«Қазақстан Республикасы Yкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және
маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 887 Қаулысы
(2006.27.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1293 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Астана қаласындағы «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешенінің ғимаратындағы өрттің салдарын жоюға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 540360 (бес жүз қырық мың үш жүз алпыс) теңге бөлінсін.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына тапсырыс беруші болып белгіленсін.
3. «Базис-А корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жұмыстарды беруші болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |