Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 907 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010.29.11. № 1263 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры; |
Таутеев Әуесбек Зпашұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу департаментінің директоры; |
мына:
«Сейтімбетов Дәулетияр Сахидоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді кесімдер департаментінің бөлім бастығы» |
деген жолдағы «бөлім» деген сөз «заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Исаев Мұсабек Исаұлы және Әбішева Алиса Біләлқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |