«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 632 Қаулысы
(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту, әуе көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және транзиттік ағынды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар және мүдделі ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 ақпаннан және 10 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жыл сайын 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 632 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның Паспорты
2. Кіріспе
3. Саланың қазіргі жай-күйін талдау және қазіргі проблемалар
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетіктері
5.1 Авиациялық қызметтер мен жұмыстар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру
5.2 Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5.3 Авиатасымалдар нарығын, оның ішінде облысішілік әуе қатынастарын дамыту және кеңейту
5.4 Әуежайлардың жердегі инфрақұрылым объектілерін (ҰҚЖ-ны, аэровокзал
кешендерін қайта жаңарту, қазіргі заманғы арнайы техникамен жарақтандыру)
жаңғыртуды және дамытуды жүзеге асыру
5.5 Аэронавигация жүйесінің өндірістік қуаттарын жаңғыртуды жалғастыру
жөніндегі және әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жаңа
тұжырымдамасын енгізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау
5.6 Әуе кемелері паркін жаңарту
5.7 Азаматтық авиация саласын нормативтік құқықтық, оның
ішінде еуропалық авиациялық ережелерді кезең-кезеңімен енгізу
жолымен қамтамасыз етуді жетілдіру
5.8 Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
9. Ескертпелер
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация
саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін "Қазақстан Республикасы Президентінің
негіздеме 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасын орындаудың желілік
кестесі туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222
қаулысы
Негізгі әзірлеушi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігi
Бағдарламаның Халықтың және шаруашылық субъектілерінің
мақсаттары авиациялық қызметтер мен жұмыстарға сұранысын
тиімді және сапалы қанағаттандыру жолымен
транзиттік әлеуетті ұлғайтуға және өңірішілік
байланыс құруға бағытталған халықаралық
талаптарға жауап беретін мемлекеттің
авиакөліктік жүйесін одан әрі дамыту және
оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бағдарламаның авиациялық қызметтер мен жұмыстар нарығын
міндеттерi мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру;
ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету;
авиатасымалдар, оның ішінде облысішілік әуе
қатынастары нарығын дамыту және кеңейту;
әуежайлардың жердегі инфрақұрылым объектілерін
жаңғыртуды және дамытуды жүзеге асыру (ұшу-қону
жолақтарын, аэровокзал кешендерін қайта
жаңарту, қазіргі заманғы арнайы техникамен
жабдықтау);
әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жаңа
тұжырымдамасын енгізуге дайындық жөніндегi
іс-шаралар кешенін орындау және әуе
қозғалысын басқару жөніндегі өндірістік
қуаттарды жаңғыртуды жалғастыру;
әуе кемелері паркін жаңарту;
азаматтық авиация саласын нормативтік құқықтық
қамтамасыз етуді, оның ішінде еуропалық
авиациялық ережелерді кезең-кезеңімен енгізу
жолымен жетілдіру;
кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін
жетілдіру.
Бағдарламаны іске 2006-2008 жылдар
асыру мерзімі
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық
көлемі мен көздері бюджетте көзделетін қаражаттың, кәсіпорындар
қаражаты мен бюджеттен тыс қаражаттың есебінен
және шегінде жүзеге асырылады. 2006-2008
жылдары Бағдарламаны іске асыруға арналған
шығыстар сомасы 121471,5 млн. теңгенi
құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет - 33782,8 млн. теңге;
бюджеттен тыс қаражат - 87688,7 млн. теңге.
оның ішінде жылдар бойынша:
2006 жылы:
республикалық бюджет - 5759,9 млн. теңге;
бюджеттен тыс қаражат - 14339,2 млн. теңге.
2007 жылы:
республикалық бюджет - 19535,7 млн. теңге;
бюджеттен тыс қаражат - 41617,8 млн. теңге.
2008 жылы:
республикалық бюджет - 8487,2 млн. теңге;
бюджеттен тыс қаражат - 31731,7 млн. теңге.
Бұл ретте республикалық бюджеттен бөлінетін
қаражаттың жыл сайынғы көлемі тиісті жылға
арналған бюджетті қалыптастыру кезінде
нақтыланатын болады.
Күтілетін Бағдарламаны іске асыру:
нәтижелер ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік
деңгейін арттыруды;
2008 жылдан бастап еуропалық авиациялық
стандарттарды кезең-кезеңімен енгізуді;
Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы
жыл сайын жолаушылар ағынының кемінде 10%-ға
өсуін;
жыл сайын жүк ағынының кемінде 4%-ға өсуін;
әлемдік стандарттарға жауап беретін әуе
кемелері паркін жылына орташа 5 бірлікке
жаңғырту мен жаңарту арқылы отандық
авиакомпаниялардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруды және халықаралық ұшуларды көбейтуді;
еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану
үшін әуежайлардың жылына кемінде екеуін
дамытуды және қайта жаңартуды, әлемдік
стандарттарға жауап беретін халықаралық
әуежайларды сегізге дейін көбейтуді;
кадр резервін қалпына келтіруді қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
2. Кіріспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясын («Қазақстан - 2030»: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентінің халыққа жолдауы, Астана қаласы, 1997 жылғы 10 қазан), «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын (Астана қаласы, 2006 жылғы 1 наурыз) ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы) іске асырылған іс-шараларының негізінде азаматтық авиация саласын одан әрі дамытудың қисынды жалғасы болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның өткен жылдардағы дамуы елдің экономикалық жүйесінің ауқымды және түбегейлі өзгеруімен сипатталады.
Соңғы уақытта көлік жүйесінде нарықтық қарым-қатынастарды барынша дамытуға және бәсекелес ортаны дамытуға бағытталған экономиканың ырықтандырылуы Азаматтық авиация саласында да одан әрі экономикалық өсудің нақты алғышарттарын құрды. Соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың өсуіне баламалы авиациялық көліктік қызметтер нарығы қалыптасуда. Алайда, қазір бар әлеует, оның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы өтетін халықаралық транзиттің мүмкіндіктері де әзірше толық көлемде пайдаланылмайды. Осының барлығы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы іс-шаралар кешенін пысықтау қажеттігіне әкеліп отыр.
Осы бағдарлама мемлекеттің әуе көлігі саласындағы саясатын жүзеге асыру, шешілуі ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті, әлеуметтік-экономикалық, жұмылдыру және әуе көлігінің қызметімен байланысты басқа да міндеттерді қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді әзірлеу мен іске асыру үшін негіз ретінде қаралады.
Тұтастай алғанда, өндіріс пен ғылыми-техникалық прогрестің серпінді дамуының қазіргі жағдайында азаматтық авиацияның тиімді жұмыс істеуі мен тұрақты дамуы қоғамның қажетті сұранысы болып отыр.
3. Саланың қазіргі жай-күйін талдау және қазіргi
проблемалар
Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясы, тұтастай,алғанда, елдің авиациялық тасымалдарға сұранысын қанағаттандыруда. Соңғы жылдары жолаушылар тасымалы көлемінің өсуі және жолаушылар айналымының өсуі байқалуда (1-график).
1998 - 2004 жылдар аралығындағы кезеңде республиканың авиакомпаниялары 8723 мың адам тасымалдады, бұл ретте 1998 жылы 983 мың адам тасымалданды, 1999 жылы - 786 мың адам, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 20%-ға кем, 2000 жылы - 772 мың адам (өткен жылдан 1,7%-ға кем), 2001 жылы - 884 мың адам (өткен жылдан 14%-ға артық), 2002 жылы - 1048 мың адам (өткен жылдан 18%-ға артық), 2003 жылы - 1275 мың адам (өткен жылдан 21%-ға артық), 2004 жылы - 1314 мың адам (өткен жылдан 3%-ға артық), 2005 жылы 1661 мың адам тасымалданған, бұл өткен жылдан 26%-ға артық.
1998 - 2000 жылдар аралығындағы кезеңде жолаушылар ағынының төмендеуі байқалды. Бұл халықтың тұрмыс деңгейі мен кірісінің жалпы төмендеуіне байланысты. 1998 жылға қарағанда 2005 жылы тасымалданған жолаушылар саны 67,2 %-ға өсті.
1-график
1998 жылы жолаушылар айналымы 2100 млн. жолаушы-километрін (бұдан әрі - жкм), 1999 жылы - 2136,1 млн. жкм құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 1,7%-ға артық, 2000 жылы - 1797 млн. жкм (өткен жылдан 15%-ға кем), 2001 жылы - 1901,1 млн. жкм (өткен жылдан 5%-ға артық), 2002 жылы - 2202,6 млн. жкм (өткен жылдан 16%-ға артық), 2003 жылы - 2654,1 млн. жкм (өткен жылдан 20%-ға артық), 2004 жылы - 2641,9 млн. жкм (өткен жылдан 0,5%-ға кем), 2005 жылы - 3278,18 млн. жкм құрап, өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға ұлғайды (2-график).
2-график
1998-2004 жылдары аралығындағы кезеңде авиакомпаниялар 117 мың тонна жүк тасымалдады, бұл ретте 1998 жылы 14,5 мың тонна тасымалданды, 1999 жылы - 17,2 мың тонна, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 18%-ға артық, 2000 жылғы - 14,4 мың тонна,(өткен жылдан 16%-ға кем), 2001 жылы - 9,4 мың тонна (өткен жылдан 34%-ға кем), 2002 жылы - 16,3 мың тонна (өткен жылдан 73%-ға артық), 2003 жылы - 24,2 мың тонна (өткен жылдан 48%-ға артық), 2004 жылы - 18,2 мың тонна (өткен жылдан 25%-ға кем), 2005 жылы - 21,2 мың тонна жүк тасымалдады, бұл өткен жылдың көлемінен 17-ға артық (3-график)
3-график
1998-2000 жылдар аралығындағы кезеңде жүк тоннажы жалпы төмендегенімен алыс магистральдық рейстердің ұлғаюы байқалды.
Еуропалық одақтың жабдықтау жөнінде борттық жабдыққа қойылатын неғұрлым қатаң шектеулерді енгізуіне байланысты Еуропа - Қазақстан бағыттарынан қашықтығы шамалы Қазақстан - Қытай, Қазақстан - Түркия бағыттарына көшу үрдісі байқалады. Жүк тасымалы мен жүк айналымы көрсеткіштерінің өсуі Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының қосымша жүк әуе кемелерін пайдалануға енгізуіне байланысты.
1998 жылы жүк айналымы 40,7 млн. тонна-километрді (бұдан әрі - ткм), 1999 жылы - 63,6 млн. ткм құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 56%-ғa артық, 2000 жылы - 118 млн. ткм (өткен жылдан 85%-ға артық), 2001 жылы - 43,7 млн. ткм (өткен жылдан 63%-ға кем), 2002 жылы - 56,9 млн. ткм (өткен жылдан 30%-ға артық), 2003 жылы - 93,9 млн. ткм (өткен жылдан 65%-ға артық), 2004 жылы - 68,2 млн. ткм (өткен жылдан 27%-ға кем), 2005 жылы - 101,12 млн.ткм құрады, 2004 жылмен салыстырғанда ұлғаю - 48% (4-график).
4-график
2004 жылы жүк тасымалы мен жүк айналымы көрсеткіштерінің төмендеуіне Yрімші қаласында болған авиакатастрофаға байланысты мамыр-қыркүйек айларында Ил-76 әуе кемелерімен Қытайға жүк тасымалдауға тыйым салуды енгізу себеп болды.
1998 - 2004 жылдар кезеңінде авиакомпаниялар 1998 жылы 9878,4 млн. теңге, 1999 жылы 12089,4 млн. теңге, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 22%-ға артық, 2000 жылы 18339,7 млн. теңге (өткен жылдан 51%-ға артық), 2001 жылы - 26078 млн. теңге (өткен жылдан 42%-ға артық), 2002 жылы - 33274,2 млн. теңге (өткен жылдан 27%-ға артық), 2003 жылы - 36220,6 млн. теңге (өткен жылдан 8%-ға артық), 2004 жылы - 39368,6 млн. теңге кіріс алды (өткен жылдан 8%-ға артық) (5-график).
5-график
Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қаржыландырудың ішкі де сыртқы да көздері есебінен әуежайлардың негізгі өндірістік қуаттарын қайта жаңарту мен жаңғырту жүргізілді, аэронавигациялық жүйені дамыту, республиканың әуе кеңістігі мен әуежайларының транзиттік әлеуетін арттыру жөнінде шаралар қабылдануда.
Сонымен бірге, бірқатар аса маңызды міндеттер әлі де бар, олар шешілмейінше, еліміздің авиациясы Қазақстанның көлік инфрақұрылымының дербес, тәуелсіз саласы ретінде ойдағыдай жұмыс істей алмайды. Аумақтың кеңдігі мен тұрғындар тығыздығының төмендігі, сондай-ақ темір жолдар мен автомобиль жолдарының, әсіресе Батыс Қазақстанның тез дамып келе жатқан мұнайлы өңірлерінде жеткіліксіз дамуы азаматтық авиацияның дамуы үшін алғышарттар жасайды.
Авиатасымалдарға деген мұқтаждықтың жыл сайынғы өсуі, халықаралық экономикалық кеңістікке кірігу және Қазақстан халқының табысының ұлғаюы азаматтық авиацияның сапалы және қауіпсіз қызметтеріне қажеттілікті тудырады.
Ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік
2002-2004 жылдар аралығындағы кезеңдегі ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің материалдарын талдау Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар санының төмендеу үрдісін көрсетті (1-кесте).
Авиациялық оқиғалардың жалпы саны 10%-ға, авиациялық оқыс оқиғалар мен конструкторлық-өндірістік ақауларға байланысты жазатайым оқиғалар 30%-ға азайды.
Сонымен қатар авиациялық жазатайым оқиғалар мен әуе кемелерінің конструкторлық-өндірістік ақауларына байланысты жазатайым оқиғалардың саны авиациялық техниканың тозуын көрсетеді.
1-кесте
2002-2005 жылдар аралығындағы авиациялық оқиғалардың
салыстырмалы талдауы
Жылдар | Адам шығынынсыз авиациялық оқиғалар | Апаттар | Жазатайым оқиғалар | Әуе кемелерінің жердегi зақымдануы | Жиыны |
2002 | - | - | 23 | | 23 |
2003 | 1 | - | 27 | 1 | 29 |
2004 | 1 | - | 18 | 5 | 24 |
2005 | - | - | 15 | 4 | 19 |