, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарды сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарттарында тiзiлiмдi ұстаушының белгiсi болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді
21. Мемлекеттік үлестi сатып алу-сату, кепiлге және басқаруға беру шарты бұзылған жағдайда, шарттың бiр тарабы болып табылатын мемлекеттік басқару органы 5 жұмыс күнiнiң iшiнде Тiзілiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшiн, тiзiлiмдi ұстаушыны шарттың бұзылғандығы туралы құлақтандыруға тиiс.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен ереже 21-1-тармақпен толықтырылды
21-1. Өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шеңберiнде банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiне, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мемлекеттік кәсiпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар таратылған жағдайда, тарату туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде тiзiлiм ұстаушыға тарату рәсiмiнiң басталғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен ереже 21-2-тармақпен толықтырылды
21-2. Тiзiлiм үшiн ақпарат ұсынатын министрлiктер, ведомстволар мен басқа да уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) олардың өзгергендiгi туралы ақпарат алған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмге енгiзiлген көрсеткiштердiң кез келген өзгерiсi туралы тiзiлiм ұстаушыға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
22. Тiзiлiмдi ұстаушы мынадай жағдайларда:
Тiзiлiмде мемлекеттік кәсiпорын мен мекеме, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның құрылуы фактiсi тiркелмегенде (заңды тұлғаның құрылуын тiркеудi қоспағанда);
өтiнiм берушi ұсынған деректер Тiзiлiмдегi ақпаратқа сәйкес келмегенде Тiзiлiмге өзгерiс енгiзбеуге құқылы.
23. Тiзiлiмдi ұстаушы, анықтау және Тiзiлiмге өзгерістер енгізу үшiн өтiнiм берушiден қосымша құжаттар талап етуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді
24. Тiзiлiмнiң деректерiн толтыру және өзгерту кезiнде деректер ұсынудың дұрыстығы мен уақтылығы үшiн уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары жауапкершiлiкте болады.
25. Ұсынылған ақпаратты Тiзiлiмге енгізудiң дұрыстығы мен уақытылығы үшiн тiзiлiмдi ұстаушы жауапкершiлiкте болады.
26. Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзудi қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
IV. Тiзiлiмдi жүргiзудiң технологиясы
27. Тiзiлiмдi оны басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi әкiмшiлiктендiруге мүмкiндiк беретiн, деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында, ақпараттарды жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады.
V. Тізілім деректерiнiң өзектiлiгін және толықтығын бақылау
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен ереже V-бөліммен және 28-тармақпен толықтырылды
28. Уәкiлеттi органдар тiзiлiм ұстаушының жазбаша сұрауы бойынша Тiзiлiмнiң негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдерiнiң көрсеткiштерiн өзектi ету және нақтылау үшiн сұралатын деректердi ақысыз ұсынуға мiндеттi.
Тiзiлiм ұстаушы Тiзiлiм деректерiнде анықталған алшақтықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлайды, ол ақпарат алған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде деректердi нақтылауға және оларды тiзiлiм ұстаушыға беруге мiндеттi.
1-қосымша
Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына
мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тiзiлiмiнiң
БАЗАЛЫҚ КӨРСЕТКIШТЕРI
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
┌───┬──────────────────────┬────────────────────────────────────────┐
│ № │ Көрсеткiш │ Түсiндiру │
│р/н│ │ │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 1 │ОКПО коды │- Объектiнiң жүйелендiрiлген коды │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 2 │Тiркеу нөмiрi │- Заңды тұлғаны соңғы қайта тiркеу │
│ │ │кезiнде берiлген жүйелендiрiлген код │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 3 │Мемлекеттік тiркеу │Соңғы қайта тiркеу күнi │
│ │күнi │ │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 4 │Толық атауы │ │
│ 5 ├Қысқартылған атауы │ │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 6 │Аймақтың коды │- Объект орналасқан аймақтың коды │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 7 │Орналасқан жерi │- Орналасқан жерiнiң толық мекен-жайы │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 8 │Саласы (қызметi) │- ОКЭД сәйкес саланың коды │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│ 9 │МНК │- Меншiк нысанының коды │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│10 │Ұйымдастыру-құқықтық │- Ұйымдастыру-құқықтық нысанының │
│ │нысаны │коды (КОПФХС сәйкес) │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│11 │Басшы (жоғары │- Бiрiншi басшының (жоғары лауазымды │
│ │лауазымды адам) │тұлғаның) тегi, аты мен әкесiнiң атының │
│ │ │бас әрiптерi │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│12 │Бухгалтер │- Бас бухгалтердiң тегi, аты мен │
│ │ │әкесiнiң атының бас әрiптерi │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│13 │Тiркеушi │- Тiркеушi туралы деректер │
│ │ │(акционерлік қоғамдар үшiн) │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│14 │Жарғылық капитал │- Жарғылық капиталдың мөлшерi │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│15 │Мемлекеттiң үлесi │- Жарғылық капиталдан мемлекеттік │
│ │ │ үлестiң мөлшерi %-пен │
├───┼──────────────────────┼────────────────────────────────────────┤
│16 │Пакет │- Акциялардың саны (акционерлік │
│ │ │қоғамдар үшiн) │