Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 848 Қаулысы
ҚР Үкіметiнің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
Қонақаев Саяхат Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры, хатшы |
«Шынәлиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлім меңгерушісінің орынбасары, хатшы» деген жолдағы «, хатшы» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген құрамнан Исекешов Әсет Өрентайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |