«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 Қаулысы
(2011.06.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 Қаулысымен күші жойылды
Ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:
Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесі саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзімді, салааралық
бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының деректерін спутниктік беру желісін құру және пайдалану;
Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде деректерді беру қызметтерін ұсыну;
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және ақпаратты қорғаудың бірыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиімділігі жоғары ақпараттық технологияларды құру;
деректерді беру саласында ғылымды қажетсінетін технологияларды құру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қоғамның жарғылық капиталын республикалық бюджет есебінен
1425000000 (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағында көзделген мәселелерді реттеуге бағытталған қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қоғамның Жарғысын бекітсін және әділет органдарында оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне берсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірi
21-78-жолмен толықтырылсын:
«21-78. «Kazsatnet» ҰК» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-1-жолмен толықтырылсын:
«278-1. «Kazsatnet» ҰК» АҚ».
3. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |