Жоба
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
өзара тyсіністік туралы меморандум
ҚР Үкіметінің 2006.18.09 № 878 Қаулысымен мақұлданды
Осы Өзара түсіністік туралы меморандум, әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 50 экономиканың тізіміне кіретін әртараптандырылған экономика құру жөніндегі жалпы мемлекеттік іс-шараларды қолдауға, осылайша жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндіктер бере отырып және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін әлеуметтік қызметтерді жақсарта отырып, Қазақстан Республикасының Үкімeті мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі - ХКДБ) арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған.
Теңгерімді және тұрақты дамуға қол жеткізу жөніндегі мақсаттарды алға тарта отырып, Қазақстан Республикасының Yкімeті мен ХҚДБ мынадай салаларда өздерінің ынтымақтастығын тереңдетуді шешті:
Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде ХКДБ Қазақстанға Қазақстан Республикасы азаматтарының, әсіресе халықтың аз қамтылған жіктері әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндік беретін қазіргі заманғы, жедел өсіп келе жатқан және әртараптандырылған экономика құру үшін іс-қимылдардың барынша лайықты бейнесін іздеуге жәрдемдесу үшін халықаралық білімдермен және тәжірибемен алмасуды жалғастырады;
ХҚДБ-ның инвестициялық жобаларды дайындауға, қадағалауға және мониторингтеуге қатысуы білімдер мен дағдылар беруге, сондай-ақ Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде ғана қол жеткізілуі мүмкін емес мемлекеттік қаражатты ашық және тиімді пайдалануға ықпал ететін мемлекеттік реттеу мен фидуциарлық бақылау жүйесін одан әрі нығайтуға ықпал етуі мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ХҚДБ тарапынан жобалар әзірлеу схемаларынан пайда және іске асыруда көмек алу мақсатында су ресурстарын басқару мен қоршаған ортаны қорғауға, адами капиталды құруға, денсаулық сақтауды дамытуға, аумақтық дамуға, инновацияға және кеденді жаңартуды қоса алғанда, бәсекелі, тұрақты және теңгерімді дамуға қол жеткізу үшін стратегиялық аса маңызды салаларда ХКДБ-мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырады.
Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдемдесу үшін ХҚДБ коммерциялық банктермен, ұлттық компаниялармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының даму институттарымен ынтымақтастықты жандандыра түседі.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХҚДБ Қазақстанның Қытай мен Қазақстаннан оңтүстікке қарай орналасқан елдер және Ресей Федерациясы, Кавказ және шығыс пен батыс Еуропа нарықтары арасындағы шешуші транзиттік бағыт ретінде Қазақстанның мүмкіндігін күшейте түсу ісінде серіктес болады, бұл өңірлік дамуға ықпал етеді.
Біз, төменде қол қоюшылар, осы арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына және тұтастай алғанда өңірге пайда әкелетін Қазақстанды әлемдегі бәсекеге аса қабілетті елу экономиканың тізіміне енгізу жөніндегі ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКДБ арасындағы серіктестікті дамытуға осы Меморандумның тигізетін әсеріне бірлескен шолуды мерзімді жүргізуге келісімімізді білдіреміз.
Осы Меморандум қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, әрқайсысының заңдық күші бірдей екі данада жасалды.
Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Yкіметі атынан | Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі атынан |
Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi 2006 жылғы 19 қыркүйек | Шигео Катсу Вице-Президент Европа және Орталық Азия Өңірi 2006 жылғы 19 қыркүйек |