3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруға сенімгерлік басқарушы ретінде қатысу құқығымен үш айға дейінгі мерзімге уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акцияларды сенімгерлікпен басқаруға берудің негіздері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде жойылмаған кезде, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында сату жолымен осы акцияларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органның сенімгерлікпен басқаруына берілген тұлғаларға аударылады.
Акционерлер акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-2- баппен толықтырылды
53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
1) жазбаша міндеттеме талап етуді;
2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;
3) жазбаша ескерту шығаруды;
4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің жазбаша міндеттемесі орын алған кемшіліктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған кемшіліктерге және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.
Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.
4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.
5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.
6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
7. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-3- баппен толықтырылды
53-3-бап. Санкциялар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануды уәкілетті орган не сот осы Заңға сәйкес жүргізеді.
2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензияны кері қайтарып алуды;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды қолдануға құқылы.
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 54- бап өзгертілді
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) уәкiлеттi органның сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуі мен жазбаша нұсқамасын орындамаған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
3) қатарынан екi ай бойы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi табыс етпеген;
4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының , басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;
6) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара)
7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған ;
8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;
9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады;
10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауына, қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса, тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 55- бап өзгертілді
55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң лицензиясын керi қайтарып алу
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөніндегі жазбаша нұсқамасын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;
3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетi болмаған ;
6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайларда лицензияны кері қайтарып алу туралы шешім шығаруға құқылы.
1-1. Сақтандыру ұйымының лицензиясы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да кері қайтарып алынуы мүмкін.
2. Керi қайтарып алу туралы шешiмде оны керi қайтарып алудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.
3. Лицензиясы кері қайтарып алынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
4. Лицензиясы кері қайтарып алынған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертілді
56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiнiң лицензиясын қайтарып алудың зардаптары
1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiнiң лицензияларын керi қайтарып алу туралы шешiмi оны уәкілетті орган қабылдаған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензияны керi қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.
2. Лицензия керi қайтарылып алынған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
3. Лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқару органдарының өкiлеттiгi көшедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмiне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткізу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы ic материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiк тағайындалған кезеңдегi жұмыс тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.
57-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
58-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;
1-1) уәкілетті органның сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамасы мен жазбаша ескертуі орындалмаған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, актуарий қызметін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
3) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
4) актуарий осы Заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес біліктiлiк емтиханын тапсырмаған;
5) лицензияланған қызметтi сақтандыру рыногында соңғы екi жыл бойы жүзеге асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
60-бап. Актуарийдiң лицензиясын керi қайтарып алу
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
3) актуарий есептеулерiн жүргiзу барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi органнан басқасына) берiлген;
4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;
5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шығаруға құқылы.
2. Лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмде оны қайтарып алудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензия керi қайтарылып алынған болып есептеледi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 61- бап өзгертілді
61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
11-тарау. Қайта құру
2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңымен 62- бап өзгертілді
62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуы Қазақстан Республикасының тиiстi заң актілерінде көзделген тәртiппен, осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асыруға болады.
Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға ретінде өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алу үшiн өтiнiш беруге акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiз болады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;
2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көрсетiлген құжаттар табыс етiлмеген;
4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
64-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара)
12-тарау. Тарату
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату негiздерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негiздер бойынша:
1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара) 67-бап өзгертілді
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.