Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 936 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 199 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «аумақтық орган», «аумақтық органға», «аумақтық органның», «аумақтық органда» деген сөздер тиісінше «жергілікті атқарушы орган», «жергілікті атқарушы органға», «жергілікті атқарушы органның», «жергілікті атқарушы органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;»;
10-тармақта:
«алынған күнінен бастап бір жыл» деген сөздер «қаржы жылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |