4) магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiн бекіту;
5) магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ережелерiн бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) магистралдық темір жол желісіне кiретiн темір жолдардың тiзбесiн бекіту, сондай-ақ темір жолдарды осындай тiзбеден шығару;
7) темір жол көлiгiнiң қауiптілігi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болу және объектiлер орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темір жолдар арқылы жүру және өту ережелерiн бекіту;
8) әскери және арнаулы тасымалдарды жүзеге асыру тәртібін белгiлеу;
9) темір жол көлiгiнiң мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмiнiң, жұмыстарының, көрсетiлетiн қызметтерiнiң тiзбесiн бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде жүктердің әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережелерiн бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау;
13) ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiм қабылдау;
15) тасымалдауды шектеу туралы, Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, транзиттiк тасымалдауға тыйым салу туралы шешiм қабылдау.
16) ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) темір жол желісін және темір жол көлiгiн дамыту жөніндегі тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеу;
2) темір жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) магистралдық темір жол желісінiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
4) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау ережелерiн, техникалық пайдалану ережелерiн бекіту;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртібін белгiлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгiлеу;
8) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темір жол желісінiң, темір жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) темір жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби ерекшелiк белгiсiмен марапаттау тәртібін бекіту;
13) жүру қауiпсiздiгi талаптары бұзылуының мемлекеттік статистикалық есептілігiн жүргiзу;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15) темір жол көлiгіндегі қауiпсiздiк ережелерiн бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) экспедиторлар қызметiнiң тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметiнiң тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсыну тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарға қойылатын талаптарды айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) магистралдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) бәсекелес кiрме жолы жоқ тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) кiрме жолдардағы жұмыс ережелерiн бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оны пайдалану режимiн айқындау және жердi бөлiнген белдеуде темір жол көлiгiнiң қажетi үшiн пайдалану жөніндегі ережелердi бекіту;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) жеке және заңды тұлғалардың темір жол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттік бақылау және оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөніндегі шараларды қолдану;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) көлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік бақылау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындау жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешiмдi тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешiм қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдау жатады.
15-бап. Ұлттық темір жол компаниясы
1. Ұлттық темір жол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісі операторының функциясын орындайды.
3. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
16-бап. Тасымалдау процесiн басқару
1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiне сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2. Магистралдық темір жол желісінiң операторы техникалық пайдалану ережелеріне сай келмейтін жылжымалы құрамды магистралдық темір жол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
17-бап. Темір жол станциясы
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темір жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темір жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келісім бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темір жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темір жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Темір жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Темір жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған
жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темір жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темір жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темір жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темір жол станцияларына бөлiнген жерлер жатады.
3. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртібі
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темір жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Темір жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек
қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Темір жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
1. Темір жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен, осы Заңмен, бас келісіммен, салалық (тарифтiк) келісімдермен, жеке еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Темір жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
3. Темір жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi жұмыс режимiнiң ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Темір жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темір жол желісі операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:
1) магистралдық темір жол желісі диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;
2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темір жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
24-бап. Нысанды киім және айырым белгiлерi
Темір жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiсi бар нысанды киім берiлуге тиiс.
ҚР 08.05.03 ж. № 414-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
5-тарау. Темір жол көлігінде
жолаушыларды сақтандыру
25-бап. Жолаушыны сақтандыру
1. Тасымалдаушы жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға мiндеттi.
2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушы жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелiн мiндеттi сақтандыруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзедi.
3. Жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi мiндеттi сақтандырылған ретте жол жүру құжаты (билет) сақтандыру полисi болып табылады.
26-бап. Мiндеттi сақтандыру талаптары
1. Сақтандыру жағдайы туындаған ретте жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн нақты келтiрiлген залал мөлшерiнде сақтандыру төлемi жүзеге асырылады.
2. Тасымалдаушының сақтандырушымен жасасқан сақтандыру шарты ол жасалған күннен бастап күшiне енедi.
27-бап. Сақтандыру сыйлықақылары
Жолаушыны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын тасымалдаушы сақтандырушының пайдасына ай сайын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар тасымалынан алынған кiрiс сомасының 0,2 процентi мөлшерiнде төлейдi.
28-бап. Сақтандыру жағдайы
1. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы деп жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келтiру фактiсi танылады.
2. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарымен белгiленген нысан бойынша және тәртiппен сақтандырушының атауын және оның ең жақын орналасқан филиалының (өкiлдiгiнiң) заңды мекен-жайын мiндеттi түрде көрсете отырып, акт жасауға және актiнi жолаушыға немесе оның мұрагерлерiне, сондай-ақ сақтандырушыға тапсыруға мiндеттi.
29-бап. Сақтандыру төлемдерi
1. Сақтандырушы өзiне жолаушы немесе оның мұрагерлерi өтiнiш жасаған кезде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi, өтiнiшке тасымалдаушы жасаған акт қоса тiркелуге тиiс.
Қаза тапқан жолаушының мұрагерлерi болмаған жағдайда, сақтандырушы жерлеуге шығын шығарған адамдарға нақты шығарылған шығынының мөлшерiнде өтемақы төлейдi.
2. Жолаушының немесе оның мұрагерлерiнiң өтiнiш беру тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарымен белгiленедi.
3. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде жолаушыға немесе оның мұрагерлерiне әлеуметтiк қамтамасыз ету және ерiктi сақтандыру шарттары бойынша тиiстi сомалар есепке алынбайды.
4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiкпен жүрiп-тұру құқығын Пайдаланатын жолаушыларға (соның iшiнде жетi жасқа дейiнгi балаларға) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген актiнiң негiзiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.
5. Сақтандыру төлемi өтiнiш берiлген кезден бастап жетi банк күнi iшiнде жасалуға тиiс.
6. Сақтандыру жағдайы туындағаннан кейiнгi үш жыл iшiнде, зардап шеккен адам алған жарақаттарының салдарынан мүгедек болып қалса немесе қайтыс болса, сақтандырушы бұрын жасалған төлемдердi есепке ала отырып, төленуге тиiстi сақтандыру сомасының мөлшерiн қайта есептейдi.
6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің
жүктері мен объектілерін күзету, ерекше
жағдайларда жұмысты ұйымдастыру
30-бап. Жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, темір жол көлiгiнiң көлiк және өзге де техникалық құралдарын пайдалануды ұйымдастыру
Тасымал процесiне қатысушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, жолаушылардың жол жүруіне қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ магистралдық, станциялық және кiрме жолдармен жүру қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға мiндеттi.
Жүру қауiпсiздiгi азаматтардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымал процесiне қатысушыларының авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар туғызуға, магистралдық темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялардың зардаптарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
31-бап. Жүру қауiпсiздiгi жөніндегі негiзгi талаптар
1. Темір жолдар, темір жол станцияларының, вокзалдардың және тасымал процесiне қатысушыларының тасымалдау процесiне байланысты өзге де объектiлерiнiң аумақтары аса қауiптi аймақтар болып табылады және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес олардың белгi беретiн қоршауы болуға тиiс.
2. Темір жол көлiгiнiң объектiлерi, сондай-ақ қауiптi жүктердi өндiру, тиеу, түсiру (жүктен босату), сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер елдi мекендерден, өнеркәсiп, ауылшаруашылық кәсiпорындары мен басқа да кәсiпорындардан, жекелеген ғимараттар мен құрылыстардан уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қажеттi қашықтықта болуға тиiс.
3. Темір жолмен қиылысатын немесе оларға жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын жүргiзу және басқа құрылыстар салу мен пайдалану кезiнде белгiленген нормативтердiң сақталмағаны үшiн, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн олардың меншiк иелерi мен иеленушiлерi ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иеленушiлерi тасымал процесiне қатысушыларын және мемлекеттік көлiк бақылау органдарын жүру қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
4. Қауiптi жүктердi жөнелтiп және алып отыратын жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (соның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.
Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде туындаған авариялық жағдайлар кезiнде жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер), алушылар (жүк алушылар), тасымал процесiне қатысушылар аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Тасымалдау процесiне қатысушылар қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзғаны және олардың зардаптары үшiн (қоршаған ортаның ластануы, поездар жүрiсіндегі үзiлiстер және басқалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6. Жүру қауiпсiздiгi мен жылжымалы құрамды және темір жол көлiгiн және тасымалдау процесiмен байланысты басқа да техникалық құралдарды пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсету кезiнде оның жарамды жай-күйiн, соның iшiнде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
32-бап. Жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру
1. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ толықтырылды
2. Лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын біліктілік талаптарын айқындау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Тасымалдаушының және магистралдық темір жол желісі операторының кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктi және жүк-багажды тиеу, түсiру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кездегi тексеруге қатысу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету
1. Тасымалдаушы және магистралдық темір жол желісінiң операторы:
1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;
2) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес өздерiнiң қарауындағы темір жол көлiгi объектiлерiнiң күзетiлуiн;
3) темір жол көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарының жүргiзiлуiн және өрт сөндіруді қамтамасыз етуге мiндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде белгiленген тiзбе мен тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.
5. Темір жол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.
34-бап. Ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру