«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 775 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II. «Шығындар» бөлімінде:
12 «Көлік және коммуникациялар» функционалдық тобында:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» әкімшісі бойынша:
002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасында:
005 «Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру» кіші бағдарламасындағы «31188412» деген сандар «30581961» деген сандармен ауыстырылсын;
016 «Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру» кіші бағдарламасындағы «5075311» деген сандар «5681762» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | Д. Ахметов |