7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 1000 адамға арналған шатырлы қалашықты құру (тасымалдау, мүліктерді жеткізіп беру, зардап шеккен халықты орналастыру);
- жыл сайынғы республикалық (халықаралық) «Қазқұтқару» жиын семинарын өткізу, саны 312 құтқарушының тамағын қамтамасыз ету;
Астана қаласына ауыстырылған 25 қызметкерді үймен қамтамасыз ету. Түпкілікті нәтиже:
төтенше жағдайларды азайту және төмендету бойынша іс-шараларды өткізу, оның ішінде: төтенше жағдайлардан ықтимал материалдық зиянды 2-3%-ға, зардап шеккендердің және қаза болғандардың санын 3-4%-ға, құтқарылғандардың санын 5-6%-ға арттыру.
Сапасы:
адами фактормен байланысты төтенше жағдайлар санының өсуін, қаза болғандар мен зардап шеккендердің санын, сондай-ақ өндірістік объекттерде, сол сияқты жеке секторларда өрт, дүлей зілзаланың нәтижесінде материалдық зияндардың көлемін 100%-ға азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жылына бір маманды ұстау - 803,9 мың теңге;
семинарға қатысушы бір құтқарушыны 10 күннің ішінде орташа қамтамасыз ету - 24,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Белгіленген регламент шегінде төтенше жағдайларға уақытында ден қою, алдын алу, жою.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
57-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу
мен қайта жаңарту»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1200000 мың теңге (бір миллиард екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: »Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағын табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының аумағын болуы ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету жағдайын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Төтенше жағдай- лардан қорғау объекті- лерін салу мен қайта жаңарту | Инвестициялық жобаларды мына іс-шаралар бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғау құрылыс кешенін салу (2004 ж. 31 тамыздағы № 7-386/2004 сараптау қорытындысы); 2) Астана қаласында 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу (2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 17-318/23 сараптау қорытындысы). | Жыл бойы | Қазсел- денқор- ғау мемле- кеттік меке- месi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғауға арналған объектілер кешенін салу (орындалған жұмыстардың жалпы көлемінің 9,14%-ы);
- Астана қаласында 2006 жылы 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу (орындалған жұмыстардың жалпы көлемінің 49,9%-ы).
Түпкілікті нәтиже: Аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғауға арналған объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған келісім-шартқа сай.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
59-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 227650 мың теңге (екі жүз жиырма жеті миллион алты жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өрт қауіпсіздігі саласында мекемелерге жоғары білікті мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 051001 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі бар инженерлер санын барынша көбейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау | Штаттық саны 120 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесін ұстау. Активтерді сатып алу: асханаға арналған жабдықтар мен мүкаммал (инвентарь); оқу-зертханалық жабдықтар; оқу-білім беру қызметін өткізуге арналған оқу әдебиеті, оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін қоса алғандарды білім беру қызметін жүзеге асыру. Тыңдаушыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және стипендиямен қамтамасыз ету, ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгi құралдарды ағымдағы жөндеу. Көкшетау техникалық институты жатақханасы- ның ғимаратын күрделi жөндеуден өткізу, оның ішінде: іргетасын, лоджияларын, сыртқы желілерді нығайту; шатырын күрделі жөндеу, оның ішінде: техникалық корпусын, әкімшілік корпусын, оқу корпусын және оқу-зертханалық корпусын. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Төтенше жағ- дайлар жөнін- дегі минис- трлі- гінің Көкше- тау инсти- туты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тыңдаушыларды оқытудың жылдық орташа саны - 471 бірлік, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар мамандар шығару - 190 бірлік.
Түпкілікті нәтиже: өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыс орындарын жоғары білікті мамандармен толтыруды барынша ұлғайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір студентті оқытудың орташа құны жылына 483,4 мың теңге.
Сапасы: мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес 051001 «Өрт қауіпсіздігі» (академиялық дәреже - бакалавриат) мамандығы бойынша мамандар шығару.
Уақтылығы: өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыс орындарын жоғары білікті мамандармен уақытында толтыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
60-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын төтенше
жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10514 мың теңге (он миллион бес жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру; азаматтық қорғаныс әскерлері үшін білікті офицерлер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандар дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін азаматтық қорғаныс әскерлері мен біліктілігі жоғары мамандар үшін офицерлер кадрларының біліктілігін арттыру, басшы құрамды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, еліміздің азаматтық қорғанысы саласындағы қызметті жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге ұйымдардың мамандарын даярлау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік жағынан көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау | Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында кадрлар даярлау жөнінде қызмет көрсетулердi (жұмыстарды) сатып алу және ұстау. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Төтенше жағ- дайлар жөнін- дегі минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 47 санат бойынша оқу бағдарламасында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша 62 тақырып көзделген, оқу курстары бір аптадан (42 оқу сағатынан) тұрады.
Түпкілікті нәтиже: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында 1500 мемлекеттік қызметшінің білімі мен дағдысының деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: топты бір жыл бойы оқытудың орташа құны - 8756 теңге, оқытудың бір сағатының құны - 199 теңге.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілердің орындаған жұмыстарының тиімділігі мен сапасын 100%-ға арттыру.
Уақтылығы: кадрларды даярлау және қайта даярлау бекітілген кестеге сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
61-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4816608 мың теңге (төрт миллиард сегіз жүз он алты миллион алты жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды әрі олардың жұмсалмауын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік материалдық резерв материалдық құндылықтар қорын қалыптастыру; сақтау режимінің талаптарын орындай отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сапасы жағынан да, саны жағынан да сақталуын және жұмсалмауын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлекеттік материалдық резервтi қалыптас- тыру және сақтау | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік материалдық резервтi қалып- тастыру | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту; мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар қорларын сақтау нормаларына дейін жеткізу; төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар мен материалдар номенклатурасын қалыптастыру үшін материалдық құндылықтар сатып алу, жұмылдыру резервін материалдық құндылықтарын сатып алу | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Төтенше жағ- дайлар жөнін- дегі минис- трлігі- нің Мемле- кеттік мате- риалдық резерв- тер коми- теті |
3 | | 101 | Мемлекеттік материалдық резервтi қалып- тастыру | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттерінде сақтауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды бүтіндеуді, ауыстыруды, бағалауды, сертификат- тауды және сақтауды жүзеге асыру. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыруға байланысты міндеттері бар ұйымдарда сақтау мен ұстауды жүзеге асыру. Өткен жылдардағы кредиторлық берешегін өтеу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Төтенше жағ- дайлар жөнін- дегі минис- трлігі- нің Мемле- кеттік мате- риалдық резерв- тер коми- теті |
4 | | 103 | Сақтау пункттерін күрделi жөндеу | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар қорларын сақтауды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өндірістік қуаттарын күрделі жөндеуден өткізу | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Төтенше жағ- дайлар жөнін- дегі минис- трлігі- нің Мемле- кеттік мате- риалдық резерв- тер коми- теті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: құпия.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
62-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 90096 мың теңге (тоқсан миллион тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі; «Қазақстан Республикасының Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың және табиғи-шаруашылық жүргізуші объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: - Алматы қаласының аумағы үшін сейсмикалық мониторингтің жаңа бірегей ұңғымалық жүйесін әзірлеу және енгізу;
- төтенше жағдайлар саласындағы жаңа геофизикалық материалдар алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | «Алматы қаласының сейсмикалық кауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласын зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қызмет көрсетулердi сатып алу. Мемлекеттік ғылыми зерттеу сараптамасын жүргізу бойынша қызмет көрсетуді төлеу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Төтенше жағ- дайлар жөнін- дегі минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- өңірдің сейсмикалығын және оның тереңдік құрылысын зерттеу (шағын сейсмикалықты, қалалық жарылым аймақтарын зерттеу);
- тереңдікте бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу;
- мониторингтің тереңдік және жер беттілік жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- деректерді өңдеудің компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу;
- тереңдік мониторинг жөнінде деректер базасын құру;
- Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу үшін деректерді өңдеу;
- сейсмикалық тереңдік мониторинг деректерін республикалық жер сілкіністерін болжау желісіне бейімдеу және енгізу.
Түпкілікті нәтиже: Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу міндеттерін шешу үшін жаңа бірегей геофизикалық материалдар арқылы ескерту қызметтеріне мәліметтер беру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Алматы қаласының сейсмикалық қауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласында ғылыми зерттеу жүргізу жөніндегі шығындар - 90096,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: төтенше жағдайлар саласында жаңа бірегей геофизикалық материалдар алу арқылы Алматы қаласының халқы мен табиғи-шаруашылық жүргізу объектілерінің 100% қауіпсіздігін қамтамасыз ету.