Қазақстан Республикасының Заңы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы»
Осы редакция 2006 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1228 Қаулысын қара
1-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсiн:
1) кiрiстер - 1 468 225 079 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 1 302 870 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 37 692 594 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 8 185 895 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 119 476 590 мың теңге;
2) шығындар - 1 476 210 603 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -7 985 524 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 16 578 146 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 38 193 533 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 615 387 мың теңге;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 89 200 554 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 91 200 554 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсімдер -
2 000 000 мың теңге;
6) тапшылық - 113 764 224 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiмiнiң 1,4 процентi;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 113 764 224 мың теңге.
2-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай түсiмдер көзделсiн:
"Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшiн
14 605 000 мың теңге сомасында жалдау ақысы;
Әскери полигондарды Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсетiлетiн 3 492 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы, оның:
406 400 мың теңгесi ақшалай нысанда түседi;
3 086 100 мың теңгесi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 007 "Сынақ полигондарын жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ және әскери техника беру және жөндеу" және 011 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандар даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі пайдаланады.
3-бап. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке есептелетiн түсiмдердiң 2006 жылға арналған көлемдерi 2-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
4-бап. Республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мүлікті жекешелендіруден 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің көлемдері 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне:
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының "Роялти коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұдайы молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегi, сондай-ақ келісімшарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтiн тарихи шығындар сомалары;
бiрыңғай бюджеттік сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының "Әлеуметтiк салық" коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөнiндегі берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары;
"Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым жөніндегі берешек;
"Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн дизель отыны" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым жөніндегі берешек есептелетiн болып белгiленсiн.
6-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген, еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге жұмыс берушілер есептеген жәрдемақы сомаларының көрсетiлген қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептеледi.
7-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдерi
119 476 590 мың теңге, оның iшiнде:
Ақтөбе облысынан - 1 601 322 мың теңге;
Атырау облысынан - 35 621 410 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 19 439 802 мың теңге;
Алматы қаласынан - 56 507 741 мың теңге;
Астана қаласынан - 6 306 315 мың теңге сомасында көзделсін.
8-бап. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгi мөлшерi - 9 200 теңге;
2) базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 3 000 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 6 700 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 1 030 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс шамасы - 7 945 теңге мөлшерiнде белгіленсiн.
9-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте:
бала тууға байланысты он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге
4 321 800 мың теңге;
2006 жылғы 1 шiлдеден бастап бала бір жасқа толғанға дейiн оны күту үшiн төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды енгiзуге
6 339 665 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
Көрсетілген қаражат Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен бөлiнедi деп белгіленсiн.
10-бап. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 430 теңге сомасында белгіленсiн.
11-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 1997-1998 жылдар үшiн әскери қызметшiлерге сыйлықақы төлемдерiн төлеуге
388 986 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне - 147 840 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне - 190 781 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - 10 907 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына - 36 344 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына - 3 114 мың теңге қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
Әскери қызметшiлерге сыйлықақы төлемдерiн төлеу Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен көрсетiлген кезеңде олардың әскери қызметiн өткеру жерi бойынша жүргiзiледi деп белгiленсiн.
12-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға берудiң және Приозерск қаласының тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң шарттары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 100 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсiн.
13-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 153 149 590 мың теңге, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 15 958 655 мың теңге;
Алматы облысына - 17 707 954 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 17 610 210 мың теңге;
Жамбыл облысына - 17 395 854 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 8 490 201 мың теңге;
Қарағанды облысына - 5 908 832 мың теңге;
Қостанай облысына - 10 934 747 мың теңге;
Қызылорда облысына - 12 329 913 мың теңге;
Павлодар облысына - 1 617 733 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 13 367 240 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 31 828 251 мың теңге сомасында көзделсін.
14-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін оралмандардың көшіп келуiнiң 2006 жылға арналған квотасы бойынша оралмандардың тарихи отанына қоныс аударуы және келген оралмандарды әлеуметтiк қорғау үшiн 11 151 820 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
Көрсетiлген оралмандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен отбасының бiр мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен - тұрғын үймен қамтамасыз етуге, бiр отбасыға елу еселенген айлық есептік көрсеткiш есебiнен - мүлікті тасымалдауға, отбасының бiр мүшесiне он еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен көлiк шығыстарын өтеуге қаражат бөлiнедi деп белгiленсiн.
15-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мынадай мөлшерлерде:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитын студенттерге стипендиялар төлеудi қамтамасыз етуге - 1 744 097 мың теңге;
жергiлiкті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитындар үшiн жол жүруге өтемақылар төлеуге - 284 739 мың теңге;
жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға - 283 776 мың теңге;
дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға - 5 135 931 мың теңге;
жергiлiктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 200 000 мың теңге;
табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 3 600 000 мың теңге;
мұқтаж мүгедектердi арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне -
499 921 мың теңге;
қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем тарифтерiнiң көтерiлуiн өтеуге - 73 387 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердiң құнын субсидиялауға - 726 060 мың теңге;
әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға -
1 107 800 мың теңге;
көшi-қон полициясының штат санын ұлғайтуға - 332 305 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi төлеуге көзделіп келген қаражат есебiнен табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге жергілікті бюджеттерде кемiнде 2 919 000 мың теңге сомасында шығыстар көзделуге тиiс екендiгi ескерiлсiн.
Көрсетiлген сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
16-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, төтенше және ең жоғары радиациялық қауiп аймақтарында тұрып жатқан және 1949-1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс iстейтiн және жұмыс істемейтін халыққа, зейнеткерлерге және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға бiржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 973 753 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
Көрсетiлген қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бөлiнедi деп белгiленсiн.
17-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидияларға 13 649 476 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер, оның iшiнде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 1 260 034 мың теңге;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға - 1 891 109 мың теңге;
өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға - 1 815 000 мың теңге;
көктемгi егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi тауар-материалдық құндылықтарды субсидиялауға - 7 000 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су жеткiзу жөнiндегі қызметтердің құнын субсидиялауға - 683 333 мың теңге;
мал шаруашылығы өнiмдерiнің өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге көзделгенi ескерiлсiн.
Көрсетілген сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
18-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы қаласына республикалық бюджеттен берiлген мәдениет ұйымдарының 2006 жылы жұмыс iстеуiне 96 685 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделгенi ескерiлсiн.
19-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік қызметшiлерге, мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiне жалақы төлеуге 39 036 632 мың теңге, оның ішiнде:
Ақмола облысына - 2 184 252 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 1 936 002 мың теңге;
Алматы облысына - 2 897 026 мың теңге;
Атырау облысына - 1 834 337 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 3 273 279 мың теңге;
Жамбыл облысына - 2 752 117 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 1 901 808 мың теңге;
Қарағанды облысына - 3 412 648 мың теңге;
Қостанай облысына - 2 407 284 мың теңге;
Қызылорда облысына - 1 901 141 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 1 489 745 мың теңге;
Павлодар облысына - 2 066 967 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 2 215 166 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 5 679 314 мың теңге;
Алматы қаласына - 1 851 630 мың теңге;
Астана қаласына - 1 233 916 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсiн.
20-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға 12 698 755 мың теңге, оның iшiнде:
жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң бiрүлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 6 269 751 мың теңге;
жаңадан iске қосылатын білім беру объектiлерiн ұстауға -
3 541 841 мың теңге;
балалардың тамақтануын, тұруын және тестiлеу пункттерiне жеткiзiлуiн ұйымдастыруға - 102 102 мың теңге;
жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге - 500 000 мың теңге;
жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердің кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алуға және жеткiзуге - 841 705 мың теңге;
жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 460 691 мың теңге;
бастауыш кәсiптiк білiм беретiн мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 286 100 мың теңге;
облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарында педагог қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға - 503 440 мың теңге;
облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 75 000 мың теңге;
арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге - 118 125 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
Көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
21-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға 24 896 568 мың теңге, оның iшiнде:
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсiптiк орта білім беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөніндегі шығыстарды өтеуге - 77 178 мың теңге;
медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігiн арттыруға және оларды қайта даярлауға - 190 763 мың теңге;
созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезiнде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi дәрілік заттармен қамтамасыз етуге - 1 076 249 мың теңге;
амбулаториялық емдеу деңгейiнде азаматтардың жекелеген санаттарын жеңiлдiктi жағдайларда дәрілiк заттармен қамтамасыз етуге - 1 849 975 мың теңге;
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 1 703 500 мың теңге;
бастапқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен жасақтауға және жалпы практикалық дәрiгерлiк жүйенi дамытуға -
2 279 971 мың теңге;
құрылатын ақпарат-талдау орталықтарының қызметiн қамтамасыз етуге - 107 919 мың теңге;
шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшiн тест-жүйелердi сатып алуға - 10 890 мың теңге;
амбулаториялық емдеу деңгейiнде 5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуi - 517 576 мың теңге;
жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге - 925 517 мың теңге;
азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық профилактикалық тексерудi жүзеге асыруға - 4 464 056 мың теңге;
онкологиялық ұйымдарды сәулелi терапияның қазiргi заманғы аппараттарымен және рентген-диагностикалық жабдықтармен жарақтандыруды қоса алғанда, жергіліктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға -
11 692 974 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерілсін.
Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
22-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде шағын қалаларды, оның iшiнде экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға 527 000 мың теңге сомасында дамуға берілетiн нысаналы трансферттер көзделсiн.
Көрсетiлген соманы облыстық бюджеттерге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде айқындалады.
23-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне сәулет және қала құрылысы қызметi, ауыл шаруашылығы және жер ресурстарын басқару мәселелерiн мемлекеттік реттеу саласындағы жекелеген функциялар мен өкiлеттiктердiң жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына берiлуiне байланысты штат санының лимитiн ұлғайтуға -
616 582 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен -
183 929 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінен - 84 029 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнен - 348 624 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
Көрсетiлген сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
24-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қызылорда облысының облыстық бюджетіне мынадай мөлшерлерде:
Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін - 80 000 мың теңге;
Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының, Байқоңыр қаласының халқына тұрғын үй көмегiн көрсету үшiн - 186 133 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсiн.
25-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысының облыстық бюджетiне мынадай мөлшерлерде:
Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн - 50 000 мың теңге;
Шалқар ауданының халқына тұрғын үй көмегiн көрсету үшiн -
47 981 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсiн.
26-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерi тұтынушыларының электрмен тұрақты жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында энергия өндiретiн ұйым үшiн отын беру жөніндегі шығындарды өтеуге - 2 274 216 мың теңге сомасында шығыстар көзделгенi ескерiлсiн.
27-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 19 187 775 мың теңге, оның iшiнде:
ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау iсiнде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 439 936 мың теңге сомасында шығындар;
ауылдық (селолық) елдi мекендердi ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салу мен реконструкциялауға - 5 187 775 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлерде білім беру объектiлерiн салу мен реконструкциялауға - 7 500 000 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлердiң денсаулық сақтау объектілерiн салу мен реконструкциялауға - 6 060 064 мың теңге сомасында дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер көзделсін.
Көрсетiлген дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер қаражаты есебiнен 2006 жылы салынуға және реконструкциялануға тиiс ауылдық (селолық) жердің білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
28-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қалаларда білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектiлерiн салуға 5 650 000 мың теңге сомасында дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер көзделсiн.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2006 жылы қалаларда салынуға және реконструкциялануға тиiс аса маңызды білім беру және денсаулық сақтау объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
29-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мектепке дейiнгi ұйымдарды салу мен реконструкциялауға 1 000 000 мың теңге сомасында дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер көзделсін.
2006 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен салынуға және реконструкциялануға тиiс мектепке дейінгі ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
30-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттік қолдауға 1 350 171 мың теңге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын тәртiппен мыналарға байланысты iс-шараларды қаржыландыруға:
ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 197 743 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсіпорындар үшін жабдықтардың қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге 12 428 мың теңге;
өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 100 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға -
1 000 000 мың теңге;
өндiрiстi және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын басқару жүйелерiн дамытуды субсидиялауға - 40 000 мың теңге көзделсiн.
31-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 10 617 223 мың теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер көзделсiн.
32-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006 жылға арналған резервi 16 358 913 мың теңге сомасында бекітілсiн.
33-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте бұрынғы жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 578 773 мың теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне жүргізуші куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды және нөмір белгілерін жасауға - 1 370 749 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасының меншігіне шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға - 182 908 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бұрынғы жылдардың кредиторлық берешегiн өтеуге - 25 116 мың теңге көзделсiн.
34-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыруға: