2. Сақтандырушы:
салдары сақтанушыға залал келтiрудi туындатқан сақтандыру жағдайының басталуы кезiнде сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша осы Заңда және мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алу үшiн агентпен сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі, талаптары және мерзiмдерi туралы шарт жасасуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды өткізу жөніндегі статистиканы жүргiзу мен жинақтауға және оны агентке оның талабы бойынша ұсынуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың өзi әзiрлеген ережелерiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсуге;
жасалған мiндеттi сақтандыру шарттары туралы ақпаратты мiндеттi сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты түпнұсқасының бiр данасын қоса тiркей отырып, сақтанушы мен агенттiң арасында жасалған үлгi шартта көзделген тәртiппен агентке ұсынуға;
сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың ережелерiмен таныстыруға;
сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
өзi қатыстырып отырған бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге мiндеттi.
3. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге құқықтары мен мiндеттерi де бар.
15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушы:
мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мiндеттi сақтандыру талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
шеккен залал туралы жасалған бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;
сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен дау айтуға;
қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiс алқабында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақтылы немесе бағалау кiрiсiн бағалаудың нәтижесiмен келiспеген жағдайда, сотқа жүгiнуге;
мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сомасын есептеп шығару үшiн осы Заңның 7-бабында көрсетiлген шығындар нормативi түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы.
2. Сақтанушы:
осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;
сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;
сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде сақтандырушыға хабарлауға;
агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;
қолайсыз табиғат құбылысы басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды белгiлеу жөнiнде комиссия құру туралы ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына өтiнiш беруге;
сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;
осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.
3. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
16-бап. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Агенттiң:
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәжiрибесiн қорытуға;
өзiнің құқықтары мен өзiне жүктелген міндеттерді іске асыру үшiн мiндеттi сақтандыруға қатысушылардан қажеттi ақпаратты, соңын iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
2. Агент:
сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың бекітілген нормативтерi туралы ақпаратты жеткізуге;
қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамында қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлетiн алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының, сақтандырушы мен бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн сатудан түскен нақтылы немесе бағалау кiрiсiн анықтау жөніндегі бiрлескен жұмысына қатысуға;
осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды алған кезден бастап, бiр ай мерзiмде өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн осы Заңда белгiленген мөлшерде өтеуге;
қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн үлгi нысанның негiзiнде сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы сақтандырушымен шарт жасасуға мiндеттi.
3. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
4. Агент сақтандырушыларға ақшаны тиiстi шартта келісілген мерзiмде, сақтандырушы сақтандыру төлемi бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушының агентпен шартының талаптарын мiндеттi түрде сақтау шартымен бөледi.
5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты
1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекiтетiн шығындар нормативтерiне сәйкес он екi ай мерзiмге, кемiнде үш дана етiп жазбаша нысанда жасалады.
3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi егiс аяқталғаннан кейiн он бес күннен кешiктiрiлмейдi.
4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;
2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
6. Сақтанушы немесе шарт өзiнiң пайдасына жасалған өзге тұлға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылады.
18-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының